Борамбаев Серік Жақсығалиұлы

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы

    Борамбаев Серік Жақсығалиұлы
    Главнокомандующий

    Борамбаев Серік Жақсығалиұлы

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы

    Өмірбаян

    1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген.

    1) 1986 ж. – Алматы қ., РОМИ.
    2) 2009 ж. – Атырау Мемлекеттік университеті (сырттай)
    әскери:
    1) 1990 ж. – Киев жоғары саяси әскери-теңіз училищесі.
    2) 2007 ж. – РФ ҚМ әскери университеті.
    3) 2010 ж. – РФ ҚМ әскери университетінің Адъюнктурасы (сырттай)
    4) 2015 ж. – Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстар
    5) PhD докторы ғылыми атағы бар
    Әскери шені: генерал-майор (2021).

    2016 жылы ІІ дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды.

    Отбасы жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.

    1990-1992 жылдар аралығында Қызыл тулы Каспий флотилиясының әскери бөлімдерінде әскери қызметін атқарды;

    1992-2004 жылдар аралығында жергілікті әскери басқару органдарында әскери қызметін атқарды;

    2004 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың тамыз айына дейін институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары – ҚР ҚМ Әскери-теңіз институтының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы;

    2005 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың маусым айына дейін РФ ҚМ әскери бөлімінің тыңдаушысы;

    2007 жылдың маусымнан 2008 жылдың қаңтарға дейін "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері»;

    2008 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың мамырына дейін институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, институт бастығының орынбасары – Әскери-теңіз институты штабының бастығы;

    2011 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың шілде айына дейін 29011 әскери бөлімінің командирі – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары;

    2013 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың қазан айына дейін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы;

    2014 жылдың қазан айынан бастап 2015 жылдың шілде айына дейін ҰҚУ жанындағы БШФ АК тыңдаушысы;

    2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қазан аралығында Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша) – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы;

    2016 жылдың қазанынан 2019 жылғы маусым аралығында ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы;

    2019 жылдың маусымы мен қараша айлары аралығында ҚР ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы.

    2019 жылдың қарашасынан 2022 жылғы шілдеге дейін Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы;

    2022 жылдың шілдесінен 2023 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы.

    2023 жылдың ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы - ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары.

    2024 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері