Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті

    Жалпы ақпарат

    «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствасы өзіне жүктелген функцияларды іске асыратын мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар беруді, волонтерлық қызметі, қоғамдық кеңестер қызметі, қайырымдылық, медиация және ішкі саясат тұрақтылық салаларында басшылықты жүзеге асырады.

    Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында ашылатын есеп шоттары болады.

    Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

    Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

    Бұйрық

    2026 жылға үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар бағыттарының қосымша тізбесін бекіту туралы

    2026 жылға үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар бағыттарының қосымша тізбесін бекіту туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    Жарияланды: