
Жахин Мадияр Бейсенұлы
Цифрландыру және жасанды интеллект басқармасы
Өмірбаян
Жахин Мадияр Бейсенұлы 1990 жылы 12 қарашада Целиноград қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары
2014 жылы ІІМ Қостанай академиясын бітірді
2024 жылы Esyl University бітірді
Еңбек жолы
2008–2010 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжінде білім алды.
2010–2015 жылдары — Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемесінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2015–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ комитетінің орталық аппаратында техникалық қамтамасыз ету, ақпараттандыру және байланыс бағыттары бойынша қызмет атқарды.
2019–2020 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінде қызмет атқарды.
2020 жылдан бастап — ҚАЖ комитетінің ақпараттандыру және байланыс саласындағы бейінді құрылымдық бөлімшесінің басшысы. Қазіргі уақытта — Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ комитетінің Цифрландыру және жасанды интеллект басқармасының бастығы.





