
Керимкулов Марат Абдикалыкович
Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының бас маман-есепші
Өмірбаян
Мен, Керимкулов Марат Абдикалыкович 07 тамыз 1978 жылы қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде дүниеге келдім. Ленин атындағы жалпы орта мектебін 1995 жылы бітіріп, Алматы қаласындағы технология және бизнес институтына түстім. Аталған институтты 1999 жылы экономист мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
Еңбек жолымды 1999 жылы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде «Тулпар» ЖШС есепші болып бастадым.
2002-2005 жылдары Қазығұрт аудандық білім беру бөлімінде және Шолпан бала-бақшасында есепші қызметін атқардым.
2005 жылдан Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратында бас маман-есепші қызметін атқарып келемін.
«Нұр Отан» партиясының мүшесімін.
«Қазығұрт ауданына 90 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалдарымен және Қазығұрт ауданының грамотасымен марапатталғанмын.
Жұбайым Карабаева Акмарал Асиловна бастауыш сынып мұғалімі. Жұбайымен бірге 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, өсіріп отырмыз.
М. Керимкулов





