Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы

    Басқарма туралы

    «Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік пен сауданы дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік сауда саясатты жүргізуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

    Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына арнаулы комиссияның қарауына https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады. Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес бекітілген (https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru көрсетілген), басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс. Өтінім берілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталығы, «Басқармалар үйі» ғимараты, 4-қабат, кабинет №438. Электрондық пошта мекенжайы: [email protected]; Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-79; Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2026 жылдың «1» қыркүйегінен «15» қыркүйегіне дейінгі жұмыс күндері сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін (жергілікті уақыт); Осы хабарландырумен және құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru сайтта танысуға болады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының сыбайлас жемқорлық ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау бойынша тәуекелдеріне ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының2025 жылдың қарашасынан - 2026 жылғы маусым аралығында атқарғанжұмыстары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау(бұдан әрі -Ішкі талдау) жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге негіздеме:Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»18.11.2015ж. Заңының 8-бабының 5-тармағы;ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігі төрағасының 19.10.2016ж «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкіталдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығы;ҚР Үкіметінің 31.05.2021 ж. №358 қаулысымен бекітілген жобалықбасқаруды жүзеге асыру қағидаларының 56-тармағына сәйкес, әрбір мемлекеттікорганда мемлекеттік басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге бағытталған үлгілікбазалық бағыттың төртінші блогы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жәнеқарсы іс-қимыл» (бұдан әрі - №4 ҮББ) іске асыру мақсатында Түркістан облысыәкімі аппарат басшысының орынбасары А. Тоғызбаевтың бекіткен сыбайласжемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесі.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:1. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінанықтау (құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтаржасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларайқындалады);2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлықтәуекелдерін анықтау. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылыққызметі:1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінешалдыққан лауазымдарды айқындау;2) мүдделер қақтығысын реттеу;3) мемлекеттік қызметтер көрсету;4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінентуындайтын өзге де мәселелер.1. Талдамалық анықтама:«Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» (бұдан әрі -Басқарма) мемлекеттік мекемесінің Ережесі облыс әкімінің 30.05.2025 жылғы№125 қаулысымен 30.06.2025 ж. Әділет департаментінде тіркелді. БасқармаЕрежесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар менолардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбірмәселелері туралы» 01.09.2021 ж. №590 қаулысына сәйкес типтік формасынасәйкестендіріп әзірленген.Басқарма ережесіне сәйкес, облыстың әлеуметтік экономикалық дамубасымдықтарын қалыптастыруға және қол жеткізуге ықпал ететін, мемлекеттікжоспарлау жүйесін іске асыру саласында қызмет етеді.Басқарманың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде жәнеережесінде сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететіндискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пеннормалар анықталмады.Басқармада облыс әкімімен және басқарма басшысымен қабылданатынбарлық құқықтық актілерге мониторинг тұрақты жүргізілуде.Басқарма бойынша 2025 жылы басқармасы басшысымен 11.11.2025 -31.12.2025 жж аралығында қабылданған актілер жеке құрам бойынша - 15бұйрық, негізгі құрам бойынша 11 бұйрықты құраған. 01.01.2026 - 26.06.2026жж аралығында қабылданған актілер жеке құрам бойынша - 97 бұйрық, негізгіқұрам бойынша - 14 бұйрықты құраған2025 жыл қарашасынан 2026 жылдың маусым айларында БасқармағаЖоғары тұрған органдардан (ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Премьер-Министрікеңсесі, Министрлктер мен комитеттер) 253 Д-дирорд хаттар келіп түскен.Одан бөлек, Басқармаға келіп түскен кіріс хаттар саны - 705, шығыс хаттар саны1 410 құраған.Сондай-ақ, «E-Otinish» АҚ жүйесі арқылы 230 жеке және заңдытұлғалардың өтініші түскен. Өтініштер ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестікКодексіне сәйкес жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл мәселелері қозғалмаған.2...Басқармада ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінежүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша атқарылғанжұмыстар:Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы №106 қаулысынасәйкес, Басқарма 2 (екі) бөлімнен құрылды (сауда бөлімі 5 бірлік, кәсіпкерліктідамыту болімі - 6 бірлік, басқарманың бас маманы (есепші) - 1 бірлік,басқарманың бас маманы (кеңсе) - 1 бірлік және 1 бірлік басқарма басшысыныңорынбасары). Болып бекітілді.Басқармада нақты 15 бірлік мемлекеттік қызметшілер және еңбек шартынегізінде 7 бірлік қызметші (техникалық персонал) жұмыстарын атқаруда.Басқарма бойынша мемлекеттік қызметші жұмыстан шығар алдын «шығусұхбатын» (анкета) міндетті түрде толтырадыБасқарманың мемлекеттік қызметшілері қолданыстағы заңнамаға сәйкесбелгіленген мерзімде жыл сайынғы кіріс пен мүлік туралы декларацияларымерзімінде тапсырды. Сонымен қатар, заңға сәйкес тиісті шектеулерқабылданған.Басқармада мемлекеттік қызметшілердің және басқармаға бағыныстымекеменің қызметшілері қызметіне кір келтіретін тәртіптік теріс қылықжасағандар, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар және мемлекеттікқызметтен жағымсыз себептермен босатылғандар жоқ (ҚР Бас ПрокуратурасыҚСЖАЕК «Ақпараттық қызмет»анықтамаларына сәйкес мәлімет).жүйесімен қалыптастырылғанПерсоналға қатысты шығарылған бұйрықтар (қабылдау, ауысу тәртібі,еңбек демалысы, еңбек демалысынан кері шақырту, ақысыз демалысы, іccanap)Заң талаптарына сәйкес әзірленген, құқық бұзушылық белгілері анықталмады.1) Мудделер қақтығысын реттеу.Басқармада қызметшілер арасында өзінің жеке мүддесі үшін қызмет бабынпайдаланып біреуге ықпал жасау әрекеттері анықталмады. Басқармақызметшілері арасында бір-біріне туыстығы жоқ. Басқармада ерлі-зайыптылармен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары анықталмады.Атқарылған жұмыстар барысында бөлімдердің қызметін қозғайтыннормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықжасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар, мүдделерқақтығысы анықталмады.Басқарма қызметшілерінің арасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатындаржок.2) мемлекеттік қызметтер көрсету.Басқарма жалпы 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда,Басқарманың кәсіпкерлікті дамыту бөлімі - 6 бірліктен құрайтын бөлім1 мемлекеттік қызмет көрсетеді.ЖЫЛҒЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 202417 қыркүйектегі «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шараларытуралы» № 754 қаулысына (әрі қарай - Ереже) сәйкес Әлеуметтік кәсіпкерліксубъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру.Түркістан облысы әкімі аппаратының «Ашық әкімдік» азаматтардыңқоғамдық қабылдауы фронт-кеңсесінде жауапты маман бекітіліп, келгеназаматтарға көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Ережеге сәйкес, конкурстық комиссия отырысын онлайн және офлайнформатында өткізу мүмкіндігі берілген. Комиссия отырысы офлайн форматтаөткізілген жағдайда барлық комиссия мүшелері және грантқа үміткерлер бірорынға топтасады. Бұл жәйт, конкурстық комиссия мүшелерінің бір біріменымдасу, сыбырласу және басқа да белгілер арқылы бірлесіп ортақ шешімқабылдауы тәуекелін туғызуы мүмкін.