«Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-37с «2026–2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Уәлиханов аудандық мәслихаты шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Тельжан ауылдық округі әкімінің аппараты

    Жобаны әзірлеуші орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ.

    2026 жылға арналған Телжан ауылдық округінің бюджетін нақтылау «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 31-бабының 2-тармағына, 94-бабы мен 96-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

    Бюджетті нақтылау «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің ұсынысы негізінде, бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында жүргізіледі.

    Бюджетті нақтылау көздері:

    Салықтық түсімдердің ұлғаюы есебінен бюджет кірістерін арттыру.

    Бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайту.

    Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруға бағытталған.

    Телжан ауылдық округінің әкімі С.Утигенова

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Талдамалық анықтама

    КелісілдіТельжан ауылдық округінің әкіміУәлиханов ауданыСолтүстік Қазақстан облысы____________ С. Утигенова Ішкі талдау жүргізу туралы аналитикалық анықтама«Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Тельжан ауылдық...

    Шешім

    Уәлиханов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-37 с «2026-2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Уәлиханов аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-37 с шешіміне...