
Абдикулов Болат Абжаппарович
Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Мен Абдикулов Болат Абжаппараович Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында 1971 жылы 05 ақпанда дүниеге келдім.
Білімім жоғары, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік уневирситетін тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 2006 жылы бітірдім.
Еңбек жолын 1990 жылы Ленин аудандық өндірістік жол учаскесінде жұмысшы болып бастадым.
1990-1992 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында қызмет еттім.
1992-1993 жылдары «Мирас» еншілес кәсіпорнында товаровед, 1993-1994 жылдары «Шымыр» коммерциялық дүкенінде сатушы, 1994-1995 жылдары «Марат» шаруа шаруашылығында төраға, 1995-1996 Қазығұрт аудандық су жүйелері басқармасында су мұрабы, 1996-1998 жылдары «Батырбек» шаруа шаруашылығында есепші, 1999-2001 жылдары «Отан» РСП Қазығұрт аудандық филиалының есеп секторының референті, 2003-2004 жылдары «Біржолғы талондар беру орталығы» мекемесінде маман қызметтерін атқардым.
2004 жылдан Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратында компьютер операторы,
2006 жылы 18 қыркүйектен Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің жетекші маманы, 2009 жылдың 19 қаңтарынан тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маманы қызметтерін атқардым.
2017 жылдың 25 тамызынан бастап Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келемін.
«Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазығұрт ауданына 90 жыл» мерекелік медальдарымен және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен, Қазығұрт ауданының грамотасымен марапатталғанмын.
Отбасылымын, жұбайым Кенжебекова Гульнара Сапаралиевна. Жанұямызда 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеудеміз.
Б.Абдикулов 06.03.2020 жыл





