Қызметкерлер — Ақсу қалалық мәслихаты

    Ақсу қалалық мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Қабиденова Назгүл Елубайқызы
    Аппарат басшысы

    Қабиденова Назгүл Елубайқызы

    Ақсу қалалық мәслихат аппаратының басшысы

    Ақсу қалалық мәслихат аппаратының басшысы, 1981 ж. 17.04.туған, қазақ, “АMANAT” партиясының мүшесі, тұрғылықты жері -Ақсу қаласы. Мемлекеттік қызмет өтілі 20 жылдан астам. Жұмыс телефоны 8 (71837) 5-07-91. Жұмыс орны № 311 кабинет.

    Омарғалиев Мәдениет Қабылдаұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Омарғалиев Мәдениет Қабылдаұлы

    Мәслихат төрағасы

    1961 жылы 5 қыркүйекте Павлодар ауданы, Восточное ауылында туған. Білімі- жоғары. Ұлты-қазақ. Еңбек жолын Павлодар алюминий зауытында токарь болып бастаған. 1985-1989 жылдар аралығында Қ.Камзин атындағы совхоздың комсомол комитетінің хатшысы, Ермак қаласының ЛКСМ қалалық комитетінің екінші, бірінші хатшысы, партия комитетінің хатшысы, Райспецхоз бірлестігінің өндірістік бөлімі директорының орынбасары, партияның қалалық комитеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1991 жылдан бастап түрлі әкімшілік лауазымдарды қызмет етті, оның ішінде Павлодар облысы, Ақсу қаласының қалалық әкімшілігі басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Ақсу қаласы әкімінің істерін басқарушы лауазымдарында қызмет етті. 2003 жылдан бастап III-VI шақырылған Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы. Үйленген, үш баласы, немерелері бар.

    Басқа қызметкерлер

    5
    Ахмечанова Айжан Жолдаспекқызы
    Бас маман

    Ахмечанова Айжан Жолдаспекқызы

    Бас маман (кадр бойынша)

    Бас маман (кадр бойынша), 02.02.1986 жылы туған, қазақ. Жұмыс өтілі 10 жыл. Рабочий телефон 8 (71837) 5-07-91. Кабинет № 312

    Бас маман

    Даутова Жангуль Зейнураиновна

    Бас маман (заңгер)

    21.10.1981 жылы туған, ұлты – қазақ. Мемлекеттік қызмет өтілі 23 жылдан асады. Жұмыс телефоны: 8 (71837) 6-27-96. Кабинеті: 312.

    Мақанова Мадина Шаматайқызы
    Бас маман

    Мақанова Мадина Шаматайқызы

    Бас маман ( іс қағаздарын жүргізуші)

    Бас маман ( іс қағаздарын жүргізуші ) , 1966 ж. 22.03.туған, қазақ, “АMANAT” партиясының мүшесіы. Мемлекеттік қызмет өтілі 20 жылдан астам. Жұмыс телефоны 8 (71837) 6-27-96 Жұмыс орны № 312 кабинет

    Дүкеева Әсем Мұханғалиқызы
    Бөлім басшысы

    Дүкеева Әсем Мұханғалиқызы

    Депутаттармен жұмыс бөлімінің басшысы

    Депутаттармен жұмыс бөлімінің басшысы, 30.07.1980 жылы туған, қазақ. Мемлекеттік қызмет өтілі 7 жылдан астам. Жұмыс телефоны 8(71837) 63334 Жұмыс орны № 314 кабинет

    Ақанов Ринат Асқарұлы
    Мәслихат депутат

    Ақанов Ринат Асқарұлы

    Депутат

    Ақанов Ринат Асқарұлы, қазақ, 1990 жылы 9 қаңтарда Алтай аймағы, Борла ауданы, Новопесчаное ауылында дүниеге келген. Кейін отбасымен Павлодар облысы, Ақсу қаласына көшіп келген. 1997 жылы Ақсу қаласының №1 орта мектебінің бірінші сыныбына барып, кейін Павлодар қаласының №17 орта мектебін тәмәмдаған. 2008 жылы мектепті аяқтағаннан кейін келісімшарт бойынша «Қазхром» АҚ-ның Ақсу ферроқорытпа зауытында теміржолшы, «Қазақстан алюминийі» АҚ-да «Тарлан Секьюрити» ЖШС-де бақылаушы болып жұмыс істеген. Сонымен бірге, Инновациялық Университет жанындағы Екібастұз колледжіне түсіп, 2012 жылы оның заң факультетін бітірген.Ақсу қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жастар іс-тәжірибесі арқылы «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің әдіскері болып жұмыс істеді. Сол жылдың желтоқсанында «Павлодар қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасы» РММ-не мемлекеттік қызметке орналасты. Кейін кәсіпкерлік саласына ауысты. 2017 жылдан «KazAsiaInvest» ЖШС директоры.Үйленген.