Қызметкерлер — Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Сапарғалиев Мерхат Балтыбекович
    Басшы

    Сапарғалиев Мерхат Балтыбекович

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Сапарғалиев М.Б. 1982 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаево ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

    Айтқұлов Айдос Болатұлы
    Басшының орынбасары

    Айтқұлов Айдос Болатұлы

    Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары

    1987 жылы туылған. 2009 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

    Бөлім

    3
    Ахмедиев Бауыржан Русланович
    Бөлім басшысы

    Ахмедиев Бауыржан Русланович

    Талдау жұмысы бөлімінің басшысы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті талдау жұмысы бөлімінің басшысы 1985 жылы 4 сәуірінде Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

    Жақып Ғабитбек Қоныспекұлы
    Бөлім басшысы

    Жақып Ғабитбек Қоныспекұлы

    Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы

    Жақып Ғабитбек Қоныспекұлы 1981 жылы 2 тамызда Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында туған. Ұлты- қазақ. Жоғары білімді. 1987-1998 жылы Жезқазған қаласында №8 мекепте оқыған. 1999-2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007-2009 жылдары Қазақстан Халықтар достығы университетін бітірген.

    Караева Асем Толеутаевна
    Бөлім басшысы

    Караева Асем Толеутаевна

    Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы

    1992 жылы дүниеге келген. 2014 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2013 жылы жеке секторда бастаған. Жалпы еңбек өтілі – 13 жыл. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінде бастаған. 2024–2026 жылдары Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік қызметін жалғастырған.