Қызметкерлер — Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

    Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Тауасқан Медет Алпысбайұлы
    Қызметкерлер

    Тауасқан Медет Алпысбайұлы

    Басқарма басшысы

    2023 жылғы 26 қаңтарда Тауасқан Медет Алпысбайұлы Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды. Медет Алпысбайұлы, 1986 жылы туылған, жоғары білімі бар. 2016 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Тәрбиелік жұмыс басқармасы маманынан бастады. 2008 - 2018 жылдар аралығында Успен ауданы Сауық орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2018 жылдан 2019 жылға дейін Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарды. 2021 жылдан бастап соңғы атқарған лауазымы – Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары.

    Саменова Самал Елжасқызы
    Қызметкерлер

    Саменова Самал Елжасқызы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Самал Елжасқызы Саменова 1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университетін биология және химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2008 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін мемлекттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика және бизнес магистрі. Еңбек жолын 2006 жылы Ертіс ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің аудармашысы болып бастады. 2008-2009 жылы - Ертіс ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы. 2009-2017 жылдары – бас маман, тарихи-мәдени мұраны қорғау және талдау бөлімінің басшысы. 2017-2018 жылдары – Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет, өнер және тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің басшысы, мәдениет және өнер бөлімінің басшысы. 2018 жылдан бастап осы лауазымға тағайындауға дейін Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау және археология бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    Алтаев Кайрат Ромазанович
    Қызметкерлер

    Алтаев Кайрат Ромазанович

    басқарма басшысының орынбасары

    Алтаев Қайрат Ромазанұлы, 1976 жылы туған. Білімі жоғары, С.Торайғыров атындағы ПМУ-ді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша (2001), ИнЕУ (2015) – экономика магистрі («Мемлекеттік және жергілікті басқару»), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2024) – экономика магистрі. Еңбек өтілі: 995-2002 жылдары - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; 2003-2010 жылдары - Тереңкөл ауданындағы №3 жалпы білім беретін мектептің директоры; 2011 ж. - Павлодар педагогикалық университетінің студенттік филармониясының директоры; 2012 ж. - Павлодар ауданы, Жаңа қала ауылы орта мектебінің директоры; 2012-2013 жылдары - Тереңкөл ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы; 2013-2017 жылдары - Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Байқоныс ауылдық округінің әкімі; 2017 жылдан 2026 жылдың мамырына дейін Павлодар облысы Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2026 жылдың 1 маусымда Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Подведомственные организации

    5

    Отделы

    4

    Басқа қызметкерлер

    6