Құрылым — Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы көлік министрлiгiнің реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ автомобиль жолдары саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің теміржол және су көлігі саласындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Көлік министрлiгiнiң "Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінiң өз құзыретi шегiнде автомобиль көлігі саласында реттеуші, іске асыратын, автомобиль, теміржол және су көлігі саласында бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ көлік саласында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті реттеуші, іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомствосы болып табылады.