Түркістан облысы мәдениет басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтама жобасын жария талқылау мәжілісінің хаттамасы

    Түркістан облысының мәдениет басқармасы

    Түркістан облысы мәдениет басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтама жобасын жария талқылау мәжілісінің хаттамасы

    №1

    Түркістан қаласы 18.06.2026 ж.

    Қатысқандар: Түркістан облысының мәдениет басқармасы жоспарлау-қаржы бөлімінің басшысы Ж.Тастемиров, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Темірхан, басқарманың мемлекеттік қызметшілері.

    КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

    Түркістан облысының мәдениет басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қарау және талқылау.

    ТЫҢДАЛДЫ

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша Ж.Тастемировтың баяндамасы тыңдалды.

    Баяндамада басқарма қызметінің келесі бағыттары бойынша тәуекелдер қарастырылғаны атап өтілді.

    - бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру;

    - кадрлық процестерді жүзеге асыру;

    - мемлекеттік қызметтер көрсету;

    - мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру;

    - мемлекеттік мүлікті басқару;

    - ішкі бақылау рәсімдері.

    Талдау нәтижесінде заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталмағанымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін бірқатар факторлар белгіленді. Атап айтқанда:

    - кейбір процестердің ашықтығын арттыру қажеттілігі;

    - ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру қажеттілігі;

    - мүдделер қақтығысының алдын алу шараларын күшейту қажеттілігі.

    ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Қатысушылар ішкі талдау қорытындыларын талқылап, анықталған тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар енгізді.

    ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері назарға алынсын.
    2. Анықталған тәуекелдерді жою және олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.
    3. Мемлекеттік сатып алулар, кадрлық рәсімдер және мемлекеттік қызметтер көрсету бағыттары бойынша бақылау шаралары күшейтілсін.
    4. Жауапты құрылымдық бөлімшелерге нақты ұсыныстар енгізу.
    5. Құжатты қайта қарап, бекітуге ұсыну.
    6. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілсін.

    Мәжіліс төрағасы Ж.Тастемиров

    Хатшы А.Аманжолова

    Жүктеу

    PDF · 5,1 МБ
    Жүктеу