Сонымен қатар, конкурстық комиссия отырысы барысында немесе оныңсоңында комиссия мүшелерінің отырыс барысында дәлізге шыққан уақытынданемесе отырыстан кейін сырт жерде тосып, жеке кездесуі үшін кәсіпкерлергемүмкіндік туғызады. Бірақ, қазіргі уақытқа дейін конкурсты толығымен онлайнформатқа өткізбеудің бірден бір себебі, облыс аумағындағы интернет сапасыныңтөмендігі болып табылады. Яғни, алыс орналасқан ауылдық елді мекендерденқатысушы кәсіпкерлік субъектілерінің өз жобасын теңдей дәрежеде қорғауынамүмкіндігі болмауы қауіпі.Басқарманың қалған бөлімдері бойынша ақпарат:Басқарманың сауда бөлімі 5 бірліктен құрайтын мемлекеттік қызметшілерәлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізеді.Статистиканың мәліметіне сәйкес аналитикалық ақпарат дайындайды.Азық-түлік тауарларының бүкіл баға белгілеу тізбегі бойынша делдалдыксхемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның отырыстарына материалдарұсынады, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.Тиімсіз делдалдарды анықтау және алып тастау, сондай-ақ азық-түліктауарларының барлық баға белгілеу тізбегі бойынша делдалдық схемалардытексеру жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды.Облыс халқын қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге бағытталған сатукөрмелеріне, ұйымдар жәрмеңкелеріне қатысады, Тұрақтандыру қорыменбірлесіп өндірушілерде ӘМАТ қорларының болуына мониторингті жүзегеасырады. Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасын белгіленгенмерзімде іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдайды, аудан,қалалардағы сауда базарларының жұмысын ұйымдастыру алгоритміне сәйкесжұмыс жүргізеді және шаралар қабылдайды.Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі болып: Біріншісі, жанар жағармайтапшылығының алдын-алу шараларын қабылдау үшін облыс көлемінде Жұмыстобы құрылған.Жұмыс тобының құрамында Бәсекелестікті қорғау және дамыту,Мемлекеттік кірістер, Экономикалық тергеп тексеру, Полиция департаменттеріжәне Көліктік бақылау инспекция өкілдері бар.Жоспарланған бақылау іс-шаралары туралы тасымалдаушыларды заңсызхабардар ету тәуекелі бар.Жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) тасымалдауды мониторингтеу,бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардыңлауазымды тұлғаларының қызметтік пайдалануға арналған, шектеулітаратылатын ақпаратты нарықтың жекелеген қатысушыларына заңсыз берумүмкіндігі.Мұндай ақпаратты алу жосықсыз тасымалдаушыларға тексеруге алдын аладайындалуға, заңсыз қызметін уақытша тоқтатуға немесе құқы ұқықбұзушылыктардың анықталуын болдырмау мақсатында тасымалдау бағыттарынөзгертуге мүмкіндік береді.1) Тасымалдаушыларға бақылау іс-шараларын өткізу күні, уақыты жәнеорны туралы ақпарат беру;2) Патрульдеу бағыттары, бақылау нүктелері және тексеру алгоритмдерітуралы ақпарат ұсыну;3) Тасымалдаушыларға ЖЖМ-ге арналған құжаттардың болмауын, отынкөлемдерінің сәйкессіздігін немесе мұнай өнімдерінің шығу тегін жасыруғажәрдемдесу;4) Нақты тасымалдаушылардың немесе ЖЖМ жеткізушілерінің мүдделерінқорғау үшін қызметтік жағдайын пайдалану.Ұсыным:Жанар жағармай тасымалдау кезінде тасымалдаушыларғажоспарланған бақылау іс-шаралары туралы заңсыз ақпарат беру сыбайласжемқорлық тәуекелін жою. Келесі ұсынымдарды іске асыру ұсынылады1. Жоспарланған бақылау іс-шаралары туралы ақпаратқа қол жеткізе алатынтұлғалар шеңберін шектеу.2. Қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті электрондық түрде есепке алуды жүргізу.3. Мүдделі тұлғалардың қатысуынсыз бақылау маршруттары мен объектілерін автоматтандырылған түрде қалыптастыру.4. Ақпараттың таралу фактілері анықталған жағдайда қызметтік тексерулержүргізу;5. Бақылау функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлерді ротациялау;6. Қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға беру үшін жауапкершілікті күшейту.Екіншісі, Жанар-жағармай құю бекеттерінен келіп түсетін мәліметтердің(мұнай өнімдерінің қорлары және бағалары бойынша) толық әрі нақты болмауы.Мұнай өнімдерінің тапшылығының алдын алу және шетелге заңсызтасымалдауды болдырмау мақсатында, тұрақты түрде арнайы мемлекеттікоргандармен бірлесе рейдтік іс шара жүргізілуде.Рейдтік іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін жанар-жағармайбекеттеріндегі нақты қор көлемдері мен бағалары туралы деректердің уақтылыжаңартылуы маңызды. Осы мақсатта деректерді күнделікті автоматтандырылғантүрде өзектендіру жүйесін енгізу қажет, бұл бақылау іс-шараларын нақтыақпарат негізінде жүргізуге және анықталған тәуекелдерге жедел ден қоюғамүмкіндік береді.