Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Тельжан ауылдық округі әкімінің аппараты
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-әкім аппараты)Телжан ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледі.
Жаңалықтар
Құжаттар
Талдамалық анықтама
КелісілдіТельжан ауылдық округінің әкіміУәлиханов ауданыСолтүстік Қазақстан облысы____________ С. Утигенова Ішкі талдау жүргізу туралы аналитикалық анықтама«Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Тельжан ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу туралы 2026 жылғы 28 мамырдағы №20-Ө Тельжан ауылдық округі әкімі Уәлиханов ауданының өкімі негізінде, сондай-ақ 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағына және 2016 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының №12 бұйрығына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің типтік ережелерін бекіту» туралы, жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Тельжан ауылдық округі әкімі аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізді (әрі қарай – Аппарат). Аппарат – Тельжан ауылдық округі әкімі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылық ететін мемлекеттік орган. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және Аппараттың Ережесін басшылыққа алады. Талдау кезеңі: 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 30 маусымға дейін. НОРМАТИВТІҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ1. Заңнамалық актілердегі құқықтық қайшылықтарды талдау барысында анықталған жоқ. ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ 2.1.Қызметкерлерді басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы. Округ аппаратының штаттық саны 3 мемлекеттік қызметкер мен 1 шарттық қызметкерден тұрады, техникалық және қызмет көрсету персоналы – 8 адам. Талдау кезеңінде өз еркімен жұмыстан шыққандар саны – 1. Әдептік тәртіп бұзушылықтар бойынша талдау жүргізу барысында 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 30 маусымға дейін тәртіптік жазалар болмағаны анықталды. Мүдделер қақтығысы фактілері жоқ. Теріс себептер бойынша кадрлардың ауысуы болған жоқ. 2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу. Анализ жүргізу барысында округ аппараты қызметкерлерінің жеке істерін зерттеу және мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. 2.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №165 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 5 түрдегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Тексеру кезеңінде округ әкімінің аппараты 2 мемлекеттік қызмет көрсетті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуы, қызмет көрсетуден бас тарту, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң талаптарының бұзылуы фактілері жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар орналасқан жерлерде және интернет ресурстарында орналастырылған. Ұйымдастырушылық-бақылау функциялары: Ұйымдастырушылық-бақылау жұмысына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды және зерттелді. Округ әкімінің қатысуымен активтер, есеп беру кездесулері өткізіледі, округтің негізгі іс-шараларының жоспарлары мен аппарат жұмыстарының жоспарлары бекітілуіне бақылау жүргізіледі, олардың орындалуы қадағаланады, сондай-ақ қоғамдық-саяси және мәдени іс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына бақылау жасалады. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін өкілеттіктер мен нормалар жоқ екені анықталды. 2.4. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру. Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайтын аппарат қызметінде бұзушылықтар анықталмады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін аппарат ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңына сәйкес қарайды. Талдау кезеңінде аппаратқа 13 өтініш келіп түсті, оның 9-ы жеке тұлғалардан. Өтініштерді қарау мерзімдерінде бұзушылықтар жоқ. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақтылы жүргізіледі. Деректер журналға толтырылып, «E-otinish» АЖ енгізіледі. Шағымдар түскен жоқ. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларын қабылдау «сенім телефоны» және аудан әкімінің қабылдау бөлмесі арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімінің болмаған жағдайда жауапты тұлға – бас маман Есмұханов С.Н. болып табылады. Талдау кезеңінде телефон қоңыраулары болған жоқ. Талдау кезеңіндегі өтініштерді талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысты өтініштердің жоқ екенін көрсетеді. Жалпы ұсыныстар: Ұсыныстар жоқ. ҚОРЫТЫНДЫ: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ЗРК Заңын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын іске асыру мақсатында, «Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу барысында, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданында бақылау функцияларының жоқ екендігі, қызметте, сондай-ақ функцияларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқ екендігі анықталды. Есмуханов С.Н. Айтмаканова Г.Ш. Лохан А.В.
«Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-37с «2026–2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Уәлиханов аудандық мәслихаты шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Жобаны әзірлеуші орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ. 2026 жылға арналған Телжан ауылдық округінің бюджетін нақтылау «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 31-бабының 2-тармағына, 94-бабы мен 96-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Бюджетті нақтылау «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің ұсынысы негізінде, бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында жүргізіледі. Бюджетті нақтылау көздері: Салықтық түсімдердің ұлғаюы есебінен бюджет кірістерін арттыру. Бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайту. Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруға бағытталған. Телжан ауылдық округінің әкімі С.Утигенова
Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-37 с «2026-2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Уәлиханов аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-37 с шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 70 119 мың теңге: салықтық түсімдер – 12 251 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 78 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; трансферттер түсімі – 57 790 мың теңге; 2) шығындар – 73 141,6 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге: бюджеттік кредиттер – 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге; қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 022,6 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -3 022,6 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 022,6 мың теңге; қарыздар түсімі – 0 теңге; қарыздарды өтеу – 0 теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 022,6 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын; Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы С.Саниев Уәлиханов аудандық мәслихатының 2026 жылғы маусымдағы № шешіміне 1-қосымша Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-37 с шешіміне 1-қосымша 2026 жылға арналған Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің бюджеті Санаты Атауы Сомасы, мың теңге Сыныбы Кіші сыныбы 1 2 3 1)Кірістер 70119 1 Салықтық түсімдер 12251 01 Табыс салығы 2654,4 2 Жеке табыс салығы 2654,4 04 Меншiкке салынатын салықтар 8714,6 1 Мүлiкке салынатын салықтар 92 3 Жер салығы 4 4 Көлiк құралдарына салынатын салық 2198,2 5 Бырынғай жер салығы 6420,4 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар 882 3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 882 2 Салықтық емес түсiмдер 78 01 Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 78 5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 78 3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 5 Трансферттердің түсімдері 57790 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 57790 3 Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер 57790 Функционалдық топ Атауы Сомасы, мың теңге Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бағдарлама 1 2 3 2) Шығындар 73141,6 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 332618 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 32618 001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 29660 022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 958 032 Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 2000 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 8608,2 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 8608,2 008 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 4386 009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 1000 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 3222,2 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 28987 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 28987 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау 28987 12 Көлiк және коммуникация 2928 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 2928 013 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 2928 15 Трансферттер 0,4 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,4 048 Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 0,4 3) Таза бюджеттікк редиттеу 0 Бюджеттік кредиттер 0 Санаты Атауы Сомасы, мың теңге Сыныбы Кіші сыныбы 6 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 01 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 1 Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 0 4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 Қаржы активтерін сатып алу 0 Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 5) Бюджет тапшылығы (профициті) -3022,6 6) Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) -3022,6 7) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): 3022,6 8 Қарыздар түсімі 0 01 Мемлекеттік ішкі қарыздар 0 2 Қарызалу келісім-шарттары 0 Функционалдық топ Атауы Сомасы, мың теңге Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бағдарлама 16 Қарыздарды өтеу 0 Санаты Атауы Сомасы, мың теңге Сыныбы Кіші сыныбы 9 Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 3022,6 01 Бюджет қаражаты қалдықтары 3022,6 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 3022,6