
Ақанов Ринат Асқарұлы
Депутат
Өмірбаян
Ақанов Ринат Асқарұлы, қазақ, 1990 жылы 9 қаңтарда Алтай аймағы, Борла ауданы, Новопесчаное ауылында дүниеге келген. Кейін отбасымен Павлодар облысы, Ақсу қаласына көшіп келген.
1997 жылы Ақсу қаласының №1 орта мектебінің бірінші сыныбына барып, кейін Павлодар қаласының №17 орта мектебін тәмәмдаған.
2008 жылы мектепті аяқтағаннан кейін келісімшарт бойынша «Қазхром» АҚ-ның Ақсу ферроқорытпа зауытында теміржолшы, «Қазақстан алюминийі» АҚ-да «Тарлан Секьюрити» ЖШС-де бақылаушы болып жұмыс істеген. Сонымен бірге, Инновациялық Университет жанындағы Екібастұз колледжіне түсіп, 2012 жылы оның заң факультетін бітірген.Ақсу қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жастар іс-тәжірибесі арқылы «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің әдіскері болып жұмыс істеді.
Сол жылдың желтоқсанында «Павлодар қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасы» РММ-не мемлекеттік қызметке орналасты.
Кейін кәсіпкерлік саласына ауысты. 2017 жылдан «KazAsiaInvest» ЖШС директоры.Үйленген.


