«Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ

    Әкімдіктің басқармасы туралы

    «Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

    • көлік инфрақұрылымын дамыту;

    • әлемнің үздік тәжірибелері бойынша ақылды көлік жүйесін құру;

    • жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту;

    • жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;

    • қоғамдық көліктің қала маңына қатынауын дамыту;

    • баламалы көлік түрлерін дамыту (каршеринг, такси, велокөлік және басқалар);

    • жол қозғалысын ұйымдастыру схемаларын өзгерту арқылы веложолақтар құру;

    • ақылы тұрақ кеңістіктері жүйесін дамыту

    ОтырысЭфирде

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

    «Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 15 қыркүйек пен 27 қазан аралығында басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізу жоспарланғанын хабарлайды: 1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 202 6 жылғы 14 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ақпаратты [email protected] электрондық поштасына жіберуді немесе «Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша қағаз түрінде ұсынуды сұраймыз. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Сұрақтар туындаған жағдайда 8 777 115 65 05 телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

    15 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КГУ «Управление организации дорожного движения и пассажирского транспорта города Алматы»
    ОтырысАяқталды

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

    «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ 2026 жылдың 5 қазанда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Республика аланы көшесі, 4 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды. Конкурсқа келесі маршруттардың лоттары шығарылады: № Маршруттың атауы Шығу саны Жөнелту уақыты Келу уақыты 1 Алматы қаласы – Тараз қаласы 3 09с 30 мин 10с 50 мин 12с 00 мин 11с30 мин 21с15 мин 21с 45 мин 2 Алматы қаласы – Тараз қаласы 2 16с 20 мин 17с 40 мин 22с 30мин 23с 10мин 3 Алматы қаласы – Жезқазған қаласы 1 23с 00мин 11с 00 мин 4 Алматы – Жетісу облысы Жаркент қаласы 5 09с 00мин 12с30мин 16с30мин 21с55мин 22с45мин 09с00мин 12с30мин 16с30мин 21с55мин 22с45мин 5 Алматы қаласы – Түркістан облысы Мырзакент кенті 1 10с30мин 10с30мин 6 Алматы қаласы – Абай облысы Аягөз ауданы 1 22с30мин 12с00мин 7 Алматы қаласы – Түркістан облысы Шолаққорған ауылы 1 15с00мин 12с00мин 8 Алматы – Түркістан облысы Атакент кенті 2 16с30мин 15с30мин 14с 00 мин 16с 00 мин 9 Алматы – Жамбыл облысы Отар ауылы 2 08с10мин 15с20мин 14с 45 мин 07с 00 мин 10 Алматы – Жамбыл облысы Гвардейский кенті 1 16с00мин 07с 30 мин 11 Алматы қаласы – Павлодар қаласы 1 18с 00мин 22с 30мин 12 Алматы қаласы – Шымкент қаласы 2 19с 30 мин 19с 20 мин 19с 30 мин 19с 20 мин Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алматы қаласы, Республика аланы, 4, 510 каб. мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2026 жылдың 18 қыркүйекте сағат 18.00 дейін. 2026 жылдың 4 қыркүйекте конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi. Анықтама алу үшiн телефон: 225-12-80.

    5 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

    «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ 2026 жылдың 05 қазанда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды. Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады: № лота Маршрут нөмірі Маршруттың атауы автобустар саны қажетті жылжымалы құрам 1 №96 Алматы халықаралық әуежайы - «Нұркент» шағын аудан 15 үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес 2 №130 Көктобе - 7-ші қалалық аурухана 15 үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес 3 №12 Алматы-2 теміржол вокзалы – «Медеу» мұз айдыны 16 үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес 4 №87 Азаматтық авиация академиясы (кеден) – «Горный Гигант» шағын ауданы 18 үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес 5 №134 Алматы-1 теміржол вокзалы - Төле би/Яссауи бұрылу алаңы 14 үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес 6 №140 «Райымбек батыр» метро станциясы – микрорайон "Горный Гигант" 9 үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес 7 №132 «Ұлжан-1» шағын ауданы – «Ұлжан-2» шағын ауданы– «Сайран» метро станциясы 12 орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес 8 №145 Алматы-2 теміржол вокзалы - Гагарин/Жандосов 5 үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес 9 №35 «Адем» сауда орталығы– «Қарасу» шағын ауданы 10 орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 510 каб. мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2026 жылдың 18 қыркүйекте сағат 18.00 дейін. 2026 жылдың 3 қыркүйекте Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi. Анықтама алу үшiн телефон: 225-12-80.

    5 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Ереже

    "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    Коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 3/632 қаулысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Мыналар: 1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі; 2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі; 3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бөлісу теңгерімі бекітілсін. "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" және "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – Мекемелер): 1) Мекемелерді Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін. Осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды Алматы қаласы әкімдігінің2025 жылғы "__" _____________№ ______қаулысына 1 қосымша "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жолаушылар тасымалы және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, жол қозғалысын ұйымдастыру, сондай-ақ микромобилділікті дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Басқарма коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Басқарма, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Управление организации дорожного движения и пассажирского транспорта города Алматы". Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Басқармаға Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. 2-тарау. Басқарманың миссиясы, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері Басқарманың миссиясы: жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен, таксимен және метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жол қозғалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Басқарманың мақсаты: жолаушылар тасымалы саласындағы басшылық және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру. Басқарманың міндеттері: 1) көлік инфрақұрылымын дамыту; 2) үздік әлемдік тәжірибе бойынша ақылды көлік жүйесін құру; 3) жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту; 4) жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру; 5) қала маңындағы қоғамдық көлік қатынастарын дамыту; 6) баламалы көлік түрлерін дамыту (каршеринг, такси, велокөлік, және т.б.); 7) жол қозғалысын ұйымдастыру сызбаларын өзгерту арқылы веложолақтар құру; 8) ақылы тұрақ кеңістігі жүйесін дамыту; 9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер. Басқарманың функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған: мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында конкурстар (немесе тікелей келіссөздер) ұйымдастыру және өткізу, көлік инфрақұрылымы саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттар жасасу; ақылы автотұрақтарды (тұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; ақылы автотұрақтарды (тұрақтарды) ұйымдастырады; көлік инфрақұрылымы объектілерін, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салудың, реконструкциялаудың, жаңғыртудың, күрделі жөндеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; жол жүрісін ұйымдастыру схемаларын өзгерту бөлігінде магистральдық жолдардың авариялық-қауіпті орындары мен учаскелерін жою жөніндегі іс-шараларды орындау арқылы қолданыстағы көлік инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, күтіп ұстауды және жақсартылуын қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарын хабардар ете отырып, жол қозғалысын уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, оны жолдарда немесе жолдардың жекелеген учаскелерінде ұйымдастыруды өзгерту жөнінде шаралар қабылдау; жолдарда (көшелерде) бұқаралық, спорттық және басқа да шаралар өткізудің сызбалары мен бағыттарын келісу; Басқармаларға жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және олардың лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Басқарманың қарамағындағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының (жалғыз қатысушының) функцияларын жүзеге асыру; Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қаржылық есептілігін қарастыру, келісу және бекіту; Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі мен басқару тиімділігін мониторингтеу, талдау және бақылау; Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табыс бөлігін аудару нормативін әзірлеу; Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табысының бір бөлігін бюджетке толықтай және уақытылы аударылуына бақылауды жүзеге асыру; жолаушылар көлігі саласында тұрғындардың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді ашықтық және есептілік қағидаттарына сәйкес көрсету; қызметтердің тиімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы, ашықтығы және қолжетілімділігі; жол қозғалысын басқарудың заманауи зияткерлік жүйелерін енгізу; зияткерлік көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мамандандырылған ұйымдар құру; қоғамдық көліктердің диспетчерлендіруін үйлестіру және ұйымдастыру; "Көлік жүйесін дамыту" бағыты бойынша жобалық басқаруды жүргізу; қалалық және қала маңындағы көлік жүйесі саласында жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні, мобильді қосымшаларды, цифрландыруды енгізу, дамыту және жетілдіру; көліктік жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру; Мәслихаттың қарауына: 1) қалалық байланыстың әлеуметтік мәнінің тізімін; 2) қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікті және тегін жол жүруге мұқтаж азаматтардың кейбір санатының тізімін енгізу және әзірлеу; Тарифтер есебін әзірлеу: 1) барлық бағыттарға бірыңғай қала көліктерінде жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдау; 2) қалалық рельстік көліктерде жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдау; 3) әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тұрақты тасымалдау; қоғамдық көлік жүргізушілерінің, тасымалдаушылардың, жолаушылардың, жол жүру ақысын төлеу жүйесінің операторының автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын және (немесе) шарттық міндеттемелерді (бар болса) сақтауы мәселелері бойынша мониторинг пен көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру; бекітілген жоспар-тапсырмаларға сәйкес қалалық іс-шараларды рейстік автобустармен ұйымдастыру және қызмет көрсету; қалалық рельстік көліктермен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды тұрақты ұйымдастыру; автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктерінің тізілімін жүргізу; олардың негізгі қызметіне араласпай, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаланың, оның ішінде әуежайлардың, теміржол вокзалдарының көлік желісінің жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру; жолдарда, көшелерде, олардың жекелеген учаскелерінде, көлік тораптарында, көше-жол желісіне тән учаскелерде көлік құралдарының қозғалыс параметрлері (қозғалыс жылдамдығы, қарқындылығы, жүктеме деңгейі, қозғалыс аралықтары, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының орналасуы мен жай-күйі) туралы деректерді жинау, өңдеу және жинақтау жолымен жол қозғалысының мониторингі; жол-көлік оқиғаларынан болған шығындардың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджеттік шығындардың, сондай-ақ көше-жол желісіндегі апаттылық деңгейін төмендетуге қабылданатын шаралардың тиімділігінің мониторингі; қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды, жобаларды, "VISION ZERO" бағдарламасын әзірлеу және іске асыру; жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу; баламалы көлік түрлерін дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру; такси тасымалдаушысы ретінде қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін жүргізу; әуежайларда, вокзалдарда, сауда объектілерінде, базарларда, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс саябақтары), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау; электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру; тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру; электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін жүргізу; каршеринг, карпулинг (рейдшеринг), велосипедпен жүру, электр самокаттар және қалалық мобилділіктің басқа да баламалы түрлерін нормативтік реттеу және ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу; қолданыстағы веложолақтардың қауіпсіз жұмыс істеуін, сақталуын және жақсартылуын қамтамасыз ету; велосипед инфрақұрылымын келісу және салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; паркингтер салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; ақылы коммуналдық автотұрақ орындарын (автотұрақ) ұйымдастыру; тротуар үлгісіндегі ақылы коммуналдық автотұрақтарды пайдалану және пайдалану құқығымен жабдықтау, абаттандыру бойынша конкурс өткізу; автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкаларының мөлшері айқындалатын автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын айқындау; ақылы автотұрақ орындарын (автотұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу; жұмыстарды үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру: 1) коммуналдық меншікке жататын уақытша тұрақтарды, тұрақтарды, паркингтерді, айыппұл тұрақтарын, автокөлік аялдамаларын пайдалануға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге; 2) коммуналдық меншікке жататын уақытша тұрақтарды, тұрақтарды, паркингтерді және айыппұл тұрақтарын ұйымдастыру бойынша жаңғырту, сервисті жақсарту, мониторинг жүргізу және қызметтерін есепке алу бойынша; ұсталған көліктерді сақтау бойынша мамандандырылған тұраққа көлік құралдарын эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастыру; жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу; жол-көлік инфрақұрылымы, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету; өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындау барысына жұмысты үйлестіру; көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдалануға қабылдау және оларды коммуналдық меншікке беру; келісу кезінде қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің болуын қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; көлік құралдарының жекелеген қалалық аумақтарға кіруіне әртүрлі шектеулер енгізе отырып, жол жүрісін ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеу (құру) және ақпараттық қамтамасыз ету; жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қалааралық және облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу; жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу; жолаушылар мен багажды қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестелерін бекіту; қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын (шығыстарын) субсидиялау; Алматы қаласы мәслихатының шешімі негізінде қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру; қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және куәліктерді беруді жүзеге асыру; автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру; тұрақты көлікті дамытуды ескере отырып, көліктік жоспарлауды қамтамасыз ету; жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдары бойынша маршруттар мен қозғалыс кестесін келісу; жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру; өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру; Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау; петицияларды қарау. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыретінің шегінде Басқарманың құқықтары: 1) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қажетті мәліметтерді, ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға; 2) Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басшыларының немесе оларды алмастыратын адамдардың, басшы орынбасарларының тоқсан сайынғы есептерін тыңдауға; 3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін келісімдер, меморандум жасасуға; 5) Aлматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізуге; 6) белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдерінің және өкімдерінің, Алматы қаласы мәслихатының шешімдерінің жобаларын енгізуге; 7) жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру саласында мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің жанынан арнайы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтары және басқа да кеңесші органдар құруға бастамашылық жасау; 8) жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы мамандармен конференциялар, семинарлар, оқытудың және тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыру; 9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен сотқа талап - арызбен жүгінуге; 10) оған берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға; 11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру Басқармаға басшылықты, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Басқарма басшысының өкілеттіктері: 1) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың, Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары және Алматы қаласы әкімі бұйрықтарының орындалуына дербес жауап береді; 2) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді; 3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау шараларын қабылдайды; 5) шарттар жасасады; 4) сенімхаттар береді; 7) банк шоттарын ашады; 8) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді; 9) Басқарманың барлық қызметкерлері, сонымен қатар номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарма қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады; 11) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген немесе еңбек шарттарын жасасқан жағдайларға конкурс арқылы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда, Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшыларын аттестаттауды жүргізеді; 13) Баcқарманың бөлім басшы қызметкерлерінің және өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды; 14) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды; 15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте және жағдайларда Басқарманың қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады; 16) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайларда көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жауапкершілікке тартады; 17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарама басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді. 4-тарау. Басқарманың мүлкі Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік Алматы қаласының коммуналдық меншігіне жатады. Егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ. 5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы мекемелердің тізбесі: "Алматыэлектркөлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы паркинг" коммуналдық мемлекеттік мекемесі; "Алан паркинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; "Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Алматы қаласы әкімдігінің2025 жылғы "__"____________ № ______ қаулысына 4 қосымша Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі 1) "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулысы; 2) "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 4/647 қаулысы; 3) "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 2/279 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы; 4) "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 14 маусымдағы № 2/345 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы. © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Жарияланды:
    Хаттама

    № 2 ХАТТАМА Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия отырысы

    БЕКІТЕМІН Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия төрағасы _________________ Диханбаев Е. № 2 ХАТТАМА Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия отырысы Өткізілген орны: Алматы қ., Республика алаңы, 4 Өткізілген күні мен уақыты: 28.11.2025 ж., 02.12.2025 ж., 03.12.2025 ж., сағат 10:00 30.12.2025 ж. сағат 10:30 16.02.2026 ж., 07.08.2026 ж. сағат 11:00 Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) Алматы қаласы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 11Ө өкіміне сәйкес мына құрамда: СМАТЛАЕВ Алмасхан Бауржанович – Алматы қаласы әкімінің қоғамдық көлік мәселелеріне жетекшілік ететін бірінші орынбасары, комиссия төрағасы; ДИХАНБАЕВ Ержан Айтханұлы Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары; ЕШАНҚҰЛ Азамат Көмекбайұлы – Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы басшысының қоғамдық көлік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары; АДАЕВ Нурум Гвайдуллович – Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасы даму бюджеті мен нақты секторды жоспарлау бөлімінің бас маманы; ЖАЙНАРБАЙ Жалынбек – Алматы қаласы мәслихатының коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобильділік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша), комиссия мүшесі; АХАТОВА Дана Амантаевна – «Алматы қаласының жолаушылар тасымалдау кәсіпорындары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті, комиссия мүшесі; ТАЛДЫБАЕВ Алтынбек Муканбекович – Қазақстан Республикасы көлік-жол кешені қызметкерлері салалық кәсіподағының Алматы филиалының төрағасы, комиссия мүшесі; УРАЗБАХТИН Вячеслав Радикович – «Алматы көлік холдингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, комиссия мүшесі; МУРЗАКУЛОВА Жанна Орынбасаровна – Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі; ОШАКБАЕВА Рахила Есеналиевна – Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының құқықтық, қаржылық және экономикалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы; ЧЕГЕБАЕВ Ержан Бахтиерович – Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының қоғамдық көлікті ұйымдастыру бөлімінің басшысының м.а., комиссия хатшысы тасымалдаушылар ұсынған 2025 жылғы 28 қарашадағы, 2, 3, 30 желтоқсандағы және 27.07.2026 жылғы тарифтік есептерді №№ 1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 5в, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 29р, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 254, 255, 256, 257, 258, 1Т, 5Т, 6Т, 7Т, 9Т, 11Т, 12Т, 19Т, 25Т бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты маршруттармен тасымалдау қызметтерін көрсету тарифтері бойынша есептерді қарады. Комиссия отырысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағына сәйкес комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 бөлігінен астамы қатысқандықтан, заңды болып табылады (қатысқандар: Диханбаев Е.А., Ешанқұл А.К., Ахатова Д.А., Талдыбаев А.М., Мурзакулова Ж.О., Адаев Н.Г.; қатыспағандар: Жайнарбай Ж., Уразбахтин В.Р.). Сондай-ақ комиссия жұмысына шақырылған консультант-аудитор Доспамбетов А.Б. қатысты: КҮН ТӘРТІБІ: Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтерін көрсету тарифтері бойынша тасымалдаушылардың есептерін 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес қарау. Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау кезінде тарифтер бойынша есептеулердің бірыңғай әдістемелік негізін қамтамасыз ету және оларды бірыңғай қолдану мақсатында жекелеген мәселелер бойынша мыналарды қабылдау ұсынылады: 2025 жылға бастапқы деректер – 365 күн. Күндер РД СД ВД ПД Қаңтар 20 5 45 3 31 Ақпан 20 4 4 28 Наурыз 18 3 6 4 31 Сәуір 22 4 4 30 Мамыр 17 5 5 4 31 Маусым 22 4 4 30 Шілде 22 4 4 1 31 Тамыз 20 5 5 1 31 Қыркүйек 22 4 4 30 Қазан 21 5 4 1 31 Қараша 21 4 5 30 Желтоқсан 22 4 4 1 31 Барлығы: 246 50 54 15 365 Автомобиль отынына жұмсалатын шығындар: Тасымалдаушылар ұсынған тарифтік есептерде дизель отынының соңғы қазан айында нақты сатып алынған орташа құны ҚҚС-ты (12%) ескере отырып, 317,0 теңгеден 336,0 теңгеге дейін құбылады. Желтоқсан айында маусымаралық (қысқы) дизель отынын нақты сатып алу көлемі маршруттағы отынның жалпы айлық көлемінің 33%-ынан азды құрайды. Осыған байланысты тасымалдаушының нақты (болжамды) шығындарын субсидиялау, сондай-ақ тасымалдаушылардың желтоқсан айында маршруттағы ай сайынғы қажеттілік көлемінің 33%-ынан аз мөлшерде қысқы отын сатып алуына байланысты бюджет субсидияларын артық төлеуге жол бермеу мақсатында дизель отынының (жазғы және қысқы) 1 литріне нақты сатып алынған отын көлеміне қарай бірыңғай орташа құнын белгілеу ұсынылады. Осыған байланысты барлық маршруттар бойынша орташа құнды ҚҚС-ты 16% ескере отырып, 344,54 теңге мөлшерінде айқындау ұсынылады. № Сатып алынған отын көлемі, литр Ай Дизель Бір литрінің бағасы, ҚҚС-ты қоса алғанда, теңге* Жалпы құны 1 1 100 000 (немесе 100%) (334 күн) қаңтар - қараша жазғы 328,17 360 987 000 12 67 742 (немесе 68%) (30 күннің 21 күні = 68%) желтоқсан 21 күнге жазғы 328,17 22 230 892 32 258 (немесе 32%) (31 күннің 10 күні = 32%) 10 күнге қысқы 495 15 967 710 Барлығы 1 200 000 399 185 602 Отынның орташа бағасы ҚҚС 12% 332,65 Отынның орташа бағасы ҚҚС 16% 344,54 Газдың құны 150 теңге. ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты 01.01.2026 жылдан бастап қосылған құн салығы 16% болады, осыған байланысты газдың құнын 156 теңге мөлшерінде айқындау ұсынылады. Электр энергиясының құны ҚҚС бойынша өзгерістерді ескере отырып, нақты сатып алу құны бойынша айқындалады. Маршруттардың жоспарлы көрсеткіштері мен ұзақтығын Басқарма бекітеді, ал нөлдік жүрістерді Алматы қаласының «Көлік холдингі» ЖШС кестелер негізінде айқындайды. Тарифтік есептерге халықаралық практика мен зерттеулерге сәйкес барлық маршруттар бойынша шығулар мен рейстер санының жоспарлы көрсеткіштерін төмендету бойынша өзгерістер енгізілді. Аталған ұсыныс консультант-аудиторлармен есептелді. Хаттамаға түсіндірме жазба №1 қосымша ретінде қоса беріледі. Отын шығысының базалық нормасы: «YZ Trade Company» ЖШС өндіруші зауытының ресми дистрибьюторының 25.09.2023 жылғы №112 хаты негізінде Isuzu маркалы автобустар үшін барлық маршруттар бойынша отын шығысының бірыңғай орташа базалық нормалары: HC 40 – 18 л/100 км; LE 60 – 25 л/100 км; «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС өндіруші зауытының ресми дистрибьюторы негізінде ГАЗ А63R42-10 маркалы (дизель) автобустар үшін отын шығысының бірыңғай базалық нормасы – 18 л/100 км; «Меридиан-авто» ЖШС өндіруші зауытының ресми дистрибьюторының 24.08.2023 жылғы №24.08-2 хаты негізінде ZHONG TONG BUS LCK6105HG маркалы (дизель) автобустар үшін барлық маршруттар бойынша отын шығысының бірыңғай базалық нормасы – 40 л/100 км; ZHONG TONG BUS HOLDING CO., LTD өндіруші зауытының 13.11.2025 жылғы хаты негізінде ZHONG TONG BUS LCK6125HGА маркалы (дизель) автобустар үшін отын шығысының базалық нормасы – 45 л/100 км; YUTONG HONGKONG LIMITED өндіруші зауытының 07.11.2023 жылғы ресми хаты негізінде YUTONG маркалы (дизель) автобустар үшін барлық маршруттар бойынша отын шығысының бірыңғай базалық нормалары: - ZH6108HGH (дизель) – 40 л/100 км; - ZH6118HGА (дизель) – 45 л/100 км; - ZH6118HGH (дизель) – 45 л/100 км; «Qaz Tehna» ЖШС өндіруші зауытының 31.01.2024 жылғы №174 ресми хаты негізінде YUTONG (CNG) қалалық автобустары үшін барлық маршруттар бойынша отын шығысының бірыңғай базалық нормалары: - ZК6852НG (газ) – 35,02 л/100 км; - ZК6108НGН (газ) – 45,47 л/100 км; - ZК6118НGА (газ) – 50,62 л/100 км; - ZК6116НG (газ) – 46,2 л/100 км; - ZК6890НGQ (газ) – 33,2 л/100 км; - ZК6126НG (газ) – 49,0 л/100 км; «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіруші зауытының 01.08.2023 жылғы №669 ресми хаты негізінде Golden dragon маркалы автобустар үшін дизель отынының барлық маршруттар бойынша бірыңғай орташа базалық нормалары: - XML 6105 CR (дизель) – 45 л/100 км; - XML 6125 CR (дизель) – 50 л/100 км; «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіруші зауытының 13.12.2023 жылғы №989 ресми хаты негізінде Golden dragon маркалы автобустар үшін газ (метан) отынының барлық маршруттар бойынша бірыңғай орташа базалық нормалары: - XML 6105 CR (газ) – 38-45 м³/100 км; - XML 6125 CR (газ) – 55-65 м³/100 км; - XML 6185 CR (газ) – 72-88 м³/100 км; «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіруші зауытының 12.11.2025 жылғы №807 ресми хаты негізінде Golden dragon маркалы автобустар үшін электр энергиясы бойынша отын шығысының барлық маршруттар бойынша бірыңғай орташа базалық нормалары: - XML 6125 CE (э/э) – 81-85 кВт·сағ/100 км; - XML 6185 CE (э/э) – 150-155 кВт·сағ/100 км; FOTON BJ6123C6CND, FOTON BJ6180C6CND маркалы автобустар үшін барлық маршруттар бойынша отын шығысының бірыңғай орташа базалық нормасы – 70 м³/100 км; өндіруші зауыттың ресми хаты негізінде Skywell NJL6128BEV электробусы үшін электр энергиясының шығыс нормасы – 120 кВт·сағ/100 км; Отын шығысының базалық нормасына үстеме коэффициенттер Тасымалдаушылар ұсынған тарифтік есептерде отын шығысының базалық нормасына 27,63% мөлшерінде жиынтық үстеме коэффициент қолданылған. Бұл коэффициенттер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.08.2009 жылғы №1210 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар-жағармай материалдары шығысының және автокөлікті ұстау шығыстарының нормаларын бекіту туралы» қаулысынан алынған, онда олардың мәндері тіркелген пайыз ретінде емес, диапазондық пайыз («5%-ға дейін» немесе «10%-ға дейін») ретінде көрсетілген. Барлық маршруттар үшін отын шығысының базалық нормасына ең жоғары емес, орташа пайыз деңгейінде жиынтық үстеме коэффициентті белгілеу, атап айтқанда: пайдалану жағдайларының климаттық ерекшеліктері (суық мезгілдің ұзақтығы – 5 ай, 1 қарашадан 31 наурызға дейін) – 2,08% (5 ай * 5% (10%-дың орташа пайызы) / жылына 12 ай); таулы жағдайлар (Алматы қаласының теңіз деңгейінен биіктігі 500-ден 1000 метрге дейін) – 3,85% (теңіз деңгейінен биіктіктің орташа мәні Алматы қаласының топографиялық картасына сәйкес 770 м = 3,85%); жол қозғалысының тығыздығы (халқы 1 млн адамнан астам қала) – 9% («600 мыңнан 1 млн адамға дейін – 8%» және «1 млн адамнан астам – 10%» көрсеткіштерінің орташа мәні – 9%); жолаушыларды отырғызу және түсіруге байланысты жиі тоқтаулар – 10%; Барлық маршруттар үшін отын шығысының базалық нормасына жиынтық үстеме коэффициент құрамына мынадай коэффициенттерді енгізу: кондиционерді пайдалану кезінде – 0,62% (3 ай * 2,5% (5%-дың орташа пайызы) / жылына 12 ай); қысқы немесе суық (тәуліктік орташа температура +5С-тан төмен болған кезде) мезгілде автобустарды іске қосу және жылыту қажет болған жағдайда (тәуелсіз жылытқыштар болмаған кезде), сондай-ақ жолаушыларды күту кезінде қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған бос жүрісте отынның нормативтік шығыны қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған бір сағат тоқтап тұру есебінен – 2,08% (Алматы қаласы, қысқы 5 ай * 5 (10%-дың орташа пайызы) + жазғы 7 ай * 0%) / 12 ай = 2,08%). Қала маңындағы маршруттар үшін отын шығысының базалық нормасына жалпы қорытынды жиынтық үстеме коэффициенті төменде көрсетілген ерекшеліктер негізінде әрбір қала маңындағы маршрут бойынша жеке белгіленді. 1-кесте қосымшада. Автобустардың құнына байланысты шығындар Тарифтік есептерде тасымалдаушылар сатып алу-сату шарттарына, лизинг шарттарына сәйкес автокөлік құралдарын сатып алу туралы ақпарат ұсынды, мұнда жаңа автобустар бойынша сатып алу құны сатып алған сәттен бастап үш жылға дейінгі мерзімге есепке алынады. 3 жылдан асқан автобустар бойынша 2023-2024, 2025 жылдардағы жылжымалы құрамның бағалауы ұсынылды, ол 03.12.2025 жылғы тарифтік комиссияның қарауына есептерді беру кезінде жарамды болды. Қағидаларға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар айқындаған автокөлік құралдарының құны айқындалған күннен бастап үш жыл ішінде жарамды. Лизингке сатып алынған автобустар бойынша лизинг сомасы шарт пен төлем кестесі негізінде есепке алынады. Шиналарға байланысты шығындар Тасымалдаушылар 2025 жылға автокөлік шиналарын сатып алғанын растайтын құжаттарды ұсынды, онда есептеу жүргізілген сәттегі шиналардың бір жиынтығының теңгедегі орташа сатып алу бағасы көрсетілген. 2026 жылға шиналардың құны түзетіліп, қосылған құн салығын – 16%-ды ескере отырып орташа мәні шығарылды. Еңбекақыға байланысты шығындар Тарифтік есептерде автокөлік құралы жүргізушісінің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасы бойынша немесе тасымалдаушы тіркелген өңір бойынша көлік және қоймалау саласындағы бір қызметкердің (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоса алғанда) статистикалық деректер бойынша өтінім берілген тоқсанның алдындағы тоқсанда қалыптасқан орташа айлық атаулы жалақы деңгейіне сәйкес белгіленеді. Қазіргі уақытта статистика органдарының сайтында мынадай есептер жарияланған: - 2025 жылғы 3-тоқсан бойынша Т-14-01-К_3_2025 (жарияланған күні 10.11.2025), онда Алматы қаласы бойынша «Көлік және қоймалау» бөлімі бойынша орташа айлық жалақы 