Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының
2025 жылдың қарашасынан - 2026 жылғы маусым аралығында атқарған
жұмыстары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
(бұдан әрі -Ішкі талдау) жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге негіздеме:
Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
18.11.2015ж. Заңының 8-бабының 5-тармағы;
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі төрағасының 19.10.2016ж «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығы;
ҚР Үкіметінің 31.05.2021 ж. №358 қаулысымен бекітілген жобалық
басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 56-тармағына сәйкес, әрбір мемлекеттік
органда мемлекеттік басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге бағытталған үлгілік
базалық бағыттың төртінші блогы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және
қарсы іс-қимыл» (бұдан әрі - №4 ҮББ) іске асыру мақсатында Түркістан облысы
әкімі аппарат басшысының орынбасары А. Тоғызбаевтың бекіткен сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
1. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
анықтау (құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар
айқындалады);
2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін анықтау. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық
қызметі:
1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
шалдыққан лауазымдарды айқындау;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен
туындайтын өзге де мәселелер.
1. Талдамалық анықтама:
«Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» (бұдан әрі -
Басқарма) мемлекеттік мекемесінің Ережесі облыс әкімінің 30.05.2025 жылғы
№125 қаулысымен 30.06.2025 ж. Әділет департаментінде тіркелді. Басқарма
Ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен
олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір
мәселелері туралы» 01.09.2021 ж. №590 қаулысына сәйкес типтік формасына
сәйкестендіріп әзірленген.
Басқарма ережесіне сәйкес, облыстың әлеуметтік экономикалық даму
басымдықтарын қалыптастыруға және қол жеткізуге ықпал ететін, мемлекеттік
жоспарлау жүйесін іске асыру саласында қызмет етеді.
Басқарманың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде және
ережесінде сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін
дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен
нормалар анықталмады.
Басқармада облыс әкімімен және басқарма басшысымен қабылданатын
барлық құқықтық актілерге мониторинг тұрақты жүргізілуде.
Басқарма бойынша 2025 жылы басқармасы басшысымен 11.11.2025 -
31.12.2025 жж аралығында қабылданған актілер жеке құрам бойынша - 15
бұйрық, негізгі құрам бойынша 11 бұйрықты құраған. 01.01.2026 - 26.06.2026
жж аралығында қабылданған актілер жеке құрам бойынша - 97 бұйрық, негізгі
құрам бойынша - 14 бұйрықты құраған
2025 жыл қарашасынан 2026 жылдың маусым айларында Басқармаға
Жоғары тұрған органдардан (ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Премьер-Министрі
кеңсесі, Министрлктер мен комитеттер) 253 Д-дирорд хаттар келіп түскен.
Одан бөлек, Басқармаға келіп түскен кіріс хаттар саны - 705, шығыс хаттар саны1 410 құраған.
Сондай-ақ, «E-Otinish» АҚ жүйесі арқылы 230 жеке және заңды
тұлғалардың өтініші түскен. Өтініштер ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік
Кодексіне сәйкес жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалмаған.
2...Басқармада ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне
жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша атқарылған
жұмыстар:
Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы №106 қаулысына
сәйкес, Басқарма 2 (екі) бөлімнен құрылды (сауда бөлімі 5 бірлік, кәсіпкерлікті
дамыту болімі - 6 бірлік, басқарманың бас маманы (есепші) - 1 бірлік,
басқарманың бас маманы (кеңсе) - 1 бірлік және 1 бірлік басқарма басшысының
орынбасары). Болып бекітілді.
Басқармада нақты 15 бірлік мемлекеттік қызметшілер және еңбек шарты
негізінде 7 бірлік қызметші (техникалық персонал) жұмыстарын атқаруда.
Басқарма бойынша мемлекеттік қызметші жұмыстан шығар алдын «шығу
сұхбатын» (анкета) міндетті түрде толтырады
Басқарманың мемлекеттік қызметшілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес
белгіленген мерзімде жыл сайынғы кіріс пен мүлік туралы декларациялары
мерзімінде тапсырды. Сонымен қатар, заңға сәйкес тиісті шектеулер
қабылданған.
