№ 2 ХАТТАМА Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия отырысы

    «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ

    БЕКІТЕМІН

    Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия төрағасы

    _________________ Диханбаев Е.

    № 2 ХАТТАМА

    Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия отырысы

    Өткізілген орны: Алматы қ., Республика алаңы, 4

    Өткізілген күні мен уақыты: 28.11.2025 ж., 02.12.2025 ж., 03.12.2025 ж., сағат 10:00

    30.12.2025 ж. сағат 10:30

    16.02.2026 ж., 07.08.2026 ж. сағат 11:00

    Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) Алматы қаласы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 11Ө өкіміне сәйкес мына құрамда:

    СМАТЛАЕВ

    Алмасхан Бауржанович

    –

    Алматы қаласы әкімінің қоғамдық көлік мәселелеріне жетекшілік ететін бірінші орынбасары, комиссия төрағасы;

    ДИХАНБАЕВ

    Ержан Айтханұлы

    Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

    ЕШАНҚҰЛ

    Азамат Көмекбайұлы

    –

    Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы басшысының қоғамдық көлік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;

    АДАЕВ

    Нурум Гвайдуллович

    –

    Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасы даму бюджеті мен нақты секторды жоспарлау бөлімінің бас маманы;

    ЖАЙНАРБАЙ

    Жалынбек

    –

    Алматы қаласы мәслихатының коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобильділік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша), комиссия мүшесі;

    АХАТОВА

    Дана Амантаевна

    –

    «Алматы қаласының жолаушылар тасымалдау кәсіпорындары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті, комиссия мүшесі;

    ТАЛДЫБАЕВ

    Алтынбек Муканбекович

    –

    Қазақстан Республикасы көлік-жол кешені қызметкерлері салалық кәсіподағының Алматы филиалының төрағасы, комиссия мүшесі;

    УРАЗБАХТИН

    Вячеслав Радикович

    –

    «Алматы көлік холдингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, комиссия мүшесі;

    МУРЗАКУЛОВА

    Жанна Орынбасаровна

    –

    Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі;

    ОШАКБАЕВА

    Рахила Есеналиевна

    –

    Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының құқықтық, қаржылық және экономикалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

    ЧЕГЕБАЕВ

    Ержан Бахтиерович

    –

    Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының қоғамдық көлікті ұйымдастыру бөлімінің басшысының м.а., комиссия хатшысы

    тасымалдаушылар ұсынған 2025 жылғы 28 қарашадағы, 2, 3, 30 желтоқсандағы және 27.07.2026 жылғы тарифтік есептерді №№ 1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 5в, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 29р, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 254, 255, 256, 257, 258, 1Т, 5Т, 6Т, 7Т, 9Т, 11Т, 12Т, 19Т, 25Т бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты маршруттармен тасымалдау қызметтерін көрсету тарифтері бойынша есептерді қарады.

    Комиссия отырысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағына сәйкес комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 бөлігінен астамы қатысқандықтан, заңды болып табылады (қатысқандар: Диханбаев Е.А., Ешанқұл А.К., Ахатова Д.А., Талдыбаев А.М., Мурзакулова Ж.О., Адаев Н.Г.; қатыспағандар: Жайнарбай Ж., Уразбахтин В.Р.). Сондай-ақ комиссия жұмысына шақырылған консультант-аудитор Доспамбетов А.Б. қатысты:

    КҮН ТӘРТІБІ:

    Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтерін көрсету тарифтері бойынша тасымалдаушылардың есептерін 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес қарау.

    Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау кезінде тарифтер бойынша есептеулердің бірыңғай әдістемелік негізін қамтамасыз ету және оларды бірыңғай қолдану мақсатында жекелеген мәселелер бойынша мыналарды қабылдау ұсынылады: 2025 жылға бастапқы деректер – 365 күн.

