
Валиев Азамат Сардарбекович
Облыс прокурорының бірінші орынбасары
Өмірбаян
2026 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет аға кеңесшісі Валиев Азамат Сардарбекұлы Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Павлодар облысы прокуратурасының тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының, Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының басшысы, сондай-ақ Мұнайлы ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының заңды күшіне енген сот үкімдерінің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі, сондай-ақ Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокуроры қызметтерінде жұмыс істеген.
2019 жылғы сәуірден бастап – Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары.
2024 жылғы қаңтардан бастап – Семей қаласының прокуроры.
2024 жылғы мамырдан бастап – Абай облысы прокурорының бірінші орынбасары.