774 118 теңгені құрайды. - 2025 жылғы 3-тоқсан бойынша Т-14-02-К_3_2025 (жарияланған күні 10.11.2025), онда Республика бойынша «Көлік және қоймалау» бөлімі бойынша орташа айлық жалақы 625 844 теңгені құрайды. - 2025 жылғы 4-тоқсан бойынша Т-14-01-К_3_2025 (жарияланған күні 03.04.2026), онда Алматы қаласы бойынша «Көлік және қоймалау» бөлімі бойынша орташа айлық жалақы 798 753 теңгені құрайды. - 2025 жылғы 4-тоқсан бойынша Т-14-02-К_3_2025 (жарияланған күні 03.04.2026), онда Республика бойынша «Көлік және қоймалау» бөлімі бойынша орташа айлық жалақы 640 676 теңгені құрайды. Қағидалардың 4-тарауының 31-тармағының 7) тармақшасына сәйкес маршруттағы әрбір автокөлік құралына бекітілген жүргізушілердің нормативтік саны есептік формула бойынша айқындалады, мұнда саны бір автобусқа 1,6-дан 4 адамға дейін құрады. Enbek.kz базасында тіркелген еңбек шарттары мен 2025 жылға еңбекақы төлеу ведомостарына сәйкес жүргізушілер саны 1,8-ден 2,8 адамға дейін құрады. Үстеме шығыстар Жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты шығындарды бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының 4-тарауы 31-тармағының 8) тармақшасына сәйкес «үстеме шығыстардың нормативтік сомасының пайызы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес расталған есептік үстеме шығыстар сомасының көлеміне байланысты 20%-ға дейін құрайды». Тасымалдаушылар үстеме шығыстар бойынша әртүрлі пайыз ұсынды, үстеме шығыстар сомасы расталған есептік үстеме шығыстар сомасының көлеміне байланысты 10%-дан 23%-ға дейін құрады. Электрондық жол жүру ақысын төлеу жүйесі (ЭЖАЖ) операторының қызметтерін (оператордың электрондық жүйесі пайдаланатын жабдықты қызмет көрсету, ұстау және жөндеу) ескеретін шығындар (тасымалдаушы төлеген жағдайда) Алматы қаласында 2015 жылғы қазаннан бастап бір ЭЖАЖ операторы – «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС жұмыс істеді, комиссиялық сыйақы мөлшері – 7%. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру және қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу тәсілдерін жетілдіру мақсатында 2026 жылғы наурыздан бастап екінші ЭЖАЖ операторы – «Smart mobility Almaty» ЖШС жұмыс істей бастады, комиссиялық сыйақы мөлшері – 9%. Жолаушылар ағыны – есептерде көрсетілген деректер алдыңғы жылғы, яғни 2025 жылғы нақты тасымалданған жолаушылар саны болып табылады. Сонымен қатар Алматы қаласы мен қала маңындағы қоғамдық көлікте жолақысыз жүру бойынша мониторинг жүргізілгенін атап өтеміз, оның нәтижесінде билетсіз жолаушылардың үлесі 35%-ды құрады. Комиссия Қағидалардың 9-тармағына, 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және тасымалдаушылар ұсынған тарифтік есептерді қарап, бюллетеньдер негізінде ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын ескере отырып, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын назарға ала отырып, ШЕШТІ: №№ 1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 5в, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 29р, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 254, 255, 256, 257, 258, 1Т, 5Т, 6Т, 7Т, 9Т, 11Т, 12Т, 19Т, 25Т тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтерін көрсету тарифтері бойынша есептерді мына ескертулерді ескере отырып бекіту: Консультанттардың ұсынымдарына сәйкес барлық маршруттар бойынша шығулар мен айналым рейстерінің санын азайту: - Халықаралық практикаға сәйкес қалалық маршруттар бойынша қысқарту жүргізілді, тәуліктер бойынша шығулар саны: жұмыс күндері 20%-ға дейін, сенбі күндері 10%-ға дейін, жексенбі күндері 25%-ға дейін, мереке күндері 35%-ға дейін азайтылды. - Қалалық маршруттар бойынша қысқарту жүргізілді, тәуліктер бойынша айналым рейстерінің саны: жұмыс күндері 10-20%-ға, сенбі күндері 5-10%-ға, жексенбі күндері 12,5-25%-ға, мереке күндері 17,5-35%-ға азайтылды. Автомобиль отынына жұмсалатын шығындар үшін бірыңғай құн белгілеу: - дизель отыны үшін ҚҚС-ты қоса алғанда 344,54 теңге; - газ үшін ҚҚС-ты қоса алғанда 156 теңге; - электр энергиясы – нақты сатып алу құны бойынша; Отын шығысының базалық нормасын өндіруші зауыттар ұсынған деректерге сәйкес айқындау: Isuzu маркалы автобустар үшін: - Isuzu HC 40 – 18 л/100 км; - Isuzu LE 60 – 25 л/100 км; ГАЗ А63R42-10 маркалы автобустар үшін – 18 л/100 км; ZHONG TONG BUS маркалы автобустар үшін: - LCK6105HG (дизель) – 40 л/100 км; - LCK6125HGА (дизель) – 45 