
Садыбеков Бақытжан Мәлікұлы
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2003 жылы – ҚР ІІМ Академиясын, 2006 жылы – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған
«Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған (2012)
Еңбек жолын 1990 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы болып бастады.
1994 жылы – ҚР ІІМ ҚАЖББ Қылмыстық жазаларды орындау және жедел-режимдік жұмыс басқармасының Жедел уәкілі.
Кейінгі жылдары Алматы қаласында, Алматы облысы ҚАЖ мекемелерінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.
2002 жылы – ҚР ӘМ ҚАЖ Комитетінің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы басқармасының бастығы.
Кейін Алматы қаласы мен Алматы облысының ҚАЖД басшылық қызметтерін атқарды.
2020-2024 жылдары – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Режим, қадағалау және күзет басқармасының бастығы.
2024-2025 жылдары – Шақбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясы РММ-де қызмет етті.
2025 жылдан бастап – ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары.


