Келісілді
Тельжан ауылдық округінің әкімі
Уәлиханов ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
____________ С. Утигенова
Ішкі талдау жүргізу туралы аналитикалық анықтама
«Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Тельжан ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу туралы
2026 жылғы 28 мамырдағы №20-Ө Тельжан ауылдық округі әкімі Уәлиханов ауданының өкімі негізінде, сондай-ақ 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағына және 2016 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының №12 бұйрығына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің типтік ережелерін бекіту» туралы, жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Тельжан ауылдық округі әкімі аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізді (әрі қарай – Аппарат).
Аппарат – Тельжан ауылдық округі әкімі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылық ететін мемлекеттік орган. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және Аппараттың Ережесін басшылыққа алады.
Талдау кезеңі: 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 30 маусымға дейін.
- НОРМАТИВТІҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
1. Заңнамалық актілердегі құқықтық қайшылықтарды талдау барысында анықталған жоқ. - ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
2.1.Қызметкерлерді басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.
Округ аппаратының штаттық саны 3 мемлекеттік қызметкер мен 1 шарттық қызметкерден тұрады, техникалық және қызмет көрсету персоналы – 8 адам. Талдау кезеңінде өз еркімен жұмыстан шыққандар саны – 1. Әдептік тәртіп бұзушылықтар бойынша талдау жүргізу барысында 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 30 маусымға дейін тәртіптік жазалар болмағаны анықталды. Мүдделер қақтығысы фактілері жоқ. Теріс себептер бойынша кадрлардың ауысуы болған жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Анализ жүргізу барысында округ аппараты қызметкерлерінің жеке істерін зерттеу және мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №165 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 5 түрдегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Тексеру кезеңінде округ әкімінің аппараты 2 мемлекеттік қызмет көрсетті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуы, қызмет көрсетуден бас тарту, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң талаптарының бұзылуы фактілері жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар орналасқан жерлерде және интернет ресурстарында орналастырылған.
Ұйымдастырушылық-бақылау функциялары:
Ұйымдастырушылық-бақылау жұмысына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды және зерттелді.
Округ әкімінің қатысуымен активтер, есеп беру кездесулері өткізіледі, округтің негізгі іс-шараларының жоспарлары мен аппарат жұмыстарының жоспарлары бекітілуіне бақылау жүргізіледі, олардың орындалуы қадағаланады, сондай-ақ қоғамдық-саяси және мәдени іс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына бақылау жасалады.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін өкілеттіктер мен нормалар жоқ екені анықталды.
2.4. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру.
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайтын аппарат қызметінде бұзушылықтар анықталмады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін аппарат ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңына сәйкес қарайды.
Талдау кезеңінде аппаратқа 13 өтініш келіп түсті, оның 9-ы жеке тұлғалардан. Өтініштерді қарау мерзімдерінде бұзушылықтар жоқ. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақтылы жүргізіледі. Деректер журналға толтырылып, «E-otinish» АЖ енгізіледі. Шағымдар түскен жоқ. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларын қабылдау «сенім телефоны» және аудан әкімінің қабылдау бөлмесі арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады. Ауылдық округ әкімінің болмаған жағдайда жауапты тұлға – бас маман Есмұханов С.Н. болып табылады. Талдау кезеңінде телефон қоңыраулары болған жоқ. Талдау кезеңіндегі өтініштерді талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысты өтініштердің жоқ екенін көрсетеді.
Жалпы ұсыныстар: Ұсыныстар жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ЗРК Заңын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын іске асыру мақсатында, «Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу барысында, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданында бақылау функцияларының жоқ екендігі, қызметте, сондай-ақ функцияларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқ екендігі анықталды.
Есмуханов С.Н.
Айтмаканова Г.Ш.
Лохан А.В.