Ұсыным:Нақты және өзекті ақпаратқа қол жеткізу мақсатында «Ұлттық ақпараттықтехнологиялар» АҚ-на (АО «НИТ») Smart Data Ukimet платформасына рұқсатберу құқығын беру мәселесі бойынша ресми хат жолданды.3) Басқармада және бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында бақылау-тексеруфункциялары іске асырылмайды, құзіреттілігіне жатпайды.4) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу. «Түркістаноблысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесіне2025 жылға жалпы 3 511 894,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді. Жоспар100% орындалды.Атап айтқанда: 278 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және сауданыдамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»бюджеттік бағдарламасы бойынша 15 әкімшілік мемлекеттік қызметшілердіңштаттық бірліктерін және 7 техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жәнемемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметшілердің штаттық бірліктерінұстауға және іссапар шығындарына 149 280,0 мың теңге қаржы қаралып,игерілді.278 004 «Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» бюджеттік бағдарламасыбойынша 84 970,0 мың теңгеге 17 жоба қаржыландырылды.278 006 «Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша пайыздықмөлшерлемелерді субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 822 302,0мың теңгеге 650 жоба қаржыландырылды.278 007 «Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін ішінара кепілдендіру»бюджеттік бағдарламасы бойынша 208 159,0 мың теңгеге 62 жобақаржыландырылды.278 008 «Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» бюджеттік бағдарламасыбойынша Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының<<<TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдықмемлекеттік мекемесінің қызмет көрсетуді жүзеге асыратын 62 қызметкердіңбірліктерін ұстауға, біліктіліктерін арттыруға, жабдықтарды ағымдағы жөндеуге229 166,0 мың теңге қаржы қаралып, игерілді.278 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер менұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша жекекәсіпкерлік субъектілернің қызметін қолдау үшін, қызметкерлердіңматериалдық-техникалық базасын жақсарту мақсаттарына 18 018,0 мың теңге53-моноблок, 5-ноутбук, МФУ-1, принтер-18 сатып алынды.)Басқарманың мемлекеттік қызметшілері және техникалық қызметкерлержалақысы және салық төлемдері дер кезінде төлемдер жүргізіледі.Мемлекеттік сатып алу портал арқылы басқармаға керекті кеңсе тауарларыжәне мемлекеттік гранттар kezekte.kz веб-порталы (2023 жылдан бастапқолданысқа енді) - қызметі арқылы жүзеге асырылды, қызметкерлердіңбіліктілігін артыру ақылы оқу курсы, 1С бағдарламасын сүйемелдеу жаңартуқызметтері қолданады. Қазақстан Республикасының Түркістан облысыныңкәсіпкерлік және сауда басқармасының 2025 жылы 3,5 млрд тг қаралып, 100%қаржы толығымен, уақытылы игерілді (мемлекеттік бағдарламаларды орындау,кеңсе заттары, іс сапар шығындары, мемлекеттік қызметшілер жалақысы,техникалык персоналдар жалақысы т.б).5) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.Ережеге сәйкес, облыс аумағында жергілікті және Республикалықбюджеттен кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелер және мемлекеттікгранттар ұсынылуы негізде, заңды тұлғалармен кредиттік келісім шарттаржасалады.Сонымен қатар, Ереже негізінде ұсынылатын мемлекеттік гранттарбойынша жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік гранттарды ұсыну бойыншакелісім шарттар жасалады. Заң аясында жасалған келісім шарттарда құқықбұзушылық белгілері анықталмады.6) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.Ережеге сәйкес, мемлекеттік гранттар kezekte.kz веб-порталы арқылыжүзеге асырылады.Басқарма бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау фактілеріанықталмады. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды болдырмаужәне алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары бойынша жиналыстар тұрақтытүрде өткізіледі. Басқармада мемлекеттік қызмет заңнамасының және әдепнормаларының талаптары қатаң сақталған.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы және орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі

    Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының 2025 жылғы «26 » желтоқсандағы № 19 н/қ бұйрығына №1 қосымша Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы және орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі № Аты-жөні Лауазымы Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты Жұмыс телефоны 1. Мырзахметов Нуржигит Назарбекович Басқарма басшысы Әр аптаның бейсенбі күндері сағат: 15:00-17:00 8 (72533) 5-93-65 2. Көшкінбай Самат Жандарұлы Басқарма басшысының орынбасары Әр аптаның сәрсенбі күндері cағат 17:00-19:00 8 (72533) 5-93-65

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    № Меморган Жиі қойылатын сұрақ Қысқаша жауап Толық жауап НҚА-ға сілтеме Кілт сөздер және хештегтер 1 «Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ Кәсіпкерлік бастаманы қолдау, жұмыс істеп тұрған кәсіпті қолдау және кеңейту үшін қандай мемлекеттік жеңілдетілген қаржылай қолдау бағдарламалары бар? Қолданыстағы мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде келесідей қолдау түрлері көзделген: - кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және инфрақұрылымдық қолдау; - жеңілдетілген несие; - мемлекеттік гранттар беру. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау, жұмыс істеп тұрған кәсіпті қолдау және кеңейтуді қаржылай қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» №1176 қаулысына сәйкес шағын бизнес субъектілерінің жобаларына кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және инфрақұрылымдық қолдаулар көрсетіледі. Анықтама: - несие сомасы 200 млн. тг. дейін; - кәсіпкерлер төлейтін мөлшерлеме 13,2%-ды құрайды; - субсидия мерзімі 3 (үш) жылға дейін. Сонымен қатар, өткен жылдың шілде айынан кәсіпкерлер үшін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несиелер 7 млрд. теңгеге дейін, 12,6%-бен 10 жыл мерзімге дейін беріледі. Бұл Бағдарламада пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделмеген, тікелей жеңілдетілген несие ретінде ұсынылады. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» № 754 қаулысына сәйкес «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары» (Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ P2400000754#z2383) бекітілген. Қағидаға сәйкес, Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатыса алады. Аталған мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану тәртібін толық түсіндіру, қажетті құжаттарды рәсімдеу, бизнес жоспар әзірлеу, бизнес жоспарды қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу мақсатында «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі (әрі қарай - Мекеме) кәсіпкерлерге ақысыз негізде қызмет көрсетеді. Мекеменің барлық аудан және қала аумағында филиалдары бар. «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 1176 қаулысы «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, инфрақұрылымдық қолдау, жеңілдетілген несие, мемлекеттік грант 2 «Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін қалай алуға болады. Облыстық дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 сәйкес тоқсан сайын арнаулы комиссияның отырыстары ұйымдастырылады. Облыстық дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығына (әрі қарай - Қағида) сәйкес тоқсан сайын арнаулы комиссияның отырыстары ұйымдастырылады. Қағидада, кәсіпкерлердің қоғамның әлеуметтік осал топ азаматтарына атқаратын қызметтерін 4 санатқа қарастырып өткен. Атап айтсақ: - қызметкерлерінің 50% әлеуметтік осал топ азаматтарынан болған кәсіпкерлік нысан; - әлеуметтік осал топ азаматтары өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін кәсіпкерлік нысан; - әлеуметтік осал топ азаматтарына тең мүмкіндіктер жасау мақсатында арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік нысан; - ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер және қоғамда басқа да мәдени-ағартушылық, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау сынды қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік нысандар. «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығы Әлеуметтік кәсіпкер

    Жарияланды: