Түркістан облысының мәдениет басқармасы

    Басқарма туралы

    «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі - Түркістан облысының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Түркістан қаласына жұмыс бабымен ауысып келіп жатқан мәдениет және өнер қызметкерлері баспанамен қамтамасыз етіле ме?

    Жауап

    Облыс орталығы Түркістан қаласына ауысуына байланысты Шымкент қаласындағы мәдениет және өнер мекемелері кезең-кезеңімен көшірілуде. Осы орайда жұмыс бабымен ауысып келген мәдениет және өнер қызметкерлерін баспанамен қамту мәселесі туындауда. Түркістан қаласынан арнайы жер бөлініп, жатақхана негізінде «Өнер үйі» салынатын болса, бұл проблеманы шешуге болады деп есептейміз.

    ·
    Сұрақ

    Ақын, жазушылар, композиторлар, өнер, басқа да шығармашылық адамдарының мерейтойлары, кездесу кештерін өткізу.

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N1465 қаулысында «Рухани мәдениеттi дамытуға, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi қайраткерлердiң, ғылым мен өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң, жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашқы жүз жылдықта - жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтiледi» делінген. Осыған байланысты, облыстағы ақын, жазушылар, композиторлар мен басқа да шығармашылық адамдарының мерейтойлары, кездесу кештеріоблыстық, аудандық, қалалық деңгейде атап өтуге болады. Алайда мемлекеттен ешқандай қаржы қаралмайды.

    ·
    Сұрақ

    Қазақ тілі графикасына латын әліпбиі енгізілуде, егер бекітілген жағдайда қалай, қайдан үйренеміз?

    Жауап

    Облыстағы әр аудан, қалада тілдерді оқытатын орталықтар жұмыс жасайды. Орталық ересек тұрғындарға тегін қазақ тілін, сондай-ақ,латын әліпбиіне негізделген қазақ тілін, орыс, ағылшын тілдерін оқытып үйретеді. Бүгінде әлеуметтік желі арқылы оқытуды қолға алған. Фейсбукте тілдерді оқыту деп жазсаңыз, барлық аудандардың парақшалары шығады. Орталықтардың мекенжайы, байланыс телефоны, оқытушының аты-жөні жазылған ақпараттар жарияланған. Сол арқылы хабарласып, тіркелуге болады.

    ·
    Сұрақ

    Тіл оқытып үйрететін мекемелер бар ма?

    Жауап

    Облыстағы әр аудан, қалада тілдерді оқытатын орталықтар жұмыс жасайды. Орталық ересек тұрғындарға тегін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытып үйретеді. Бүгінде әлеуметтік желі арқылы оқытуды қолға алған. Фейсбукте тілдерді оқыту деп жазсаңыз, барлық аудандардың парақшалары шығады. Орталықтардың мекенжайы, байланыс телефоны, оқытушының аты-жөні жазылған ақпараттар жарияланған. Сол арқылы хабарласып, тіркелуге болады.

    ·
    Сұрақ

    Мектепке атау беру үшін халықтың пікірі ескерілуі тиіс па?

    Жауап

    Объектіге, мекемелерге атау беру немесе қайта атау үшін бірінші кезекте мектеп немесе мекеме ұжымының қолдауы керек. Объектіге, мекемелерге атау беру немесе қайта атау үшін бірінші кезекте мектеп немесе мекеме ұжымының қолдауы керек. Объектіге, мекемелерге атау беру немесе қайта атау үшін бірінші кезекте мектеп немесе мекеме ұжымының қолдауы керек.

    ·
    Сұрақ

    Елді мекенге және көшеге кісі есімін беру үшін қандай құжаттар жинақталуы қажет?

    Жауап

    Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру немесе қайта атау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулыда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі.

    ·
    Хаттама

    Түркістан облысы мәдениет басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтама жобасын жария талқылау мәжілісінің хаттамасы

    Түркістан облысы мәдениет басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтама жобасын жария талқылау мәжілісінің хаттамасы №1 Түркістан қаласы 18.06.2026 ж. Қатысқандар: Түркістан облысының мәдениет басқармасы жоспарлау-қаржы бөлімінің басшысы Ж.Тастемиров, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Темірхан, басқарманың мемлекеттік қызметшілері. КҮН ТӘРТІБІНДЕ: Түркістан облысының мәдениет басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау. ТЫҢДАЛДЫ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша Ж.Тастемировтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамада басқарма қызметінің келесі бағыттары бойынша тәуекелдер қарастырылғаны атап өтілді. - бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру; - кадрлық процестерді жүзеге асыру; - мемлекеттік қызметтер көрсету; - мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру; - мемлекеттік мүлікті басқару; - ішкі бақылау рәсімдері. Талдау нәтижесінде заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталмағанымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін бірқатар факторлар белгіленді. Атап айтқанда: - кейбір процестердің ашықтығын арттыру қажеттілігі; - ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру қажеттілігі; - мүдделер қақтығысының алдын алу шараларын күшейту қажеттілігі. ТАЛҚЫЛАНДЫ Қатысушылар ішкі талдау қорытындыларын талқылап, анықталған тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар енгізді. ШЕШІМ ЕТТІ: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері назарға алынсын. Анықталған тәуекелдерді жою және олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін. Мемлекеттік сатып алулар, кадрлық рәсімдер және мемлекеттік қызметтер көрсету бағыттары бойынша бақылау шаралары күшейтілсін. Жауапты құрылымдық бөлімшелерге нақты ұсыныстар енгізу. Құжатты қайта қарап, бекітуге ұсыну. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілсін. Мәжіліс төрағасы Ж.Тастемиров Хатшы А.Аманжолова

    Жарияланды: