Польша Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі

    Елшілік туралы

    Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіз!

    Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 6 сәуірінде орнатылған.

    Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі 2000 жылғы қазанында ашылған.

    Н.Ә. Жалғасбаев 2025 жылдың сәуірінен бастап ҚР Польшадағы Елшісі болып тағайындалды.

    Елшіліктің негізгі міндеттері:

    - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;

    - Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Польша Республикасындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау;

    - Қазақстан Республикасының Польшамен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Польша Республикасымен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;

    - Қазақстан Республикасының Польша Республикасымен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;

    - консулдық қызмет;

    - өзге де міндеттер.

    Польшаның Краков, Гданьск, Вроцлав, Катовице және Белосток қалаларында Қазақстан Республикасының бес Құрметті консулдықтары қызмет етуде.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Жаһандық инвестиция бойынша қазақстандық дөңгелек үстелі (KGIR-2024)

    2024 жылдың 1 қарашасында Астана қаласында «The Ritz Carlton Astana» қонақ үйінде (Достық к., 16) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы Бектеновтың төрағалығымен Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) өтеді. Дөңгелек үстелге 500-ден астам әлемнің түкпір-түкпірінен, жетекші халықаралық компаниялардың, отандық бизнес өкілдері, инвесторлар, сарапшылар және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысады. Форумның негізгі тақырыптары әлемдік нарықтардағы ағымдағы үрдістер мен олардың инвестициялық стратегияларға әсері, сондай-ақ халықаралық капиталды тартудың негізгі факторы ретінде инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне арналған. Пленарлық отырыс барысында қатысушылар жаһандық сын-қатерлер мен жылдам өзгеретін жаһандық ландшафтта тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің стратегиялық тәсілдерін талқылайды. KGIR-2023 халықаралық және отандық бизнес көшбасшылары арасында пікір алмасу, сондай-ақ жаңа іскерлік байланыстарды орнату үшін бірегей платформаны ұсынады. Іс-шараға қатысу үшін www.kgir.kz сайтында алдын ала тіркелу қажет

    15 қазан 2024 ж.Тікелей