Басқармада мемлекеттік қызметшілердің және басқармаға бағынысты
мекеменің қызметшілері қызметіне кір келтіретін тәртіптік теріс қылық
жасағандар, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар және мемлекеттік
қызметтен жағымсыз себептермен босатылғандар жоқ (ҚР Бас Прокуратурасы
ҚСЖАЕК «Ақпараттық қызмет»
анықтамаларына сәйкес мәлімет).
жүйесімен қалыптастырылған
Персоналға қатысты шығарылған бұйрықтар (қабылдау, ауысу тәртібі,
еңбек демалысы, еңбек демалысынан кері шақырту, ақысыз демалысы, іccanap)
Заң талаптарына сәйкес әзірленген, құқық бұзушылық белгілері анықталмады.
1) Мудделер қақтығысын реттеу.
Басқармада қызметшілер арасында өзінің жеке мүддесі үшін қызмет бабын
пайдаланып біреуге ықпал жасау әрекеттері анықталмады. Басқарма
қызметшілері арасында бір-біріне туыстығы жоқ. Басқармада ерлі-зайыптылар
мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары анықталмады.
Атқарылған жұмыстар барысында бөлімдердің қызметін қозғайтын
нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар, мүдделер
қақтығысы анықталмады.
Басқарма қызметшілерінің арасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатындар
жок.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету.
Басқарма жалпы 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда,
Басқарманың кәсіпкерлікті дамыту бөлімі - 6 бірліктен құрайтын бөлім
1 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
ЖЫЛҒЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024
17 қыркүйектегі «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары
туралы» № 754 қаулысына (әрі қарай - Ереже) сәйкес Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру.
Түркістан облысы әкімі аппаратының «Ашық әкімдік» азаматтардың
қоғамдық қабылдауы фронт-кеңсесінде жауапты маман бекітіліп, келген
азаматтарға көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Ережеге сәйкес, конкурстық комиссия отырысын онлайн және офлайн
форматында өткізу мүмкіндігі берілген. Комиссия отырысы офлайн форматта
өткізілген жағдайда барлық комиссия мүшелері және грантқа үміткерлер бір
орынға топтасады. Бұл жәйт, конкурстық комиссия мүшелерінің бір бірімен
ымдасу, сыбырласу және басқа да белгілер арқылы бірлесіп ортақ шешім
қабылдауы тәуекелін туғызуы мүмкін.
Сонымен қатар, конкурстық комиссия отырысы барысында немесе оның
соңында комиссия мүшелерінің отырыс барысында дәлізге шыққан уақытында
немесе отырыстан кейін сырт жерде тосып, жеке кездесуі үшін кәсіпкерлерге
мүмкіндік туғызады. Бірақ, қазіргі уақытқа дейін конкурсты толығымен онлайн
форматқа өткізбеудің бірден бір себебі, облыс аумағындағы интернет сапасының
төмендігі болып табылады. Яғни, алыс орналасқан ауылдық елді мекендерден
қатысушы кәсіпкерлік субъектілерінің өз жобасын теңдей дәрежеде қорғауына
мүмкіндігі болмауы қауіпі.
Басқарманың қалған бөлімдері бойынша ақпарат:
Басқарманың сауда бөлімі 5 бірліктен құрайтын мемлекеттік қызметшілер
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізеді.
Статистиканың мәліметіне сәйкес аналитикалық ақпарат дайындайды.
Азық-түлік тауарларының бүкіл баға белгілеу тізбегі бойынша делдалдык
схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның отырыстарына материалдар
ұсынады, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.
Тиімсіз делдалдарды анықтау және алып тастау, сондай-ақ азық-түлік
тауарларының барлық баға белгілеу тізбегі бойынша делдалдық схемаларды
тексеру жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды.
Облыс халқын қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге бағытталған сату
көрмелеріне, ұйымдар жәрмеңкелеріне қатысады, Тұрақтандыру қорымен
бірлесіп өндірушілерде ӘМАТ қорларының болуына мониторингті жүзеге
асырады. Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасын белгіленген
мерзімде іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдайды, аудан,
қалалардағы сауда базарларының жұмысын ұйымдастыру алгоритміне сәйкес
жұмыс жүргізеді және шаралар қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі болып: Біріншісі, жанар жағармай
тапшылығының алдын-алу шараларын қабылдау үшін облыс көлемінде Жұмыс
тобы құрылған.
Жұмыс тобының құрамында Бәсекелестікті қорғау және дамыту,
Мемлекеттік кірістер, Экономикалық тергеп тексеру, Полиция департаменттері
және Көліктік бақылау инспекция өкілдері бар.
Жоспарланған бақылау іс-шаралары туралы тасымалдаушыларды заңсыз
хабардар ету тәуекелі бар.
Жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) тасымалдауды мониторингтеу,
бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың
лауазымды тұлғаларының қызметтік пайдалануға арналған, шектеулі
таратылатын ақпаратты нарықтың жекелеген қатысушыларына заңсыз беру
мүмкіндігі.
Мұндай ақпаратты алу жосықсыз тасымалдаушыларға тексеруге алдын ала
дайындалуға, заңсыз қызметін уақытша тоқтатуға немесе құқы ұқық
бұзушылыктардың анықталуын болдырмау мақсатында тасымалдау бағыттарын
өзгертуге мүмкіндік береді.
1) Тасымалдаушыларға бақылау іс-шараларын өткізу күні, уақыты және
орны туралы ақпарат беру;
2) Патрульдеу бағыттары, бақылау нүктелері және тексеру алгоритмдері
туралы ақпарат ұсыну;
3) Тасымалдаушыларға ЖЖМ-ге арналған құжаттардың болмауын, отын
көлемдерінің сәйкессіздігін немесе мұнай өнімдерінің шығу тегін жасыруға
жәрдемдесу;
4) Нақты тасымалдаушылардың немесе ЖЖМ жеткізушілерінің мүдделерін
қорғау үшін қызметтік жағдайын пайдалану.
Ұсыным:
Жанар жағармай тасымалдау кезінде тасымалдаушыларға
жоспарланған бақылау іс-шаралары туралы заңсыз ақпарат беру сыбайлас
жемқорлық тәуекелін жою. Келесі ұсынымдарды іске асыру ұсынылады
1. Жоспарланған бақылау іс-шаралары туралы ақпаратқа қол жеткізе алатын
тұлғалар шеңберін шектеу.
2. Қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті электрондық түрде есепке алуды жүргізу.
3. Мүдделі тұлғалардың қатысуынсыз бақылау маршруттары мен объектілерін автоматтандырылған түрде қалыптастыру.
4. Ақпараттың таралу фактілері анықталған жағдайда қызметтік тексерулер
жүргізу;
5. Бақылау функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлерді ротациялау;
6. Қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға беру үшін жауапкершілікті күшейту.
Екіншісі, Жанар-жағармай құю бекеттерінен келіп түсетін мәліметтердің
(мұнай өнімдерінің қорлары және бағалары бойынша) толық әрі нақты болмауы.
Мұнай өнімдерінің тапшылығының алдын алу және шетелге заңсыз
тасымалдауды болдырмау мақсатында, тұрақты түрде арнайы мемлекеттік
органдармен бірлесе рейдтік іс шара жүргізілуде.
Рейдтік іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін жанар-жағармай
бекеттеріндегі нақты қор көлемдері мен бағалары туралы деректердің уақтылы
жаңартылуы маңызды. Осы мақсатта деректерді күнделікті автоматтандырылған
түрде өзектендіру жүйесін енгізу қажет, бұл бақылау іс-шараларын нақты
ақпарат негізінде жүргізуге және анықталған тәуекелдерге жедел ден қоюға
мүмкіндік береді.
Ұсыным:
Нақты және өзекті ақпаратқа қол жеткізу мақсатында «Ұлттық ақпараттық
технологиялар» АҚ-на (АО «НИТ») Smart Data Ukimet платформасына рұқсат
беру құқығын беру мәселесі бойынша ресми хат жолданды.
3) Басқармада және бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.
Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында бақылау-тексеру
функциялары іске асырылмайды, құзіреттілігіне жатпайды.
4) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу. «Түркістан
облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесіне
2025 жылға жалпы 3 511 894,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді. Жоспар
100% орындалды.
Атап айтқанда: 278 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және сауданы
дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
бюджеттік бағдарламасы бойынша 15 әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің
штаттық бірліктерін және 7 техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және
мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметшілердің штаттық бірліктерін
ұстауға және іссапар шығындарына 149 280,0 мың теңге қаржы қаралып,
игерілді.
278 004 «Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы
бойынша 84 970,0 мың теңгеге 17 жоба қаржыландырылды.
278 006 «Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша пайыздық
мөлшерлемелерді субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 822 302,0
мың теңгеге 650 жоба қаржыландырылды.
278 007 «Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін ішінара кепілдендіру»
бюджеттік бағдарламасы бойынша 208 159,0 мың теңгеге 62 жоба
қаржыландырылды.
278 008 «Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» бюджеттік бағдарламасы
бойынша Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының
<<<TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсетуді жүзеге асыратын 62 қызметкердің
бірліктерін ұстауға, біліктіліктерін арттыруға, жабдықтарды ағымдағы жөндеуге
229 166,0 мың теңге қаржы қаралып, игерілді.
278 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен
ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша жеке
кәсіпкерлік субъектілернің қызметін қолдау үшін, қызметкерлердің
материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсаттарына 18 018,0 мың теңге
53-моноблок, 5-ноутбук, МФУ-1, принтер-18 сатып алынды.)
Басқарманың мемлекеттік қызметшілері және техникалық қызметкерлер
жалақысы және салық төлемдері дер кезінде төлемдер жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алу портал арқылы басқармаға керекті кеңсе тауарлары
және мемлекеттік гранттар kezekte.kz веб-порталы (2023 жылдан бастап
қолданысқа енді) - қызметі арқылы жүзеге асырылды, қызметкерлердің
біліктілігін артыру ақылы оқу курсы, 1С бағдарламасын сүйемелдеу жаңарту
қызметтері қолданады. Қазақстан Республикасының Түркістан облысының
кәсіпкерлік және сауда басқармасының 2025 жылы 3,5 млрд тг қаралып, 100%
қаржы толығымен, уақытылы игерілді (мемлекеттік бағдарламаларды орындау,
кеңсе заттары, іс сапар шығындары, мемлекеттік қызметшілер жалақысы,
техникалык персоналдар жалақысы т.б).
5) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Ережеге сәйкес, облыс аумағында жергілікті және Республикалық
бюджеттен кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелер және мемлекеттік
гранттар ұсынылуы негізде, заңды тұлғалармен кредиттік келісім шарттар
жасалады.
Сонымен қатар, Ереже негізінде ұсынылатын мемлекеттік гранттар
бойынша жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша
келісім шарттар жасалады. Заң аясында жасалған келісім шарттарда құқық
бұзушылық белгілері анықталмады.
6) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Ережеге сәйкес, мемлекеттік гранттар kezekte.kz веб-порталы арқылы
жүзеге асырылады.
Басқарма бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау фактілері
анықталмады. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды болдырмау
және алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары бойынша жиналыстар тұрақты
түрде өткізіледі. Басқармада мемлекеттік қызмет заңнамасының және әдеп
нормаларының талаптары қатаң сақталған.
Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы
Жүктеу
6f821b71810c60c0bc729cf03fe37d84_original.1122508.pdf
PDF · 1,1 МБ
Ұқсас материалдар
Ақпарат
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына арнаулы комиссияның қарауына https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru ре...
Ақпарат
Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының сыбайлас жемқорлық ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау бойынша тәуекелдеріне ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Ақпарат
Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы және орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі
Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының 2025 жылғы «26 » желтоқсандағы № 19 н/қ бұйрығына №1 қосымша Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы және орынбасарының азаматтарды қабыл...