Қызметкерлер — Павлодар облысының прокуратурасы

    Павлодар облысының прокуратурасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Байшолақов Алмат Мұратұлы
    Прокурор

    Байшолақов Алмат Мұратұлы

    Павлодар облысының прокуроры

    Мемлекет Басшысымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Павлодар облысының прокуроры болып Байшулақов Алмат Мұратұлы тағайындалды Ол прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы, Астана қалаларының, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуратураларында және Бас прокуратурада басшылық лауазымдар атқарған. Сондай-ақ, Әділет министрлігінің Заңнама және нормативтік құқықтық актілер департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымын атқарып келді.

    Валиев Азамат Сардарбекович
    Прокурор орынбасары

    Валиев Азамат Сардарбекович

    Облыс прокурорының бірінші орынбасары

    2026 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет аға кеңесшісі Валиев Азамат Сардарбекұлы Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Павлодар облысы прокуратурасының тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының, Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының басшысы, сондай-ақ Мұнайлы ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының заңды күшіне енген сот үкімдерінің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі, сондай-ақ Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокуроры қызметтерінде жұмыс істеген. 2019 жылғы сәуірден бастап – Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары. 2024 жылғы қаңтардан бастап – Семей қаласының прокуроры. 2024 жылғы мамырдан бастап – Абай облысы прокурорының бірінші орынбасары.

    Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын, халықаралық шарттарды қолдануды, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаларын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтарын қорғау, азаматтарды жеткізу, қамауда ұстау және құқық қорғау органдарының бөлімшелерінде орналасу, сондай-ақ бұлтартпау шараларын қолдану заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
    Ермаханов Азамат Асқарұлы
    Прокурор

    Ермаханов Азамат Асқарұлы

    Облыс прокурорының орынбасары

    2025 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Павлодар облысы прокурорының орынбасары лауазымына әділет кеңесшісі Ермаханов Азамат Асқарұлы тағайындалды. Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 13 жылдан асады. Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысының Хромтау ауданы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы лауазымынан бастады. Кейінірек Ақтөбе қаласы прокурорының көмекшісі (сот актілерінің заңдылығына қадағалау және мемлекет мүддесін қылмыстық істер бойынша қорғау бағытында), Астана қаласының "Алматы" ауданы прокурорының көмекшісі (сот қаулыларының заңдылығына және азаматтық істер бойынша атқарушылық өндірісіне қадағалау), Астана қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылыққа қадағалау басқармасының прокуроры қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Астана қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасында прокурор, аға прокурор, басқарма бастығының орынбасары, Бас көлік прокуратурасының Жетісу көлік прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының “Байқоңыр” ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды. 2021 жылдың тамызынан бастап – Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары. Осы тағайындауға дейін Астана қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

    Қоғамдық мүдделерді қорғау, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттері, сотқа дейінгі тергеп-тексеру (арнайы прокурорлар желісі бойынша) саласындағы заңдылықты қадағалау
    Исқақов Ербол Кенжебекұлы
    Прокурор орынбасары

    Исқақов Ербол Кенжебекұлы

    Облыс прокурорының орынбасары

    2024 жылғы 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен Павлодар облысы прокурорының орынбасары лауазымына әділет кеңесшісі Ербол Кенжебекұлы Исқақов тағайындалды. Құқық қорғау органдарында еңбек өтілі 18 жылдан асады. Щучинск ауданы прокурорының статистика бойынша аға көмекшісі лауазымынан бастап, Қостанай, Ақмола облыстарының прокуратураларында түрлі лауазымдарында қызмет атқарды. Осы уақытқа дейін Ақмола облысы прокурорының аға көмекшісі боп қызмет атқарған.

    Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету, азаматтық, әкімшілік істер (ӘРПК), сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу

    Басқа қызметкерлер

    17
    Салханов Ерлан Маратұлы
    Прокурор

    Салханов Ерлан Маратұлы

    Павлодар облысы Павлодар қаласының прокуроры

    Салханов Е.М. 1982 жылы туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтаған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылдан бастаған. Павлодар облысының Ертіс және Үрпек (Успен) аудандары прокурорларының көмекшісі болып жұмыс істеген. Әр жылдары Павлодар облысы прокуратурасының көмекшісі, аға көмекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі аға көмекшісі, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарды. Осы тағайындауға дейін Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметін атқарған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Аға әділет кеңесшісі.

    Атығаев Қанат Серикпайұлы
    Прокурор

    Атығаев Қанат Серикпайұлы

    Ақсу қаласының прокуроры

    Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан астам. 2016-2019 жылдары Тереңкөл ауданының прокуратурасын басқарды. 2019 жылғы маусымнан бастап Ақсу қаласының прокуроры қызметін атқарады. Аға әділет кеңесшісі.

    Теміров Сержан Рахметтолинұлы
    Қызметкерлер

    Теміров Сержан Рахметтолинұлы

    Екібастұз қаласының прокуроры

    1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Прокуратура органдарында 2000 жылдан бері қызмет етіп келеді. Павлодар қ. прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма аға прокуроры, облыс прокурорының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кадр жұмысы жөніндегі аға көмекшісі, Май ауданының прокуроры, Павлодар қаласы прокурорының орынбасары, Құқық қорғау органдары Академиясының кадрлық даму басқармасының аға прокуроры лауазымдарын атқарды. 2021 жылдың қазан айынан бастап Екібастұз қаласының прокуроры. Аға әділет кеңесшісі.

    Асаинов Саят Халықбекұлы
    Прокурор

    Асаинов Саят Халықбекұлы

    Павлодар облысы Аққулы ауданының прокуроры

    Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 17 жылдан асады. Прокуратура органдары жүйесінде әртүрлі лауазымдарда (қалалық/аудандық буыннан орталық аппарат қызметкеріне дейін) жұмыс істеді. 2018 жылдың тамыз айынан бастап Ақтоғай ауданының прокуроры. Тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді. Әділет кеңесшісі.

    Шугаев Карим Маратович
    Қызметкерлер

    Шугаев Карим Маратович

    Железин ауданының прокуроры

    Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 12 жылдан астам. Қызметін 2008 жылы бастаған, кейіннен Павлодар облысының прокуратурасында әртүрлі лауазымдарды атқарған. 2018 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Железин ауданының прокуроры. Кіші әділет кеңесшісі.

    Файзулин Дастан Болатұлы
    Қызметкерлер

    Файзулин Дастан Болатұлы

    Ертіс ауданының прокуроры

    Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 17 жылды құрайды. 10 жыл облыс аппаратында жұмыс істеді. Қорытындысы бойынша соңғы аттестаттау кіруі вышестояющую лауазымы. 02.09.2020 ж. бастап Ертіс ауданының прокуроры. Әділет кеңесшісі.

    Ахметов Ермек Каиргельдинович
    Прокурор

    Ахметов Ермек Каиргельдинович

    Павлодар облысы Тереңкөл ауданының прокуроры

    Ахметов Е.К. 1984 жылы туған. «Юриспруденция» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін аяқтаған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2013 жылы бастаған. Аймақтық прокуратура жүйесінде әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Бас прокуратураның жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығына қадағалау департаменті басқармасының прокуроры болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытқа дейін Павлодар ауданының прокуроры қызметін атқарды. Аға әділет кеңесшісі.

    Рахматулла Ренат Ибрахимұлы
    Прокурор

    Рахматулла Ренат Ибрахимұлы

    Павлодар облысы Ақтоғай ауданының прокуроры

    Жалпы еңбек өтілі 25 жылдан асады, оның ішінде құқық қорғау органдарында 22 жылдан астам. Прокуратура органдарындағы еңбек қызметін Ренат Ибрахимұлы 2003 жылы Щербакты ауданы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы болып бастаған. Кейін Иртеш ауданы прокурорының көмекшісі, Павлодар қаласы прокуратурасының көмекшісі, прокурор, одан әрі Павлодар облысы прокуратурасының мемлекеттік мүдделерді сотта қорғау жөніндегі басқарма бастығы, Баянауыл ауданының және Тереңкөл ауданының прокуроры қызметтерін атқарды. 2025 жылдың қараша айынан бастап Ақтоғай ауданының прокуроры. Әділеттің аға кеңесшісі.

    Әбусейіт Жансейіт Әбусейітұлы
    Қызметкерлер

    Әбусейіт Жансейіт Әбусейітұлы

    Павлодар облысы Май ауданының прокуроры

    Ағымдағы жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Жансейіт Әбусейітұлы Әбусейіт Май ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды. Құқыққорғау органдарында еңбек өтілі 13 жылдан асады. Прокуратура қызметін 2009 жылдан бастап Ақтоғай ауданы прокурорының көмекшісінің м.а. лауазымынан бастап, Павлодар, Екібастұз қалалары, ОҚО Шымкент қаласының Еңбекші ауданы, Павлодар облыс прокуратураларында түрлі қызметтерді атқарды.

    Исаков Азимхан Бахытович
    Прокурор

    Исаков Азимхан Бахытович

    Павлодар облысы Павлодар ауданының прокуроры

    Исақов Азимхан Бақытұлы. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады. Бұған дейін Павлодар облысының прокуратура органдарында, ГТП-де, Астана қаласының прокуратурасында және Бас прокуратурада түрлі лауазымдарды атқарған. Тағайындалғанға дейін Бас Прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарған. Кіші әділет кеңесшісі.

    Халмұрзаев Бекбол Мұратұлы
    Прокурор

    Халмұрзаев Бекбол Мұратұлы

    Павлодар облысы Успен ауданының прокуроры

    Прокуратура қызметін 2013 жылдан бастап ШҚО Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастап, Өскемен, Астана қала прокуратураларында, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасында түрлі қызметтерді атқарды. Құқыққорғау органдарында еңбек өтілі 10 жылдан асады.

    Амангельдинов Алмаз Мұратұлы
    Прокурор

    Амангельдинов Алмаз Мұратұлы

    Павлодар облысы Шарбақты ауданының прокуроры

    А.М. Амангельдинов 1989 жылы туған. Инновациялық Еуразия университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 2011 жылы бастаған. Өңірлік прокуратура жүйесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды. Сыныптық шені - кіші әділет кеңесшісі.

    Әбішев Алмас Советович
    Прокурор

    Әбішев Алмас Советович

    Павлодар облысының табиғат қорғау прокуроры

    Әбішев Алмас Советұлы 1984 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2012 жылдан бастаған. Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі, Павлодар облысы бойынша қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, Бас прокуратура департаментінің прокуроры, Павлодар қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы прокуратурасы Аппаратының басшысы қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 13 жылдан асады. Әділет кеңесшісі.

    Бабаев Бахытжан Қуандықұлы
    Қызметкерлер

    Бабаев Бахытжан Қуандықұлы

    Железин ауданының прокуроры

    Жалпы еңбек өтілі 23 жыл, құқыққорғау органдарында 19 жылды құрайды. Прокуратура қызметін 2003 жылдан бастап Павлодар қаласы прокуратурасының бөлім прокурорының м.а. лауазымынан бастап, тергеу, жедел-іздестіру қызметі бойынша Павлодар қаласының прокуратурасы, облыс прокуратурасында түрлі қызметтерді атқарды. 2018 жылдан бері облыс прокуратурасының жедел-іздестіру қызметі, қарсы барлау және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы болып қызмет атқарған. 2022 жылдың қазанынан - Баянауыл ауданының прокуроры. Аға әділет кеңесшісі.

    Прокурор

    Матаев Мақсат Әділбекұлы

    Павлодар облысы Ертіс ауданының прокуроры

    Мақсат Әділбекұлы Матаев 1977 жылы 05 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыров ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1994 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданы Солнечный кентінің № 16 орта мектебін бітірді. 1994 жылдан 1995 жылға дейін Екібастұз қ. СПТУ-18-де тау-кен жабдықтарының электромонтері мамандығы бойынша оқыды.