Жақып Ғабитбек Қоныспекұлы

    Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Жақып Ғабитбек Қоныспекұлы 1981 жылы 2 тамызда Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында туған. Ұлты- қазақ. Жоғары білімді. 1987-1998 жылы Жезқазған қаласында №8 мекепте оқыған.

    1999-2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007-2009 жылдары Қазақстан Халықтар достығы университетін бітірген.

    2004 жылдардан бастап Сәтбаев қаласы әкімінің аппаратында бас маман, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының қоршаған ортаны қорғау бөлімі бастығының орынбасары, Жезқазған өңірі бойынша қаржы полициясының инспекторы, Шахтапроходкалық тресті аппаратының кеңсе-менеджері, жетекші инженер, Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ Жезқазған өңірі бойынша бас маман, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті тергеп-тексеру бөлімінің бас маманы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша экология департаментінде бас маман қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінде еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері