Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

    Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы

    Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына арнаулы комиссияның қарауына https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.

    Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес бекітілген (https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru көрсетілген), басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.

    Өтінім берілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталығы, «Басқармалар үйі» ғимараты, 4-қабат, кабинет №438.

    Электрондық пошта мекенжайы: [email protected];

    Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-79;

    Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2026 жылдың «1» қыркүйегінен
    «15» қыркүйегіне дейінгі жұмыс күндері сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін (жергілікті уақыт);

    Осы хабарландырумен және құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru сайтта танысуға болады.

    Жүктеу
    3a46d8cd1f0f6de23635fdb929df24d6_original.14961.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының сыбайлас жемқорлық ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау бойынша тәуекелдеріне ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

    Ақпарат

    Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының2025 жылдың қарашасынан - 2026 жылғы маусым аралығында атқарғанжұмыстары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау(бұдан әрі -Ішкі талдау) жүргізілді.Сыбайл...

    Ақпарат

    Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы және орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі

    Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының 2025 жылғы «26 » желтоқсандағы № 19 н/қ бұйрығына №1 қосымша Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы және орынбасарының азаматтарды қабыл...

    Ақпарат

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    № Меморган Жиі қойылатын сұрақ Қысқаша жауап Толық жауап НҚА-ға сілтеме Кілт сөздер және хештегтер 1 «Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ Кәсіпкерлік бастаманы қолдау, жұмыс істеп тұрған кәсіпті қолдау және ке...