Темирбек Арман

    «Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры» КМКҚ басшысы

    Темирбек Арман
    Басшы

    Темирбек Арман

    «Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры» КМКҚ басшысы

    Өмірбаян

    Темирбек Арман 1985 жылы 5ақпанда дүниеге келді. 2007 жылы Қазақтың Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнеракадемиясын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген. 2023жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

    Еңбек жолын 2007 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан» Республикалық телерадио корпорациясында режиссерлік бөлімнің әкімшісі ретінде бастады. Кейінгіжылдары (2008-2012жж.) «Қазақстан» телеарнасының танымдық бағдарламалар бөлімінің үйлестірушісі, таңертеңгі және түнгі бағдарламалардың шығармашылық бірлестігінің үйлестірушісі қызметін атқарды. 2014 жылдан 2015 жылға дейін «Алматы қаласының оқушылар сарайының» коммерциялық директоры қызметін атқарды. 2015-2018 жылдар аралығында – «Fresh TV» ЖШС бас директорының орынбасары қызметінде болды.2018 жылдан бастап Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының басшысы болыпқызмет атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері