Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Қайырбеков Абай Серікұлы
    Министрінің орынбасары

    Қайырбеков Абай Серікұлы

    ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары-Қылмыстық аткару жүйесі комитетінің төрағасы

    Арнайы атағы - әділет полковнигі 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Е. А. Бөкетова. «Мінсіз қызметі үшін» медалімен (2018) марапатталған

    Кадр саясатыШтабтық қызметРежим, қадағалау және күзетХалықаралық ынтымақтастық
    Рыспаев Нияз Қанатұлы
    Төрағаның орынбасары

    Рыспаев Нияз Қанатұлы

    ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары

    2000 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институтын тәмамдаған II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған (2026)

    Кадр саясатыРежим, қадағалау және күзет
    Садыбеков Бақытжан Мәлікұлы
    Төрағаның орынбасары

    Садыбеков Бақытжан Мәлікұлы

    ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары

    1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2003 жылы – ҚР ІІМ Академиясын, 2006 жылы – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған (2012)

    Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысПробациялық бақылау
    Варго Сергей Леонидович
    Төрағаның орынбасары

    Варго Сергей Леонидович

    ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары

    Арнайы атағы – әділет полковнигі 2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын радиотехник мамандығы бойынша бітірген «Құрмет» орденімен (2022), «Мінсіз қызметі үшін» медалімен (2016) марапатталған

    Цифрландыру және байланыс

    Басқа қызметкерлер

    14
    Абдугалиева Гүлжан Берікқызы
    Бастық

    Абдугалиева Гүлжан Берікқызы

    Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы

    Абдугалиева Гүлжан Берікқызы 1987 жылы 15 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетін бітірген.

    Нұрғожин Ерік Қәбиұлы
    Бастық

    Нұрғожин Ерік Қәбиұлы

    Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы

    2005 жылы Павлодар облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінде қаржы-шаруашылық бөлімінің инспекторы лауазымында қызметін бастады. Сондай-ақ Павлодар облысы ІІД бақылау-аудит тобының ревизоры болып жұмыс істеді. 2018 жылдан 2022 жылға дейін Павлодар облысы бойынша Құқықтық-қамқоршылық қызметі басқармасының қаржылық қамтамасыз ету бөлімінде қызмет атқарды. Соңғы атқарған лауазымы – Павлодар облысы бойынша ПД қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.