Омарғалиев Мәдениет Қабылдаұлы

    Мәслихат төрағасы

    Омарғалиев Мәдениет Қабылдаұлы
    Председатель маслихата

    Омарғалиев Мәдениет Қабылдаұлы

    Мәслихат төрағасы

    Өмірбаян

    1961 жылы 5 қыркүйекте Павлодар ауданы, Восточное ауылында туған. Білімі- жоғары. Ұлты-қазақ.

    Еңбек жолын Павлодар алюминий зауытында токарь болып бастаған.

    1985-1989 жылдар аралығында Қ.Камзин атындағы совхоздың комсомол комитетінің хатшысы, Ермак қаласының ЛКСМ қалалық комитетінің екінші, бірінші хатшысы, партия комитетінің хатшысы, Райспецхоз бірлестігінің өндірістік бөлімі директорының орынбасары, партияның қалалық комитеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

    1991 жылдан бастап түрлі әкімшілік лауазымдарды қызмет етті, оның ішінде Павлодар облысы, Ақсу қаласының қалалық әкімшілігі басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Ақсу қаласы әкімінің істерін басқарушы лауазымдарында қызмет етті.

    2003 жылдан бастап III-VI шақырылған Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы.

    Үйленген, үш баласы, немерелері бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері