Құрылым — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Дін істері комитеті

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – Комитет) діни қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Комитет, егер оған Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    din
    Жастар және отбасы істері комитеті

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті 2018 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы. Комитет миссиясы мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру және тиімді іске асыру. Комитет міндеттері: 1) мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруға қатысу; 2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

    fam
    Азаматтық қоғам істері комитеті

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті

    «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствасы өзіне жүктелген функцияларды іске асыратын мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар беруді, волонтерлық қызметі, қоғамдық кеңестер қызметі, қайырымдылық, медиация және ішкі саясат тұрақтылық салаларында басшылықты жүзеге асырады. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында ашылатын есеп шоттары болады. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

    akk
    Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті

    «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік этносаралық саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы.

    etnic
    Ақпарат комитеті

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті

    Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің реттеушілік, іске асырушылық, бақылау функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің ақпарат саласындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы. Ақпарат комитетінің миссиясы ақпараттық коммуникациялық кешенді дамыту мақсатында ақпарат саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу. Комитет міндеті: 1) Бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; 2) телерадио хабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

    inf
    Мәдениет комитеті

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті

    «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мәдениет, тарихи – мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография және ономастика салаларында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитет егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Төрағаның немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды. Комитеттің құрылымын Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі бекітеді. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    culture
    Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті

    «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Комитет мемлекеттік мекеме түріндегі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға саналады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер заңнамаға сәйкес, осыған уәкілеттік берілген болса Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен Төрағаның немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды. Комитеттің құрылымын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі бекітеді.

    archive