    Күндер

    РД

    СД

    ВД

    ПД

    Қаңтар

    20

    5

    45

    3

    31

    Ақпан

    20

    4

    4

    28

    Наурыз

    18

    3

    6

    4

    31

    Сәуір

    22

    4

    4

    30

    Мамыр

    17

    5

    5

    4

    31

    Маусым

    22

    4

    4

    30

    Шілде

    22

    4

    4

    1

    31

    Тамыз

    20

    5

    5

    1

    31

    Қыркүйек

    22

    4

    4

    30

    Қазан

    21

    5

    4

    1

    31

    Қараша

    21

    4

    5

    30

    Желтоқсан

    22

    4

    4

    1

    31

    Барлығы:

    246

    50

    54

    15

    365

    1. Автомобиль отынына жұмсалатын шығындар:
    • Тасымалдаушылар ұсынған тарифтік есептерде дизель отынының соңғы қазан айында нақты сатып алынған орташа құны ҚҚС-ты (12%) ескере отырып, 317,0 теңгеден 336,0 теңгеге дейін құбылады. Желтоқсан айында маусымаралық (қысқы) дизель отынын нақты сатып алу көлемі маршруттағы отынның жалпы айлық көлемінің 33%-ынан азды құрайды. Осыған байланысты тасымалдаушының нақты (болжамды) шығындарын субсидиялау, сондай-ақ тасымалдаушылардың желтоқсан айында маршруттағы ай сайынғы қажеттілік көлемінің 33%-ынан аз мөлшерде қысқы отын сатып алуына байланысты бюджет субсидияларын артық төлеуге жол бермеу мақсатында дизель отынының (жазғы және қысқы) 1 литріне нақты сатып алынған отын көлеміне қарай бірыңғай орташа құнын белгілеу ұсынылады. Осыған байланысты барлық маршруттар бойынша орташа құнды ҚҚС-ты 16% ескере отырып, 344,54 теңге мөлшерінде айқындау ұсынылады.

    №

    Сатып алынған отын көлемі, литр

    Ай

    Дизель

    Бір литрінің бағасы, ҚҚС-ты қоса алғанда, теңге*

    Жалпы құны

    1

    1 100 000 (немесе 100%) (334 күн)

    қаңтар - қараша

    жазғы

    328,17

    360 987 000

    12

    67 742 (немесе 68%) (30 күннің 21 күні = 68%)

    желтоқсан

    21 күнге жазғы

    328,17

    22 230 892

    32 258 (немесе 32%) (31 күннің 10 күні = 32%)

    10 күнге қысқы

    495

    15 967 710

    Барлығы

    1 200 000

    399 185 602

    Отынның орташа бағасы

    ҚҚС 12%

    332,65

    Отынның орташа бағасы

    ҚҚС 16%

    344,54

    • Газдың құны 150 теңге. ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты 01.01.2026 жылдан бастап қосылған құн салығы 16% болады, осыған байланысты газдың құнын 156 теңге мөлшерінде айқындау ұсынылады.
    • Электр энергиясының құны ҚҚС бойынша өзгерістерді ескере отырып, нақты сатып алу құны бойынша айқындалады.
    • Маршруттардың жоспарлы көрсеткіштері мен ұзақтығын Басқарма бекітеді, ал нөлдік жүрістерді Алматы қаласының «Көлік холдингі» ЖШС кестелер негізінде айқындайды.
    • Тарифтік есептерге халықаралық практика мен зерттеулерге сәйкес барлық маршруттар бойынша шығулар мен рейстер санының жоспарлы көрсеткіштерін төмендету бойынша өзгерістер енгізілді. Аталған ұсыныс консультант-аудиторлармен есептелді. Хаттамаға түсіндірме жазба №1 қосымша ретінде қоса беріледі.
    • Отын шығысының базалық нормасы:
    1. «YZ Trade Company» ЖШС өндіруші зауытының ресми дистрибьюторының 25.09.2023 жылғы №112 хаты негізінде Isuzu маркалы автобустар үшін барлық маршруттар бойынша отын шығысының бірыңғай орташа базалық нормалары: HC 40 – 18 л/100 км; LE 60 – 25 л/100 км;
    2. «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС өндіруші зауытының ресми дистрибьюторы негізінде ГАЗ А63R42-10 маркалы (дизель) автобустар үшін отын шығысының бірыңғай базалық нормасы – 18 л/100 км;
    3. «Меридиан-авто» ЖШС өндіруші зауытының ресми дистрибьюторының 24.08.2023 жылғы №24.08-2 хаты негізінде ZHONG TONG BUS LCK6105HG маркалы (дизель) автобустар үшін барлық маршруттар бойынша отын шығысының бірыңғай базалық нормасы – 40 л/100 км;
    4. ZHONG TONG BUS HOLDING CO., LTD өндіруші зауытының 13.11.2025 жылғы хаты негізінде ZHONG TONG BUS LCK6125HGА маркалы (дизель) автобустар үшін отын шығысының базалық нормасы – 45 л/100 км;
    5. YUTONG HONGKONG LIMITED өндіруші зауытының 07.11.2023 жылғы ресми хаты негізінде YUTONG маркалы (дизель) автобустар үшін барлық маршруттар бойынша отын шығысының бірыңғай базалық нормалары: - ZH6108HGH (дизель) – 40 л/100 км; - ZH6118HGА (дизель) – 45 л/100 км; - ZH6118HGH (дизель) – 45 л/100 км;
    6. «Qaz Tehna» ЖШС өндіруші зауытының 31.01.2024 жылғы №174 ресми хаты негізінде YUTONG (CNG) қалалық автобустары үшін барлық маршруттар бойынша отын шығысының бірыңғай базалық нормалары:

    - ZК6852НG (газ) – 35,02 л/100 км; - ZК6108НGН (газ) – 45,47 л/100 км; - ZК6118НGА (газ) – 50,62 л/100 км;

    - ZК6116НG (газ) – 46,2 л/100 км; - ZК6890НGQ (газ) – 33,2 л/100 км; - ZК6126НG (газ) – 49,0 л/100 км;

    1. «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіруші зауытының 01.08.2023 жылғы №669 ресми хаты негізінде Golden dragon маркалы автобустар үшін дизель отынының барлық маршруттар бойынша бірыңғай орташа базалық нормалары: - XML 6105 CR (дизель) – 45 л/100 км; - XML 6125 CR (дизель) – 50 л/100 км;
    2. «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіруші зауытының 13.12.2023 жылғы №989 ресми хаты негізінде Golden dragon маркалы автобустар үшін газ (метан) отынының барлық маршруттар бойынша бірыңғай орташа базалық нормалары: - XML 6105 CR (газ) – 38-45 м³/100 км; - XML 6125 CR (газ) – 55-65 м³/100 км; - XML 6185 CR (газ) – 72-88 м³/100 км;
    3. «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіруші зауытының 12.11.2025 жылғы №807 ресми хаты негізінде Golden dragon маркалы автобустар үшін электр энергиясы бойынша отын шығысының барлық маршруттар бойынша бірыңғай орташа базалық нормалары: - XML 6125 CE (э/э) – 81-85 кВт·сағ/100 км; - XML 6185 CE (э/э) – 150-155 кВт·сағ/100 км;
    4. FOTON BJ6123C6CND, FOTON BJ6180C6CND маркалы автобустар үшін барлық маршруттар бойынша отын шығысының бірыңғай орташа базалық нормасы – 70 м³/100 км;
    5. өндіруші зауыттың ресми хаты негізінде Skywell NJL6128BEV электробусы үшін электр энергиясының шығыс нормасы – 120 кВт·сағ/100 км;
    • Отын шығысының базалық нормасына үстеме коэффициенттер

    Тасымалдаушылар ұсынған тарифтік есептерде отын шығысының базалық нормасына 27,63% мөлшерінде жиынтық үстеме коэффициент қолданылған. Бұл коэффициенттер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.08.2009 жылғы №1210 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар-жағармай материалдары шығысының және автокөлікті ұстау шығыстарының нормаларын бекіту туралы» қаулысынан алынған, онда олардың мәндері тіркелген пайыз ретінде емес, диапазондық пайыз («5%-ға дейін» немесе «10%-ға дейін») ретінде көрсетілген.

    Барлық маршруттар үшін отын шығысының базалық нормасына ең жоғары емес, орташа пайыз деңгейінде жиынтық үстеме коэффициентті белгілеу, атап айтқанда:

    • пайдалану жағдайларының климаттық ерекшеліктері (суық мезгілдің ұзақтығы – 5 ай, 1 қарашадан 31 наурызға дейін) – 2,08% (5 ай * 5% (10%-дың орташа пайызы) / жылына 12 ай);
    • таулы жағдайлар (Алматы қаласының теңіз деңгейінен биіктігі 500-ден 1000 метрге дейін) – 3,85% (теңіз деңгейінен биіктіктің орташа мәні Алматы қаласының топографиялық картасына сәйкес 770 м = 3,85%);
    • жол қозғалысының тығыздығы (халқы 1 млн адамнан астам қала) – 9% («600 мыңнан 1 млн адамға дейін – 8%» және «1 млн адамнан астам – 10%» көрсеткіштерінің орташа мәні – 9%);
    • жолаушыларды отырғызу және түсіруге байланысты жиі тоқтаулар – 10%;

    Барлық маршруттар үшін отын шығысының базалық нормасына жиынтық үстеме коэффициент құрамына мынадай коэффициенттерді енгізу:

    • кондиционерді пайдалану кезінде – 0,62% (3 ай * 2,5% (5%-дың орташа пайызы) / жылына 12 ай);
    • қысқы немесе суық (тәуліктік орташа температура +5С-тан төмен болған кезде) мезгілде автобустарды іске қосу және жылыту қажет болған жағдайда (тәуелсіз жылытқыштар болмаған кезде), сондай-ақ жолаушыларды күту кезінде қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған бос жүрісте отынның нормативтік шығыны қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған бір сағат тоқтап тұру есебінен – 2,08% (Алматы қаласы, қысқы 5 ай * 5 (10%-дың орташа пайызы) + жазғы 7 ай * 0%) / 12 ай = 2,08%).

    Қала маңындағы маршруттар үшін отын шығысының базалық нормасына жалпы қорытынды жиынтық үстеме коэффициенті төменде көрсетілген ерекшеліктер негізінде әрбір қала маңындағы маршрут бойынша жеке белгіленді. 1-кесте қосымшада.

    1. Автобустардың құнына байланысты шығындар

    Тарифтік есептерде тасымалдаушылар сатып алу-сату шарттарына, лизинг шарттарына сәйкес автокөлік құралдарын сатып алу туралы ақпарат ұсынды, мұнда жаңа автобустар бойынша сатып алу құны сатып алған сәттен бастап үш жылға дейінгі мерзімге есепке алынады. 3 жылдан асқан автобустар бойынша 2023-2024, 2025 жылдардағы жылжымалы құрамның бағалауы ұсынылды, ол 03.12.2025 жылғы тарифтік комиссияның қарауына есептерді беру кезінде жарамды болды. Қағидаларға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар айқындаған автокөлік құралдарының құны айқындалған күннен бастап үш жыл ішінде жарамды. Лизингке сатып алынған автобустар бойынша лизинг сомасы шарт пен төлем кестесі негізінде есепке алынады.

    1. Шиналарға байланысты шығындар

    Тасымалдаушылар 2025 жылға автокөлік шиналарын сатып алғанын растайтын құжаттарды ұсынды, онда есептеу жүргізілген сәттегі шиналардың бір жиынтығының теңгедегі орташа сатып алу бағасы көрсетілген. 2026 жылға шиналардың құны түзетіліп, қосылған құн салығын – 16%-ды ескере отырып орташа мәні шығарылды.

    1. Еңбекақыға байланысты шығындар

    Тарифтік есептерде автокөлік құралы жүргізушісінің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасы бойынша немесе тасымалдаушы тіркелген өңір бойынша көлік және қоймалау саласындағы бір қызметкердің (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоса алғанда) статистикалық деректер бойынша өтінім берілген тоқсанның алдындағы тоқсанда қалыптасқан орташа айлық атаулы жалақы деңгейіне сәйкес белгіленеді.

    Қазіргі уақытта статистика органдарының сайтында мынадай есептер жарияланған:

    - 2025 жылғы 3-тоқсан бойынша Т-14-01-К_3_2025 (жарияланған күні 10.11.2025), онда Алматы қаласы бойынша «Көлік және қоймалау» бөлімі бойынша орташа айлық жалақы 774 118 теңгені құрайды.

    - 2025 жылғы 3-тоқсан бойынша Т-14-02-К_3_2025 (жарияланған күні 10.11.2025), онда Республика бойынша «Көлік және қоймалау» бөлімі бойынша орташа айлық жалақы 625 844 теңгені құрайды.

    - 2025 жылғы 4-тоқсан бойынша Т-14-01-К_3_2025 (жарияланған күні 03.04.2026), онда Алматы қаласы бойынша «Көлік және қоймалау» бөлімі бойынша орташа айлық жалақы 798 753 теңгені құрайды.

    - 2025 жылғы 4-тоқсан бойынша Т-14-02-К_3_2025 (жарияланған күні 03.04.2026), онда Республика бойынша «Көлік және қоймалау» бөлімі бойынша орташа айлық жалақы 640 676 теңгені құрайды.

    Қағидалардың 4-тарауының 31-тармағының 7) тармақшасына сәйкес маршруттағы әрбір автокөлік құралына бекітілген жүргізушілердің нормативтік саны есептік формула бойынша айқындалады, мұнда саны бір автобусқа 1,6-дан 4 адамға дейін құрады.

    Enbek.kz базасында тіркелген еңбек шарттары мен 2025 жылға еңбекақы төлеу ведомостарына сәйкес жүргізушілер саны 1,8-ден 2,8 адамға дейін құрады.

    1. Үстеме шығыстар

    Жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты шығындарды бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының 4-тарауы 31-тармағының 8) тармақшасына сәйкес «үстеме шығыстардың нормативтік сомасының пайызы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес расталған есептік үстеме шығыстар сомасының көлеміне байланысты 20%-ға дейін құрайды». Тасымалдаушылар үстеме шығыстар бойынша әртүрлі пайыз ұсынды, үстеме шығыстар сомасы расталған есептік үстеме шығыстар сомасының көлеміне байланысты 10%-дан 23%-ға дейін құрады.

    1. Электрондық жол жүру ақысын төлеу жүйесі (ЭЖАЖ) операторының қызметтерін (оператордың электрондық жүйесі пайдаланатын жабдықты қызмет көрсету, ұстау және жөндеу) ескеретін шығындар (тасымалдаушы төлеген жағдайда)

    Алматы қаласында 2015 жылғы қазаннан бастап бір ЭЖАЖ операторы – «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС жұмыс істеді, комиссиялық сыйақы мөлшері – 7%. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру және қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу тәсілдерін жетілдіру мақсатында 2026 жылғы наурыздан бастап екінші ЭЖАЖ операторы – «Smart mobility Almaty» ЖШС жұмыс істей бастады, комиссиялық сыйақы мөлшері – 9%.

    1. Жолаушылар ағыны – есептерде көрсетілген деректер алдыңғы жылғы, яғни 2025 жылғы нақты тасымалданған жолаушылар саны болып табылады. Сонымен қатар Алматы қаласы мен қала маңындағы қоғамдық көлікте жолақысыз жүру бойынша мониторинг жүргізілгенін атап өтеміз, оның нәтижесінде билетсіз жолаушылардың үлесі 35%-ды құрады.

    Комиссия Қағидалардың 9-тармағына, 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және тасымалдаушылар ұсынған тарифтік есептерді қарап, бюллетеньдер негізінде ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын ескере отырып, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастар тарифтері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын назарға ала отырып, ШЕШТІ:

    №№ 1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 5в, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 29р, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 254, 255, 256, 257, 258, 1Т, 5Т, 6Т, 7Т, 9Т, 11Т, 12Т, 19Т, 25Т тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтерін көрсету тарифтері бойынша есептерді мына ескертулерді ескере отырып бекіту:

    1. Консультанттардың ұсынымдарына сәйкес барлық маршруттар бойынша шығулар мен айналым рейстерінің санын азайту:

    - Халықаралық практикаға сәйкес қалалық маршруттар бойынша қысқарту жүргізілді, тәуліктер бойынша шығулар саны: жұмыс күндері 20%-ға дейін, сенбі күндері 10%-ға дейін, жексенбі күндері 25%-ға дейін, мереке күндері 35%-ға дейін азайтылды.

