Захарчук Юлия Вадимовна

    «А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры» КМҚК басшысы

    Захарчук Юлия Вадимовна
    Басшы

    Захарчук Юлия Вадимовна

    «А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры» КМҚК басшысы

    Өмірбаян

    1992 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласында туған.

    2012 жылы «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп – интернат» ММ – «Хор дирижирлеу, хор жетекшісі» мамандығы бойынша аяқтады, 2016 - жылы Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтын «Музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдады, 2024 жылы- Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (ГИТИС) актерлік факультетін «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 2012 жылы музыка мектебінде жұмыс істеуден бастады. 2013 жылдан бастап А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрына актриса болып жұмысқа орналасып, бүгінгі күнге дейін еңбек етеді. 2014 жылы «Музыкальный театр с особенными детьми» жобасын іске асыру үшін «Zhas Project» Республикалық грантын жеңіп алды. 2015 жылы білім басқармасымен бірлесе отырып, ерекше балалармен Республикалық жобаны іске асырып, «Бременские музыканты» спектаклінің қойылымын жүзеге асырады. 2017 жылдан бастап және бүгінгі күнге дейін қалыпты дамитын балалар және даму ерекшеліктері бар балалар айналысатын «Театр без границ» театрын басқарып келеді. 2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Театр қайраткерлері одағының мүшесі. 2025 жылғы 1 тамыздан бастап А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2026 жылғы сәуір айынан бастап Шетелдегі орыс театрлары қайраткерлері қауымдастығының мүшесі болып табылады. 2026 жылғы шілдеден бастап А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрының басшысы болып тағайындалды. Қызметтік міндеттерімен қатар театр шығармашылығын дамытумен айналысады, спектакльдер қойылымын жүзеге асырады, республикалық және халықаралық жобаларға қатысады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері