Сейсенов Талгат Танатарович
Гидрографиялық бөлімшесінің бастығы
Өмірбаян
Капитан-лейтенант Сейсенов Талғат Танатарұлы 1994 жылы 29 шілдеде
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия
генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Республикалық
"Жас Ұлан" мектебін бітіріп, 2017 жылы Түркияның
Стамбул қаласындағы Әскери-теңіз академиясында әскери білім алды.
- 2012 ж.08. - 2017 ж.08.: Стамбул қ., Түркия ӘТА-ның курсанты
- 2017 ж.08. - 2017 ж.09.: Ақтау қ., 29011 әскери бөлімі командирінің өкімінде
- 2017 ж.09. - 2018 ж.05.: Ақтау қ., 21814 әскери бөлімі (3-дәрежелі) зымыран-артиллериялық кемесі штурмандық жауынгерлік бөлімінің топ командирі
- 2018 ж.05. - 2019 ж.01.: Ақтау қ., 21814 әскери бөлімі (3-дәрежелі) гидрографиялық кемесі штурмандық жауынгерлік бөлімінің командирі
- 2019 ж.01. - 2020 ж.04.: Ақтау қ., 21814 әскери бөлімі (3-дәрежелі) зымыран-артиллериялық кемесі штурмандық жауынгерлік бөлімінің командирі
- 2020 ж.04. - 2021 ж.02.: Ақтау қ., 21814 әскери бөлімі (3-дәрежелі) зымыран-артиллериялық кемесі командирінің көмекшісі
- 2021 ж.02. - 2021 ж.06.: Ақтау қ., 25425 әскери бөлімі гидрографиялық бөлімшесінің гидрографиялық партиясының бастығы
- 2021 ж.06. - қ/у дейін: Ақтау қ., 25425 әскери бөлімі гидрографиялық бөлімшесінің бастығы
Халықаралық тәжірибе және оқу
2019 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін: Үндістанның Гоа
қаласында ұзақ мерзімді шетелдік іссапар. Оқуды аяқтағаннан
кейін IHO бойынша гидрографияның халықаралық B санаты берілді.
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың наурызына дейін:
Түркияның Стамбул қаласында ұзақ мерзімді шетелдік іссапар.
Оқуды аяқтағаннан кейін IHO бойынша гидрографияның халықаралық B санаты берілді.