Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі

    Бөлім туралы

    «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағында кәсіпкерлік, туризм, өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму салаларында басшылықты жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Бизнеске арналған AI-навигатор

    Бизнеске арналған AI-навигатор Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі» пилоттық жобасын іске қосты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінде хабарлады. Бұл – нормативтік құқықтық актілерден алынған бизнеске қойылатын барлық талаптарды бір жерге жинақтауға, кейін олардың нақты қызмет түріне қатыстысын анықтауға көмектесетін жасанды интеллект негізіндегі жүйе. Белгілі болғандай, бүгінде бизнеске қойылатын талаптар заңдарда, кодекстерде, қаулылар мен ведомстволық бұйрықтарда қамтылған көптеген нормативтік құқықтық актілерде белгіленген. Бір ақпарат бірнеше құжатта қатар қайталануы мүмкін, ал нормалар үнемі өзгеріп отырады. Соның салдарынан кәсіпкерге нақты өз жағдайында қандай талаптарды сақтау қажет екенін анықтау қиынға соғады. Жобаның негізгі міндеті – бұл процесті барынша қарапайым әрі түсінікті ету. Жасанды интеллектті қолданатын Тізілім қажетті талаптарды бір жерге жинақтап, кәсіпкерге қандай әрекеттерді орындау керектігін, оларды қандай мерзімде жүзеге асыру қажет екенін және орындалғанын қалай растауға болатынын кезең-кезеңімен көрсетеді. Бұл бизнеске заңнамада жылдамырақ бағдар алуға және негізгі қызметіне назар аударуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін талдап, қажетті нақты ақпаратты бөліп көрсетеді. Жүйе заңнаманы жылдам өңдеп, міндеттерді құрылымдайды. Сонымен бірге барлық жұмысты міндетті түрде адам қайта тексеріп, бекітеді. Жүйе енгізілген барлық өзгерістердің тарихын сақтайды және күнделікті қайталанатын процестерге кететін уақытты айтарлықтай үнемдейді. Тізілім кәсіпкер үшін заңнама талаптары бойынша навигаторға айналады. Пайдаланушыға ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрін таңдап, БСН-ды, саланы немесе тиісті сценарийді көрсету және бірнеше сұраққа жауап беру жеткілікті. Осыдан кейін жүйе нақты қызмет түрін ескере отырып, жеке профиль қалыптастырады. Профильде қажетті рұқсат беру құжаттары, оларға eGov.kz және eLicense.kz арқылы сілтемелер, бизнестің әртүрлі жұмыс кезеңдеріндегі талаптар, сондай-ақ тиісті реттеу салаларындағы жалпы міндеттер көрсетіледі. Қалыптастырылған профиль негізінде кәсіпкер PDF форматында анықтамалық қорытынды ала алады. Ол тілдік модельді пайдалана отырып, тек профильге енгізілген нормалар негізінде дайындалады. Осылайша бизнес қажетті ақпаратты іздеуге кететін уақытты қысқартып, өз ісін бастау немесе дамыту үшін қажетті рұқсаттар мен міндеттемелерді жылдамырақ анықтай алады. Сонымен қатар AI-навигатор заңнамадағы өзгерістерді қадағалап отырады. Нормативтік құқықтық актінің жаңа редакциясы пайда болған кезде жүйе қандай нормалардың қосылғанын, өзгертілгенін немесе алып тасталғанын көрсетеді. Мемлекет үшін Тізілім бизнеске түсетін реттеушілік жүктемені талдау құралына айналуы тиіс. Жүйе әртүрлі нормативтік құқықтық актілерде қайталанатын талаптарды, сондай-ақ олардың арасындағы ықтимал қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол құжаттарды қайта қарау мерзімдерін қадағалап, тиісті жұмысты жүргізу қажеттілігі туралы жауапты мемлекеттік органдарға алдын ала хабарлайды. Алдағы уақытта Тізілімді басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және цифрлық сервистермен интеграциялау жоспарланып отыр. Бұл бірыңғай цифрлық экожүйе құруға мүмкіндік береді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ӨЭД 2026 жылғы қаңтар тамыз

    Өнеркәсіп 2026 жылғы қаңтар-тамыз өнер кәсіп өнімін өндіру көлемі 4452,5 млн. теңгені құрады, нақты көлеминдексі-өткенжылдыңдеңгейіне 122,5 %. 2026 жылғы қаңтар–тамыз өңдеу өнер кәсібі өндірісінің көлемі 4272,8 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі– өткен жылдың тиісті кезеңіне 122,8 %. Өнімнің маңызды түрлерінің өндірісі:ет–34т, нан-524 т, ұн –7540т. Бөлшексауда айналымы. 2026 жылғы қаңтар- тамыз бөлшек сауда көлемі 4340,0 млн.теңгенін емесе 2025 жылғы ұқсас кезеңге 101,1 % -. Құрады. Облыс көлемін дегі өңірдіңүлесі-1,2 %. Көтерме сауда көлемі 2026 жылғы қаңтар-тамыз 8649,8 млн. теңгеніқұрады НКИ 106,9 %. Инвестициялы ққызмет. 2026 жылғы қаңтар–тамыз негізгі капиталға инвестициялар барлығы 12940,4 млн.теңге нінемесе 2025 жылғы ұқсас кезеңге 170,0 % -. құрады, оныңі шінде жеке инвестициялар 11945,4 немесе 280,2 %. Кәсіпкерлік 2026 жылғы 1 кырқұйек тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 654 бірлік, оның ішінде заңды тұлғалар 106,дара кәсіпкерлер 280,шаруа қожалықтары 268 ед. Жұмысістеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2026 жылғы 1 кырқұйек 632 бірлік, оның ішінде заңды тұлғалар 102 , дара кәсіпкерлер 272,шаруа қожалықтары 258 бірлік.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтары пилоттық режимде іске қосылды

    Қазақстанда кәсіпкерлерді қолдау және сүйемелдеу орталықтары пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Кәсіпкерлер бұл орталықтарға қаржыландыру, қарыздар, салықтар, мемлекеттік қолдау және өнімді өткізу мәселелері бойынша жүгіне алады. «Даму» қорының мамандары бизнеске жай ғана кеңес беріп қоймай, мәселені шешуге қай мемлекеттік органның немесе ұйымның көмектесе алатынын анықтайды. Сондай-ақ тиісті мекемелерді мәселені шешу процесіне тартып, кәсіпкердің өтініші нақты нәтиже алғанға дейін сүйемелдейді. Бұл туралы Digtial Business жазды. Кәсіпкерлерге қалай көмек көрсетіледі Қазір бірнеше мемлекеттік органның қатысуын қажет ететін мәселе туындаған жағдайда, кәсіпкер көбіне әр ұйымға жеке-жеке жүгінуге мәжбүр. Жаңа механизм осы тәсілді өзгертуге бағытталған. Кәсіпкер «Даму» қорының өңірлік филиалына жүгінеді. Мұнда мамандар алдымен мәселені жан-жақты саралап, диагностика жүргізеді. Одан кейін оны шешудің ықтимал жолы анықталып, сүйемелдеу маршруты әзірленеді. Жағдайға қарай жұмысқа мемлекеттік органдар, қаржы институттары, жергілікті атқарушы органдар және «Бәйтерек» холдингінің тобына кіретін ұйымдар тартылуы мүмкін. Бұл ретте қор барлық қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіріп, кәсіпкерге мәселе бойынша нақты шешім қабылданғанға дейін қолдау көрсетеді. Яғни мәселені шешу үшін бірнеше ұйымның қатысуы қажет болған жағдайда, кәсіпкерге әр мемлекеттік органға өз бетімен барып жүрудің қажеті болмайды. Қандай мәселелер бойынша жүгінуге болады Пилоттық жоба аясында бизнестің қаржылық тұрақтылығына және қызметін жалғастыруына тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық берілді. Кәсіпкерлерге мына бағыттар бойынша көмек көрсетіледі: берешекті қайта құрылымдау және қаржыландыруға қолжетімділікті іздеу; мемлекеттік қолдау шараларын алу; салық берешегін реттеу; өткізу нарықтарына қолжетімділікті қалпына келтіру және өнімді ілгерілету; кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту; агроөнеркәсіптік кешендегі (АӨК) бизнесті мемлекеттік қолдау және қаржыландыру мәселелері. Яғни әңгіме тек несие мәселелері бойынша кеңес берумен шектелмейді. Егер кәсіпкер бір мезетте қарыз, салық, өнімді өткізу немесе қаржыландыруға қолжетімділік мәселелеріне тап болса, оның мәселесі кешенді түрде қаралады. «Даму» консультациялар санын емес, нәтижені бағалайды Жаңа формат үшін кәсіпкердің жүгінген фактісінің өзі емес, оның қандай нәтижемен аяқталғаны маңызды. Сондықтан Орталықтардың тиімділігін бағалаудағы негізгі көрсеткіштердің бірі – реттелген өтініштердің үлесі. Сонымен қатар бизнестің қаржыландыруға және өткізу нарықтарына қолжетімділігін қалпына келтіру мүмкіндігі, проблемалық несиелер мен салық мәселелерін шешу, сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуы бақылауда болады. Орталықтардың тағы бір міндеті – жиі қайталанатын мәселелер бойынша талдау жүргізу. Егер әртүрлі өңірлердегі кәсіпкерлер үнемі бір кедергіге тап болса, бұл бизнеске қойылатын жүйелік тосқауылдарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы негізде қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары мен заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Әзірге орталықтар бес өңірде ғана жұмыс істейді Пилоттық жоба 2026 жылдың соңына дейін жалғасады. Одан кейін «Даму» қоры жаңа механизмнің тиімділігін бағалап, оны Қазақстанның басқа өңірлеріне тарату мүмкіндігі бойынша ұсыныстар әзірлейді. Қазір Кәсіпкерлерді қолдау және сүйемелдеу орталығына қордың Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы өңірлік филиалдары арқылы жүгінуге болады. Филиалдардың мекенжайлары мен байланыс деректері «Даму» қорының ресми сайтында қолжетімді. Сонымен қатар ақпаратты 1408 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік гранттар

    Әлеуметтіккәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік гранттар Кәсіпкерлік субъектілеріне гранттық қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына (бұданәрі-Қағидалар) сәйкес ұсынады. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі-әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне (бұданәрі-тізілім) енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ірікәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда). Тізілім - әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері (бұданәрі-ӘКС) болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы. Мемлекеттік гранттар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі. Мемлекеттік гранттарды мемлекет кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша өңірлік үйлестірушілер арқылы береді. Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеуге қатысушы тізілімде тіркелген ӘКС қызметінің саласына сәйкес келетін бизнес-жобаны ұсынуы тиіс. Кәсіпкерлікжәнеиндустриялық-инновациялықдамубасқармасытоқсансайынкүнтізбеліктоқсанныңалдындағыайдың1-і мен 15-і аралығында жекекәсіпкердінемесезаңдытұлғанытізілімгеқосуғаөтініштердіқабылдаудыжүзеге асырады. Ережеде ӘКС -ның төрт санаты қарастырылған. Біріншісанаттағы ӘКС -халықтың әлеуметтік осал топтарының тоғыз санатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер (бұданәрі-ХӘОТ) қызметкерлердің орташа жылдық саны қызметкерлер санының кемінде 50%, еңбекақы төлеу қорына шығыстардың үлесі кемінде 25% болған жағдайда: (мүгедектігібар адамдар; баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және өзге де заңды өкілдер зейнеткерлер мен зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар; он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен түлектері; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар; аз қамтылған, көп балалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапаттаған көп балалы аналар"немесе бұрын" Батыр ана "атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған; наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психоактивті заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар-оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде; қандастар). Екіншісанаттағы ӘКС -өндірілетінтауарларды,орындалатынжұмыстарды,ХӘОТқызметтерінсатуғаықпал ететін кәсіпкерлер.Бұл ретте мұндайқызметтіжүзеге асырудан түскенкірістердіңүлесіӘКС табыстарыныңжалпыкөлеміндекемінде50% -. құрауғатиіс. Үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектігі бар адамдар үшін олардың тыныс – тіршілігінің шектеулерін еңсеруге немесе өтеуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ ХӘОТ басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға арналған жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін тауар өндіруші кәсіпкерлер (табыстардың үлесі жалпы табыстың кемінде 50%). (Бұл әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету; әлеуметтік-медициналық қызметтер;Әлеуметтік-психологиялық қызметтер; әлеуметтік-педагогикалық қызметтер; Әлеуметтік-Еңбек қызметтері; мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасау болуы мүмкін). Төртіншісанаттағы ӘКС -қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер (бұлпсихологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер көрсету; балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастыру; әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (еріктілерін) оқыту; қоршаған ортаны қорғау болуы мүмкін). Бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары: 1) кәсіпкердің оны іске асыруға арналған шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті беретін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен); 2) жаңа жұмыс орындарын құру; 3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды. Конкурсқа қатысуға өтінімдер Басқарманың сайтында құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру ресми жарияланғаннан кейін KEZEKTE.KZ ақпараттық жүйесінің қаражаты бойынша қабылданады. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді: 1)басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса); 2) кәсіпкердің ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну қағидалары шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесін; сертификатты сайттан электрондық түрде алуға болады 3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар; (немесе) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік; 4) "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі. Кәсіпкер мемлекеттік грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және грант беру туралы шарттың талаптарын орындауға міндетті. Осы тармақтың шарттары орындалмаған кезде кәсіпкер грант қаражатын осындай хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша қайтаруға міндетті.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «QazNomad Digital» ЖШС

    «QazNomad Digital» ЖШС -ніңхатынасәйкес, орналастыруорындарынқазақстандық онлайн брондауплатформасы Qonaq.travel-георналастыруарқылыцифрландырумүмкіндігітуралыхабарлаймыз. Платформа қонақүйлерді,демалысбазаларын, санаторийлерді, глэмпингтерді, киізүйлердіжәнеапартаменттерді онлайн брондауғаарналған.Объектілердіплатформағақосутегінжүзегеасырылады, абоненттіктөлемалынбайды. Комиссия тек жүзегеасқанброндауларбойыншаұсталадыжәне 12,5%-дан 15%-ғадейінқұрайды. Жоғарыдабаяндалғандарғабайланысты, аталғанақпараттыауданаумағындаорналасқанорналастыруорындарыныңназарынажеткізудісұраймыз. «QazNomad Digital» ЖШС-ніңақпаратынасәйкес, келесіқызметтеркөрсетіледі: облыстыңорналастыруорындарынтегінқосужәнеолардыңқызметкерлеріноқыту; өңірдіңорналастыруорындарынажеке менеджер бекіту; объектілерүшінқосымшашығынсызоблыстыңтуристікбағыттарынплатформаныңмаркетингтікматериалдары мен ақпараттықарналарыарқылыілгерілету. Қосымша:1) орналастыруорындарынаарналған хат жобасы – 1 парақта; 2) Qonaq.travel платформасыныңпрезентациясы – электрондықтүрде.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары Пилоттық жобаны масштабтау бағдарламасы "ауыл АМАНАТЫ" ауыл халқының табысын арттыру

    Бизнестіқолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары Пилоттық жобаны масштабтау бағдарламасы "ауыл АМАНАТЫ" ауылхалқының табысын арттыру Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар – Қаржыландыруға өтінім беру сәтіндегі қарыз алушының жасы 18 жастан бастап болуға тиіс және жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жастан аспауға тиіс; - Дара кәсіпкер ретінде тіркеудің болуы (дара кәсіпкер, шаруа қожалығы, фермер қожалығы, Ауыл шаруашылығы кооперативі); - Кредит беруге өтінім берілген күнге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы; - Кредиттік бюролардың мәліметтері бойынша банктер мен басқа қаржы ұйымдары алдында соңғы есепті күнге (өтінім берудің ағымдағы айына) мерзімі өткен берешектің болмауы; - Кепілмен қамтамасыз етудің болуы; - Бизнесті іске асыруды қарыз алушының салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелген жері бойынша жүзеге асыру. Несиелеу Шарттары - Сыйақының номиналды пайыздық мөлшерлемесі-жылдық 2,5%. - Шағын несие сомасы-ауылдық елді мекендерде( олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда-2,5 (екі жарым) мың айлық есептік көрсеткішке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін-8,0 (сегіз) мың АЕК дейін; - Микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі-7 жылға дейін, бірақ бюджеттік кредит шартының қолданылу мерзімінен аспайды. - Жеңілдікті кезең: негізгі борыш пен сыйақы бойынша микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды. Несиелеу Бағыттары – Өсіру, өсімін молайту (мал басын ұлғайту), бордақылау және өнім алу мақсатында ет және сүт мал шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру; - Мал өсіру, өсімін молайту (мал басын ұлғайту), бордақылау және өнім алу мақсатында жылқы шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру; - Өсіру, өсімін молайту (мал басын ұлғайту) және өнім алу мақсатында қой шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру; - Өсіру, өсімін молайту (мал басын ұлғайту), бордақылау және өнім алу мақсатында құс шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру; - Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне микрокредит беру-Негізгі және айналым қаражатын сатып алу үшін; - Жылыжайларды салу және оларға қызмет көрсету үшін микрокредиттер беру; - Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тауарларды өндіру, өңдеу қайта өңдеу бағыты бойынша микрокредиттер; - Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу станцияларын ашу, кеңейту және жаңғырту үшін микрокредиттер беру; - Басқа бизнес-жобаларға микрокредиттер беру. Келесі мақсаттарға қаржыландыруға тыйым салынады: 1. Тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшыларға арналған уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен); 2. бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар); 3. қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу; 4. ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту; 5. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты; 6. акцизделетін тауарлар/өнімдер шығару; 7. кредиторлық берешекті өтеуге 8. бизнесті жүргізумен байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттар.

    Жарияланды: