Қызметкерлер — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы маслихат аппараты

    Түркістан облысы Қазығұрт ауданы маслихат аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Қалымбетов Тайбек Әділбекұлы
    Төраға

    Қалымбетов Тайбек Әділбекұлы

    Қазығұрт аудандық мәслихатының төрағасы

    Туылған күні: 11.11.1963 ж. Туған жері: Шымкент облысы, Ленин ауданы, Қаратас селосы. Білімі: Жоғары. Оқу орнының атауы: Алматы архитектура құрылыс институты (1989 ж.) - Құрылыс инженері.

    Омаров Болат Аманбайулы
    Аппарат басшысы

    Омаров Болат Аманбайулы

    Аппарат басшысы

    Омаров Болат Аманбайұлы 1972 жылғы 06 желтоқсанда Шымкент облысы, Ленгір ауданы, Подгорное селосында туылды. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Ленгір қаласындағы «Жібек ЛТД» ЖШС–де маман болып бастап, кейінгі жылдары кәсіпкерлік саласында еңбек етті. 2012-2017 жж - Қазығұрт аудандық мәслихаты аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы; 2017 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді. «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазығұрт ауданына 90 жыл» мерекелік медальдарымен және Түркістан облыстық мәслихатының, Қазығұрт ауданының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Отбасылы, жұбайы екеуі 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде

    Басқа қызметкерлер

    22
    Абдикулов Болат Абжаппарович
    Бөлім басшысы

    Абдикулов Болат Абжаппарович

    Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы

    Мен Абдикулов Болат Абжаппараович Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында 1971 жылы 05 ақпанда дүниеге келдім. Білімім жоғары, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік уневирситетін тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 2006 жылы бітірдім. Еңбек жолын 1990 жылы Ленин аудандық өндірістік жол учаскесінде жұмысшы болып бастадым. 1990-1992 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында қызмет еттім. 1992-1993 жылдары «Мирас» еншілес кәсіпорнында товаровед, 1993-1994 жылдары «Шымыр» коммерциялық дүкенінде сатушы, 1994-1995 жылдары «Марат» шаруа шаруашылығында төраға, 1995-1996 Қазығұрт аудандық су жүйелері басқармасында су мұрабы, 1996-1998 жылдары «Батырбек» шаруа шаруашылығында есепші, 1999-2001 жылдары «Отан» РСП Қазығұрт аудандық филиалының есеп секторының референті, 2003-2004 жылдары «Біржолғы талондар беру орталығы» мекемесінде маман қызметтерін атқардым. 2004 жылдан Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратында компьютер операторы, 2006 жылы 18 қыркүйектен Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің жетекші маманы, 2009 жылдың 19 қаңтарынан тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маманы қызметтерін атқардым. 2017 жылдың 25 тамызынан бастап Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келемін. «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазығұрт ауданына 90 жыл» мерекелік медальдарымен және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен, Қазығұрт ауданының грамотасымен марапатталғанмын. Отбасылымын, жұбайым Кенжебекова Гульнара Сапаралиевна. Жанұямызда 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеудеміз. Б.Абдикулов 06.03.2020 жыл

    Амақұлов Аблай Әбубәкірұлы
    Бас маман

    Амақұлов Аблай Әбубәкірұлы

    Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маманы

    Мен, Аманқұлов Аблай Әбубәкірұлы 1991 жылы 11 желтоқсанда Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекенінде дүниеге келдім. 1998 жылы Өгем бастауыш мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып 2002 жылы бастауыш мектепті бітірдім. 2002 жылдың қыркүйегінен 2009 жылы Сабыр Рахимов атындағы жалпы орта мектебін бітірдім. 2009 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне түсіп 2013 жылы агроинженерия баклавр мамандығын бітірдім. Еңбек жолымды 2015 жылыдың қазанынан 2015 жылдың желтоқсаны аралығында Қазығұрт ауыл округі әкімі аппаратының жетекші маман қызметін атқардым. 2016 – 2017 жылдары Қазығұрт аудандық ішкі саяасат бөлімінің инспекторы, 2017 мамыры 2017 жылдың қазаны айларында Қызылқия ауылы округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметін атқардым. 2017 жылдың қазанынан бастап Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маман қызметін атқарып келемін. Отбасылымын. Жұбайым Бейсекеева Назира Алиқызы «Әсем» балабақшасының тәрбиешісі. Бір қыз үш ұл тәрбиелеудеміз.

    Керимкулов Марат Абдикалыкович
    Бас маман

    Керимкулов Марат Абдикалыкович

    Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының бас маманы

    Мен, Керимкулов Марат Абдикалыкович 07 тамыз 1978 жылы қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде дүниеге келдім. Ленин атындағы жалпы орта мектебін 1995 жылы бітіріп, Алматы қаласындағы технология және бизнес институтына түстім. Аталған институтты 1999 жылы экономист мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Еңбек жолымды 1999 жылы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде «Тулпар» ЖШС есепші болып бастадым. 2002-2005 жылдары Қазығұрт аудандық білім беру бөлімінде және Шолпан бала-бақшасында есепші қызметін атқардым. 2005 жылдан Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратында бас маман-есепші қызметін атқарып келемін. «Нұр Отан» партиясының мүшесімін. «Қазығұрт ауданына 90 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалдарымен және Қазығұрт ауданының грамотасымен марапатталғанмын. Жұбайым Карабаева Акмарал Асиловна бастауыш сынып мұғалімі. Жұбайымен бірге 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, өсіріп отырмыз. М. Керимкулов