14. Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алуға өтінімді қалай құруға және жіберуге болады?
Жылдық жоспардан позицияны таңдап → «Сатып алуға өтінім құру» → ұйымдастырушы ретінде Бірыңғай ұйымдастырушыны таңдау.
Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы
14. Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алуға өтінімді қалай құруға және жіберуге болады?
Жылдық жоспардан позицияны таңдап → «Сатып алуға өтінім құру» → ұйымдастырушы ретінде Бірыңғай ұйымдастырушыны таңдау.
21. Егер ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте облыс шекарасында жұмыстарды орындау орны бойынша болса, әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдіктің қанша пайызы беріледі?
Шекті сомадан төмен сатып алулар үшін, егер жеткізуші бір әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан болса, оған шартты түрде 2% жеңілдік беріледі.
20. Жұмыскердің еңбек ресурстарына қойылатын талаптағы еңбек өтілі қалай есептеледі?
Еңбек өтілі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмемен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған мәліметтермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірімен расталады.
19. Қазақстанда мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу кезінде демпингтік баға қалай анықталады?
Баға конкурсқа ұсынылған кезде сараптамадан өткен құжатқа қарағанда едәуір төмен болса, демпингтік болып саналады.
18. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімге қандай негізгі талаптар қойылады?
Өтінім веб-портал арқылы электронды түрде беріледі және құжаттар пакетін, техникалық сипаттаманы, баға ұсынысын және өтінімді қамтамасыз етуді қамтуы тиіс.
17. Конкурстық құжаттама жобасына сұрау салуды немесе ескертулерді қалай жіберуге болады?
Хабарлама жарияланғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде «Құжаттама ережелерін талқылау» қойындысы арқылы сұрау/ескертулер жіберіледі
16. Электрондық әмияннан өтінімді қамтамасыз етуді қалай енгізуге болады?
Өтінім қамтамасыз ету: бағалық ұсыныстар сұратуында – 3%, басқа тәсілдерде – 1%.
15. Шарт жасасқанға дейін жеткізушінің банктік деректемелерін өзгертуге бола ма?
Банк деректемелерін осы статусларда өзгертуге болады: «Келісуге жіберілді» және «Қол қоюда». Батырма: «Банк деректемелерін өзгерту».
13. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне(әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері(әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, қалай шағымдануға болады?
Шағымды «Қолжетімді әрекеттер» → «Шағым беру» арқылы жіберуге болады.