"Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ

    Коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы

    Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 3/632 қаулысы

    Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мыналар:

    1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

    2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

    3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бөлісу теңгерімі бекітілсін.

    1. "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" және "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – Мекемелер):

    1) Мекемелерді Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

    1. Осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласының әкімі

    Д. Сатыбалды

    Алматы қаласы әкімдігінің
    2025 жылғы "__" _____________
    № ______қаулысына 1 қосымша

    "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жолаушылар тасымалы және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, жол қозғалысын ұйымдастыру, сондай-ақ микромобилділікті дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. Басқарма коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.
    4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    5. Басқарма, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
    6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
    9. Мемлекеттік органның толық атауы:

    мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Управление организации дорожного движения и пассажирского транспорта города Алматы".

    1. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
    2. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
    3. Басқармаға Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    2-тарау. Басқарманың миссиясы, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

    1. Басқарманың миссиясы: жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен, таксимен және метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жол қозғалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
    2. Басқарманың мақсаты: жолаушылар тасымалы саласындағы басшылық және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру.
    3. Басқарманың міндеттері:

    1) көлік инфрақұрылымын дамыту;

    2) үздік әлемдік тәжірибе бойынша ақылды көлік жүйесін құру;

    3) жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту;

    4) жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;

    5) қала маңындағы қоғамдық көлік қатынастарын дамыту;

    6) баламалы көлік түрлерін дамыту (каршеринг, такси, велокөлік, және т.б.);

    7) жол қозғалысын ұйымдастыру сызбаларын өзгерту арқылы веложолақтар құру;

    8) ақылы тұрақ кеңістігі жүйесін дамыту;

    9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.

    1. Басқарманың функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған:
    2. мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында конкурстар (немесе тікелей келіссөздер) ұйымдастыру және өткізу, көлік инфрақұрылымы саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттар жасасу;
    3. ақылы автотұрақтарды (тұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
    4. ақылы автотұрақтарды (тұрақтарды) ұйымдастырады;
    5. көлік инфрақұрылымы объектілерін, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салудың, реконструкциялаудың, жаңғыртудың, күрделі жөндеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
    6. жол жүрісін ұйымдастыру схемаларын өзгерту бөлігінде магистральдық жолдардың авариялық-қауіпті орындары мен учаскелерін жою жөніндегі іс-шараларды орындау арқылы қолданыстағы көлік инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, күтіп ұстауды және жақсартылуын қамтамасыз ету;
    7. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарын хабардар ете отырып, жол қозғалысын уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, оны жолдарда немесе жолдардың жекелеген учаскелерінде ұйымдастыруды өзгерту жөнінде шаралар қабылдау;
    8. жолдарда (көшелерде) бұқаралық, спорттық және басқа да шаралар өткізудің сызбалары мен бағыттарын келісу;
    9. Басқармаларға жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және олардың лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
    10. Басқарманың қарамағындағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының (жалғыз қатысушының) функцияларын жүзеге асыру;
    11. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қаржылық есептілігін қарастыру, келісу және бекіту;
    12. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі мен басқару тиімділігін мониторингтеу, талдау және бақылау;
    13. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табыс бөлігін аудару нормативін әзірлеу;
    14. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табысының бір бөлігін бюджетке толықтай және уақытылы аударылуына бақылауды жүзеге асыру;
    15. жолаушылар көлігі саласында тұрғындардың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді ашықтық және есептілік қағидаттарына сәйкес көрсету;
    16. қызметтердің тиімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы, ашықтығы және қолжетілімділігі;
    17. жол қозғалысын басқарудың заманауи зияткерлік жүйелерін енгізу;
    18. зияткерлік көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мамандандырылған ұйымдар құру;
    19. қоғамдық көліктердің диспетчерлендіруін үйлестіру және ұйымдастыру;
    20. "Көлік жүйесін дамыту" бағыты бойынша жобалық басқаруды жүргізу;
    21. қалалық және қала маңындағы көлік жүйесі саласында жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні, мобильді қосымшаларды, цифрландыруды енгізу, дамыту және жетілдіру;
    22. көліктік жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру;
    23. Мәслихаттың қарауына:

    1) қалалық байланыстың әлеуметтік мәнінің тізімін;

    2) қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікті және тегін жол жүруге мұқтаж азаматтардың кейбір санатының тізімін енгізу және әзірлеу;

    1. Тарифтер есебін әзірлеу:

    1) барлық бағыттарға бірыңғай қала көліктерінде жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдау;

    2) қалалық рельстік көліктерде жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдау;

    3) әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тұрақты тасымалдау;

    1. қоғамдық көлік жүргізушілерінің, тасымалдаушылардың, жолаушылардың, жол жүру ақысын төлеу жүйесінің операторының автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын және (немесе) шарттық міндеттемелерді (бар болса) сақтауы мәселелері бойынша мониторинг пен көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру;
    2. бекітілген жоспар-тапсырмаларға сәйкес қалалық іс-шараларды рейстік автобустармен ұйымдастыру және қызмет көрсету;
    3. қалалық рельстік көліктермен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды тұрақты ұйымдастыру;
    4. автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктерінің тізілімін жүргізу;
    5. олардың негізгі қызметіне араласпай, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаланың, оның ішінде әуежайлардың, теміржол вокзалдарының көлік желісінің жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру;
    6. жолдарда, көшелерде, олардың жекелеген учаскелерінде, көлік тораптарында, көше-жол желісіне тән учаскелерде көлік құралдарының қозғалыс параметрлері (қозғалыс жылдамдығы, қарқындылығы, жүктеме деңгейі, қозғалыс аралықтары, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының орналасуы мен жай-күйі) туралы деректерді жинау, өңдеу және жинақтау жолымен жол қозғалысының мониторингі;
    7. жол-көлік оқиғаларынан болған шығындардың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджеттік шығындардың, сондай-ақ көше-жол желісіндегі апаттылық деңгейін төмендетуге қабылданатын шаралардың тиімділігінің мониторингі;
    8. қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды, жобаларды, "VISION ZERO" бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
    9. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;
    10. баламалы көлік түрлерін дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
    11. такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
    12. такси тасымалдаушысы ретінде қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін жүргізу;
    13. әуежайларда, вокзалдарда, сауда объектілерінде, базарларда, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс саябақтары), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау;
    14. электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
    15. тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
    16. электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін жүргізу;
    17. каршеринг, карпулинг (рейдшеринг), велосипедпен жүру, электр самокаттар және қалалық мобилділіктің басқа да баламалы түрлерін нормативтік реттеу және ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
    18. қолданыстағы веложолақтардың қауіпсіз жұмыс істеуін, сақталуын және жақсартылуын қамтамасыз ету;
    19. велосипед инфрақұрылымын келісу және салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
    20. паркингтер салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
    21. ақылы коммуналдық автотұрақ орындарын (автотұрақ) ұйымдастыру;
    22. тротуар үлгісіндегі ақылы коммуналдық автотұрақтарды пайдалану және пайдалану құқығымен жабдықтау, абаттандыру бойынша конкурс өткізу;
    23. автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкаларының мөлшері айқындалатын автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын айқындау;
    24. ақылы автотұрақ орындарын (автотұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
    25. жұмыстарды үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру:

    1) коммуналдық меншікке жататын уақытша тұрақтарды, тұрақтарды, паркингтерді, айыппұл тұрақтарын, автокөлік аялдамаларын пайдалануға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге;

    2) коммуналдық меншікке жататын уақытша тұрақтарды, тұрақтарды, паркингтерді және айыппұл тұрақтарын ұйымдастыру бойынша жаңғырту, сервисті жақсарту, мониторинг жүргізу және қызметтерін есепке алу бойынша;

    1. ұсталған көліктерді сақтау бойынша мамандандырылған тұраққа көлік құралдарын эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастыру;
    2. жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
    3. жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру;
    4. тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу;
    5. жол-көлік инфрақұрылымы, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету;
    6. өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындау барысына жұмысты үйлестіру;
    7. көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдалануға қабылдау және оларды коммуналдық меншікке беру;
    8. келісу кезінде қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің болуын қамтамасыз ету;
    9. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
    10. көлік құралдарының жекелеген қалалық аумақтарға кіруіне әртүрлі шектеулер енгізе отырып, жол жүрісін ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеу (құру) және ақпараттық қамтамасыз ету;
    11. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қалааралық және облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;
    12. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;
    13. жолаушылар мен багажды қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестелерін бекіту;
    14. қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын (шығыстарын) субсидиялау;
    15. Алматы қаласы мәслихатының шешімі негізінде қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру;
    16. қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және куәліктерді беруді жүзеге асыру;
    17. автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
    18. тұрақты көлікті дамытуды ескере отырып, көліктік жоспарлауды қамтамасыз ету;
    19. жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдары бойынша маршруттар мен қозғалыс кестесін келісу;
    20. жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;
    21. өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру;
    22. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;
    23. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
    24. өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
    25. петицияларды қарау.
    26. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыретінің шегінде Басқарманың құқықтары:

    1) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қажетті мәліметтерді, ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

    2) Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басшыларының немесе оларды алмастыратын адамдардың, басшы орынбасарларының тоқсан сайынғы есептерін тыңдауға;

    3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін келісімдер, меморандум жасасуға;

    5) Aлматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізуге;

    6) белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдерінің және өкімдерінің, Алматы қаласы мәслихатының шешімдерінің жобаларын енгізуге;

    7) жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру саласында мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің жанынан арнайы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтары және басқа да кеңесші органдар құруға бастамашылық жасау;

    8) жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы мамандармен конференциялар, семинарлар, оқытудың және тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыру;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен сотқа талап - арызбен жүгінуге;

    10) оған берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;

    11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

    3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

    1. Басқармаға басшылықты, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
    2. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
    3. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
    4. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

    1) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың, Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары және Алматы қаласы әкімі бұйрықтарының орындалуына дербес жауап береді;

    2) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

    3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

    4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау шараларын қабылдайды;

    5) шарттар жасасады;

    4) сенімхаттар береді;

    7) банк шоттарын ашады;

    8) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

    9) Басқарманың барлық қызметкерлері, сонымен қатар номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарма қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

    10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

    11) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген немесе еңбек шарттарын жасасқан жағдайларға конкурс арқылы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

    12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда, Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшыларын аттестаттауды жүргізеді;

    13) Баcқарманың бөлім басшы қызметкерлерінің және өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;

    14) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;

    15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте және жағдайларда Басқарманың қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

    16) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайларда көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

    17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Басқарама басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    1. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

    4-тарау. Басқарманың мүлкі

    1. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

    Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік Алматы қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
    2. Егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

    5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

    1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Басқарманың қарамағындағы мекемелердің тізбесі:

    1. "Алматыэлектркөлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
    2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы паркинг" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
    3. "Алан паркинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
    4. "Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

    Алматы қаласы әкімдігінің
    2025 жылғы "__"____________
    № ______ қаулысына 4 қосымша

    Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

    1) "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулысы;

    2) "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 4/647 қаулысы;

    3) "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 2/279 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы;

    4) "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 14 маусымдағы № 2/345 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы.




    © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Жүктеу
    bc73af93e61ad2aeddbf15496274f3a990f760743ab46d96c10e4f9663e1a34b_original.35291.docx
    DOCX · 34 КБ
    Жүктеу
    0eb8fe6f62757534f4b700ed0fdd545d90baf9d65cb625209604b608f22c7092_original.35149.docx
    DOCX · 34 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    № 2 ХАТТАМА Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия отырысы

    БЕКІТЕМІН Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия төрағасы _________________ Диханбаев Е. № 2 ХАТТАМА Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия отырысы Өткізілг...