л/100 км; YUTONG маркалы автобустар үшін: ZH6108HGH (дизель) – 40 л/100 км; ZH6118HGА (дизель) – 45 л/100 км; ZH6118HGH (дизель) – 45 л/100 км; ZК6852HG (газ) – 35,02 л/100 км; ZК6108HGН (газ) – 45,47 л/100 км; ZК6118HGА (газ) – 50,62 л/100 км; ZК6116HG (газ) – 46,2 л/100 км; ZК6890HGQ (газ) – 33,2 л/100 км; ZК6126HG (газ) – 49 л/100 км; Golden dragon маркалы автобустар үшін: XML 6105 CR (дизель) – 45 л/100 км; XML 6125 CR (дизель) – 50 л/100 км; XML 6105 CR (газ) – 38-45 м³/100 км; XML 6125 CR (газ) – 55-65 м³/100 км; XML 6185 CR (газ) – 72-88 м³/100 км; XML 6125 CE (э/э) – 81-85 кВт·сағ/100 км; XML 6185 CE (э/э) – 150-155 кВт·сағ/100 км FOTON маркалы автобустар үшін - BJ6123C6CND, FOTON BJ6180C6CND – 70 м³/100 км; Skywell NJL6128BEV – 120 кВт·сағ/100 км; NJL6108BEV – 120 кВт·сағ/100 км электробустары үшін; Отын шығысының базалық нормасына үстеме коэффициенттер Төменде тиісті ескертулер көрсетілген автобус маркалары мен маршруттарды қоспағанда, қалалық маршруттар үшін отын шығысының базалық нормасына жалпы қорытынды жиынтық үстеме коэффициентті 27,63% (2,08 + 3,85 + 9 + 10 + 0,62 + 2,08) мөлшерінде белгілеу. Қала маңындағы маршруттар үшін отын шығысының базалық нормасына жалпы қорытынды жиынтық үстеме коэффициентті 20,13% мөлшерінде белгілеу, сондай-ақ төменде көрсетілген ерекшеліктер негізінде әрбір қала маңындағы маршрут бойынша жеке айқындау. 1-кесте қосымшада. Нөлдік жүрістердің схемаларын бекітіп, оларды Алматы қ. «Көлік холдингі» ЖШС деректері бойынша қабылдау; Автобустардың құнына байланысты шығындар. Барлық маршруттар бойынша автобустардың құнын сатып алу-сату, лизинг шарттары және көлік құралын бағалау ұсынылған құжаттарға сәйкес айқындау; Автокөлік шиналарына жұмсалатын шығындар бойынша шиналардың жүрісінің бірыңғай базалық нормаларын айқындау: - Isuzu HC 40, Isuzu LE 60 маркалы автобустар, газельдер үшін – 60 000 км; - Yutong, Zhongtong, Golden Dragon, Foton, Skywell маркалы автобустар үшін – 80 000 км; - троллейбустар үшін – 100 000 км; - шағын класты автобустар үшін шиналардың құнын – 30 000 теңге; - орта класты автобустар үшін шиналардың құнын – 75 000 теңге; - үлкен класты автобустар үшін шиналардың құнын – 135 000 теңге; - троллейбустардың шиналарының құнын – 175 000 теңге белгілеу. Жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығындар - барлық маршруттар үшін автокөлік құралдары жүргізушілерінің бірыңғай орташа айлық жалақысын 640 676 теңге мөлшерінде белгілеу; - маршруттағы әрбір автобусқа бекітілетін жүргізушілердің нормативтік санының ең төменгі коэффициентін 2,2 мөлшерінде айқындау; Расталған нақты шығындар бойынша үстеме шығыстардың нормативтік сомасының ең төменгі пайызын 10%, ең жоғарысын 15% мөлшерінде айқындау. Электрондық жол жүру ақысын төлеу жүйесі (ЭЖАЖ) операторының қызметтерін ескеретін шығындарды (оператордың электрондық жүйесі пайдаланатын жабдыққа қызмет көрсету, ұстау және жөндеу) 7% мөлшерінде айқындау. Тарифтік есептерге тиісті қайта есептеуді мына жағдайларда жүргізу: - Басқарма маршруттың жоспарлы көрсеткіштеріне бұрын комиссия тарифтік есептерде қараған көрсеткіштермен салыстырғанда шығулар, айналым рейстері, негізгі және резервтік көлік құралдары санының, маршрут ұзақтығының немесе нөлдік жүрістің азаюын не ұлғаюын көздейтін өзгерістер енгізген жағдайда; - осы хаттамадан туындайтын қажетті шараларды қабылдау; Осы хаттаманың қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 2028 жылғы 31 желтоқсанда тоқтатылады. Маршрут құны мына жағдайларда қайта қаралады: сыртқы баға факторларына байланысты тасымалдаушы шығындарының 10%-дан астам өсуі кезінде; маршрут сипаттамалары (рейс, кесте, ұзақтығы, жылжымалы құрам) өзгерген кезде – шығындардың ірілендірілген есептеулері тәртібімен (Қағидалардың 4-тарауы); жылына кемінде бір рет (Қағидалардың 8, 9, 10-тармақшалары). Қосымша: Маршруттың құны (тұрақты маршруттар бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялауға бағытталатын сомалардың көлемі), __ парақта; № Т.А.Ә. Қолдайды +, Қарсы - қолы 1 СМАТЛАЕВ Алмасхан Бауржанұлы 2 ДИХАНБАЕВ Ержан Айтханұлы 3 ЕШАНҚҰЛ Азамат Көмекбайұлы 4 АДАЕВ Нурум Гвайдуллович 5 ЖАЙНАРБАЙ Жалынбек 6 АХАТОВА Дана Амантаевна 7 ТАЛДЫБАЕВ Алтынбек Муканбекұлы 8 УРАЗБАХТИН Вячеслав Радикович 9 МУРЗАКУЛОВА Жанна Орынбасаровна 10 ОШАКБАЕВА Рахила Есеналиевна 11 ЧЕГЕБАЕВ Ержан Бахтиерұлы

    Жарияланды: