
Өмірбаян
Мемлекет Басшысымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Павлодар облысының прокуроры болып Байшулақов Алмат Мұратұлы тағайындалды
Ол прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бастаған.
Әр жылдары Алматы, Астана қалаларының, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуратураларында және Бас прокуратурада басшылық лауазымдар атқарған.
Сондай-ақ, Әділет министрлігінің Заңнама және нормативтік құқықтық актілер департаментінің директоры,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымын атқарып келді.

