Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

    Комитет туралы

    «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы көлік министрлiгiнің реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ автомобиль жолдары саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Атырау-Астрахань» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?

    Жауап

    Жалпы ұзындығы 217 шақырым құрайтын «Атырау-Астрахань» автомобиль жолын реконструкциялау 2018 жылдың соңында республикалық бюджет қаражаты және ХҚИ қарыздары есебінен басталып «Лянкяран жол Тикинти», «TodiniCostruzioni Generali S. p.a», «Ant Insaat Maden Sanayi A. S», және «Сине Мидас Строй» компаниялары тартылған. Қозғалыс 80 шақырым бойы жаңа жабын бойынша ашылды, учаске бойынша жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылы жоспарланған.

    ·
    Сұрақ

    «Қарағанды-Балқаш» автомобиль жолын қайта жаңарту қашан аяқталады?

    Жауап

    ҚХР ЭксИмБанк қарызы есебінен 2019 жылы жалпы ұзындығы 363 шақырым құрайтын «Қарағанды – Балқаш» учаскесін қайта жаңартуды іске асыру басталды, онда «CITIC Construction» компаниясы іске қосылды. Бүгінгі таңда қозғалыс 281 шақырымға ашық, 2023 жылдың қорытындысы бойынша учаскенің барлық кезеңінде қозғалыс ашу жоспарлануда. Жобаның толық аяқталуы 2024 жылы жоспарланған.

    ·
    Сұрақ

    2022 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесі қандай?

    Жауап

    2022 жылдың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 91% - ды және жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 85% - ды құрады.

    ·
    Сұрақ

    2023 жылы қанша ақылы учаске енгізу жоспарлануда?

    Жауап

    2023 жылға II техникалық санаттағы автожолдардың 2,5 мың шақырымына ақылы жол енгізу жоспарланған. Анықтама үшін : «Қызылорда-Арал», «Ақтөбе-Орал», «Ақтөбе-Орынбор», «Ақтау-Шетпе-Бейнеу-Ақжігіт», «Павлодар-Семей», «Орал-Саратов», «Көкшетау-Петропавл», «Астана-Атбасар», «Павлодар-Омбы», «Семей- Қалбатау» (2,5 мың км). Бұдан басқа, бүгінгі күні 1 айға және 1 жылға (365 күн) абонементтер ресімдеу мүмкіндігімен көлік құралдарының барлық түрлері үшін абоненттік төлем енгізілді. 2023 жылы ақылы учаскелер бойынша жол жүру үшін болжамды алымдар шамамен 30 млрд. теңгені құрайтын болады.

    ·
    Сұрақ

    2022 жылдың қорытындысы бойынша қанша ақылы автожол учаскесі бар?

    Жауап

    Қазіргі уақытта республика бойынша ұзындығы 2,2 мың шақырым автожолдардың 11 ақылы учаскесі жұмыс істейді, олар 2013-2021 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізілді. Анықтама үшін : 2013 жылы - «Астана-Щучинск» (211 шқ. ); 2019 жылы - «Астана-Теміртау», «Алматы - Қонаев», «Алматы - Қорғас» (682 шқ. ); 2021 жылы - «Астана-Павлодар», «Қонаев - Талдықорған», «Тараз - Қайнар», «Шымкент - Қызылорда», «Шымкент - Тараз», «Шымкент - Ташкент», «Щучинск - Көкшетау» (1 479 щқ. ). 2022 жылдың қорытындысы бойынша алымдар сомасы шамамен 25 млрд.теңгені құрады. Анықтама үшін: - ақылы учаскелерді жөндеуге және ұстауға-7,5 млрд. теңге; - бағдарламалық-аппараттық кешенді ұстауға - 5,2 млрд. теңге; - ақы алу жүйесі үшін жол-пайда лану техникасы мен жабдықтарын сатып алуға-6,5 млрд. теңге; - қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығы - 2 млрд. теңге; - басқа шығыстарға-3 млрд. теңге (инвестордың операциялық шығыстары бойынша резерв – 1,7 млрд. теңге және дебиторлық берешек бойынша резерв (пайдаланушылар) – 1,3 млрд); - республикалық бюджетке аударылды-256 млн.теңге. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жаңа ақылы учаскелер енгізілмеді.

    ·
    Есеп

    "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі-Қаржылық есеп

    Жарияланды:
    Есеп

    "Оңтүстік - Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы-Қаржылық есеп

    Жарияланды:
    Басқа

    ГРАФИК Приема граждан председателем, заместителями председателя Комитета автомобильных дорог Министерства транспорта Республики Казахстан на ІІI квартал 2026 года

    2026 жылғы ІІІ тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы мен төраға орынбасарларының азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ Мемлекеттік органның атауы Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні Қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы Азаматтарды қабылдау күні Мемлекеттік органның орналасқан жері Байланыстелефоны Автомобильжолдары комитеті Абдуллин Төлеген Тұрсынұлы Төраға 23.07.2026 ж. 19.08.2026 ж. 16.09.2026 ж. Астана қ. Қабанбай батырдаңғылы32/1 «Транспорт Тауэр»ғимараты, 6қабат 57-31-55 Баяхмет Мақсат Қуанышпайұлы Төраға орынбасары 01.07.2026 ж. 29.07.2026 ж. 27.08.2026 ж. 22.09.2026 ж. Астана қ. Қабанбай батырдаңғылы32/1 «Транспорт Тауэр»ғимараты,6 қабат 57-31-56 Бақтияр Жамбыл Төраға орынбасары 09.07.2026 ж. 03.08.2026 ж. 04.09.2026 ж. 28.09.2026 ж. Ғабдуллина Анар Момынғазықызы Төраға орынбасары 17.07.2026 ж. 11.08.2026 ж. 10.09.2026 ж.

    Жарияланды: