Тіл оқытып үйрететін мекемелер бар ма?
Облыстағы әр аудан, қалада тілдерді оқытатын орталықтар жұмыс жасайды. Орталық ересек тұрғындарға тегін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытып үйретеді. Бүгінде әлеуметтік желі арқылы оқытуды қолға алған. Фейсбукте тілдерді оқыту деп жазсаңыз, барлық аудандардың парақшалары шығады. Орталықтардың мекенжайы, байланыс телефоны, оқытушының аты-жөні жазылған ақпараттар жарияланған. Сол арқылы хабарласып, тіркелуге болады.