2023 жылы қанша ақылы учаске енгізу жоспарлануда?
2023 жылға II техникалық санаттағы автожолдардың 2,5 мың шақырымына ақылы жол енгізу жоспарланған.
Анықтамаүшін:«Қызылорда-Арал», «Ақтөбе-Орал», «Ақтөбе-Орынбор», «Ақтау-Шетпе-Бейнеу-Ақжігіт», «Павлодар-Семей», «Орал-Саратов», «Көкшетау-Петропавл», «Астана-Атбасар», «Павлодар-Омбы», «Семей- Қалбатау» (2,5 мың км).
Бұдан басқа, бүгінгі күні 1 айға және 1 жылға (365 күн) абонементтер ресімдеу мүмкіндігімен көлік құралдарының барлық түрлері үшін абоненттік төлем енгізілді.
2023 жылы ақылы учаскелер бойынша жол жүру үшін болжамды алымдар шамамен 30 млрд. теңгені құрайтын болады.