Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Давишев Данияр Сарагткулиевич
    Қызметкерлер

    Давишев Данияр Сарагткулиевич

    Гидрографиялық қамтықтау ету қызметінің бастығы

    2-дәрежелі капитан Данияр Давишев 1985 жылғы 3 қарашада Түрікменстанның Теджен қаласында туған. 2020 жылы М. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз институтында және 2015 жылы Корея Республикасының Әскери-теңіз академиясында әскери білім алды.

    Борамбаев Серік Жақсығалиұлы
    Қызметкерлер

    Борамбаев Серік Жақсығалиұлы

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы

    1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. 1) 1986 ж. – Алматы қ., РОМИ. 2) 2009 ж. – Атырау Мемлекеттік университеті (сырттай) әскери: 1) 1990 ж. – Киев жоғары саяси әскери-теңіз училищесі. 2) 2007 ж. – РФ ҚМ әскери университеті. 3) 2010 ж. – РФ ҚМ әскери университетінің Адъюнктурасы (сырттай) 4) 2015 ж. – Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстар 5) PhD докторы ғылыми атағы бар Әскери шені: генерал-майор (2021). 2016 жылы ІІ дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды. Отбасы жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.

    Битманов Тимур Асанович
    Қызметкерлер

    Битманов Тимур Асанович

    Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі бастығының орынбасары

    3-дәрежелі капитан Тимур Асанұлы Битманов 1988 жылғы 15 мамырда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Чунджа ауылында дүниеге келген. 2006 жылы № 9 кәсіби мектебін бітіріп, 2012 жылы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында орналасқан «Кеңес Одағының Флот Адмиралы Н.Г. Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясында» әскери білім алды.

    Қызметкерлер

    Сабиғат Ерлан Алдажарұлы

    Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі бастығының орынбасары

    3-дәрежелі капитан Ерлан Алдажарұлы Сабиғат 1989 жылғы 29 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Алматы нарықты басқару колледжін бітіріп, 2012 жылы Баку қаласындағы Әзірбайжан жоғары әскери-теңіз училищесінде әскери білім алды.

    Басқа қызметкерлер

    1
    Қызметкерлер

    Сейсенов Талгат Танатарович

    Гидрографиялық бөлімшесінің бастығы

    Капитан-лейтенант Сейсенов Талғат Танатарұлы 1994 жылы 29 шілдеде Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Республикалық "Жас Ұлан" мектебін бітіріп, 2017 жылы Түркияның Стамбул қаласындағы Әскери-теңіз академиясында әскери білім алды.