Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті

    Комитет туралы

    Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің реттеушілік, іске асырушылық, бақылау функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің ақпарат саласындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы.

    Ақпарат комитетінің миссиясы ақпараттық коммуникациялық кешенді дамыту мақсатында ақпарат саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу.

    Комитет міндеті:

    1) Бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

    2) телерадио хабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    ОТАУ ТВ жерсеріктік желісі бойынша телеарнаны қалай таратуға болады?

    Жауап

    «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-VI Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабыныңn 4) тармақшасына сәйкес еркін қолжетімді теле-, радиоарна дегеніміз – көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарататын теле-, радиоарна. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) , теле-, радиокомпаниялардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуді Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады. Бұдан басқа, үміткерлердің тақырыптық бағыты мен жанрлық арақатынасы, меншікті теле-, радиобағдарламаларының, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияның көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орташа тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті жеңімпаздарды анықтау кезіндегі іріктеу критерийлері болып табылады. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырылатындықтан, телеарна заңнаманың тиісті нормаларын сақтаған жағдайда Конкурсқа қатыса алады. Қағидалардың 6-тармағына сәйкес, Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында жарияланатынын қосымша хабарлаймыз.

    ·
    Тізбе

    Шетелдік БАҚ

    Жарияланды:
    Тізбе

    БАҚ тізімі

    Жарияланды: