
Сапарғалиев Мерхат Балтыбекович
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Сапарғалиев М.Б. 1982 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаево ауылында дүниеге келген.
2006 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2004 жылы Ақжайық аудандық экономика және қаржы бөлімінде іс жүргізуші болып еңбек жолын бастаған.
2005–2009 жылдары осы бөлімде жетекші маман, бас маман, статист қызметтерін атқарған.
2010–2011 жылдары Орал қалалық мәслихаты аппаратында жетекші маман болған.
2012–2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының қаржылық бақылау инспекциясында бас маман-бас бақылаушы тексеруші қызметін атқарған.
2013 жылы Орал қаласындағы №4 қалалық емханада бас экономист қызметін атқарған.
2014–2018 жылдары Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жетекші маман қызметін атқарған.
2018–2019 жылдары осы басқармада бас маман болған.
2019–2022 жылдары Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры (Ақсай қаласы) қызметін атқарған.
2022–2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарған.
2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты департаментте бас маман қызметін атқарған.
2025 жылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы болған.
2025–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінде бас сарапшы қызметін атқарған (Астана қаласы).
2026 жылғы 30 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы.