    - Қалалық маршруттар бойынша қысқарту жүргізілді, тәуліктер бойынша айналым рейстерінің саны: жұмыс күндері 10-20%-ға, сенбі күндері 5-10%-ға, жексенбі күндері 12,5-25%-ға, мереке күндері 17,5-35%-ға азайтылды.

    1. Автомобиль отынына жұмсалатын шығындар үшін бірыңғай құн белгілеу: - дизель отыны үшін ҚҚС-ты қоса алғанда 344,54 теңге; - газ үшін ҚҚС-ты қоса алғанда 156 теңге; - электр энергиясы – нақты сатып алу құны бойынша;
    • Отын шығысының базалық нормасын өндіруші зауыттар ұсынған деректерге сәйкес айқындау:

    Isuzu маркалы автобустар үшін: - Isuzu HC 40 – 18 л/100 км; - Isuzu LE 60 – 25 л/100 км; ГАЗ А63R42-10 маркалы автобустар үшін – 18 л/100 км; ZHONG TONG BUS маркалы автобустар үшін: - LCK6105HG (дизель) – 40 л/100 км; - LCK6125HGА (дизель) – 45 л/100 км;

    YUTONG маркалы автобустар үшін: ZH6108HGH (дизель) – 40 л/100 км; ZH6118HGА (дизель) – 45 л/100 км; ZH6118HGH (дизель) – 45 л/100 км; ZК6852HG (газ) – 35,02 л/100 км; ZК6108HGН (газ) – 45,47 л/100 км; ZК6118HGА (газ) – 50,62 л/100 км; ZК6116HG (газ) – 46,2 л/100 км; ZК6890HGQ (газ) – 33,2 л/100 км; ZК6126HG (газ) – 49 л/100 км;

    Golden dragon маркалы автобустар үшін: XML 6105 CR (дизель) – 45 л/100 км; XML 6125 CR (дизель) – 50 л/100 км; XML 6105 CR (газ) – 38-45 м³/100 км; XML 6125 CR (газ) – 55-65 м³/100 км; XML 6185 CR (газ) – 72-88 м³/100 км; XML 6125 CE (э/э) – 81-85 кВт·сағ/100 км; XML 6185 CE (э/э) – 150-155 кВт·сағ/100 км

    FOTON маркалы автобустар үшін

    - BJ6123C6CND, FOTON BJ6180C6CND – 70 м³/100 км;

    Skywell NJL6128BEV – 120 кВт·сағ/100 км; NJL6108BEV – 120 кВт·сағ/100 км электробустары үшін;

    • Отын шығысының базалық нормасына үстеме коэффициенттер

    Төменде тиісті ескертулер көрсетілген автобус маркалары мен маршруттарды қоспағанда, қалалық маршруттар үшін отын шығысының базалық нормасына жалпы қорытынды жиынтық үстеме коэффициентті 27,63% (2,08 + 3,85 + 9 + 10 + 0,62 + 2,08) мөлшерінде белгілеу.

    Қала маңындағы маршруттар үшін отын шығысының базалық нормасына жалпы қорытынды жиынтық үстеме коэффициентті 20,13% мөлшерінде белгілеу, сондай-ақ төменде көрсетілген ерекшеліктер негізінде әрбір қала маңындағы маршрут бойынша жеке айқындау. 1-кесте қосымшада.

    • Нөлдік жүрістердің схемаларын бекітіп, оларды Алматы қ. «Көлік холдингі» ЖШС деректері бойынша қабылдау;
    1. Автобустардың құнына байланысты шығындар. Барлық маршруттар бойынша автобустардың құнын сатып алу-сату, лизинг шарттары және көлік құралын бағалау ұсынылған құжаттарға сәйкес айқындау;
    2. Автокөлік шиналарына жұмсалатын шығындар бойынша шиналардың жүрісінің бірыңғай базалық нормаларын айқындау:

    - Isuzu HC 40, Isuzu LE 60 маркалы автобустар, газельдер үшін – 60 000 км; - Yutong, Zhongtong, Golden Dragon, Foton, Skywell маркалы автобустар үшін – 80 000 км; - троллейбустар үшін – 100 000 км; - шағын класты автобустар үшін шиналардың құнын – 30 000 теңге; - орта класты автобустар үшін шиналардың құнын – 75 000 теңге; - үлкен класты автобустар үшін шиналардың құнын – 135 000 теңге; - троллейбустардың шиналарының құнын – 175 000 теңге белгілеу.

    1. Жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығындар

    - барлық маршруттар үшін автокөлік құралдары жүргізушілерінің бірыңғай орташа айлық жалақысын 640 676 теңге мөлшерінде белгілеу;

    - маршруттағы әрбір автобусқа бекітілетін жүргізушілердің нормативтік санының ең төменгі коэффициентін 2,2 мөлшерінде айқындау;

    1. Расталған нақты шығындар бойынша үстеме шығыстардың нормативтік сомасының ең төменгі пайызын 10%, ең жоғарысын 15% мөлшерінде айқындау.
    2. Электрондық жол жүру ақысын төлеу жүйесі (ЭЖАЖ) операторының қызметтерін ескеретін шығындарды (оператордың электрондық жүйесі пайдаланатын жабдыққа қызмет көрсету, ұстау және жөндеу) 7% мөлшерінде айқындау.

    Тарифтік есептерге тиісті қайта есептеуді мына жағдайларда жүргізу:

    - Басқарма маршруттың жоспарлы көрсеткіштеріне бұрын комиссия тарифтік есептерде қараған көрсеткіштермен салыстырғанда шығулар, айналым рейстері, негізгі және резервтік көлік құралдары санының, маршрут ұзақтығының немесе нөлдік жүрістің азаюын не ұлғаюын көздейтін өзгерістер енгізген жағдайда;

    - осы хаттамадан туындайтын қажетті шараларды қабылдау;

    1. Осы хаттаманың қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 2028 жылғы 31 желтоқсанда тоқтатылады. Маршрут құны мына жағдайларда қайта қаралады: сыртқы баға факторларына байланысты тасымалдаушы шығындарының 10%-дан астам өсуі кезінде; маршрут сипаттамалары (рейс, кесте, ұзақтығы, жылжымалы құрам) өзгерген кезде – шығындардың ірілендірілген есептеулері тәртібімен (Қағидалардың 4-тарауы); жылына кемінде бір рет (Қағидалардың 8, 9, 10-тармақшалары).

    Қосымша:

    • Маршруттың құны (тұрақты маршруттар бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялауға бағытталатын сомалардың көлемі), __ парақта;

    №

    Т.А.Ә.

    Қолдайды +, Қарсы -

    қолы

    1

    СМАТЛАЕВ

    Алмасхан Бауржанұлы

    2

    ДИХАНБАЕВ

    Ержан Айтханұлы

    3

    ЕШАНҚҰЛ

    Азамат Көмекбайұлы

    4

    АДАЕВ

    Нурум Гвайдуллович

    5

    ЖАЙНАРБАЙ

    Жалынбек

    6

    АХАТОВА

    Дана Амантаевна

    7

    ТАЛДЫБАЕВ

    Алтынбек Муканбекұлы

    8

    УРАЗБАХТИН

    Вячеслав Радикович

    9

    МУРЗАКУЛОВА

    Жанна Орынбасаровна

    10

    ОШАКБАЕВА

    Рахила Есеналиевна

    11

    ЧЕГЕБАЕВ

    Ержан Бахтиерұлы

    Жүктеу
    a6afcfc4bd7fff2b735fe52455e2fb3c_original.4085609.PDF
    PDF · 3,9 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    Коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 3/632 қаулысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Рес...