Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) өз құзыреті шегінде облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік реттеу және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қызылорда облысы әкімдігімен өкілеттік берілген облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

    ОтырысАяқталды

    Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы интернет-ресурстар арқылы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2026 жылғы «12» қараша күні 2027 жылға шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Конкурсқа 2014 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағымен анықталған біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар жіберіледі. Тасымалдаушы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін тендерді ұйымдастырушының мекенжайына бекітілген конвертте тапсырады. Ұйымдастырушының мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1, 443 кабинет Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 9 қараша 12:00 сағатқа дейін. Тендерлік өтінімдермен пакеттерді ашу: 2026 жылғы 12 қараша 15:00 сағатта Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1, 443 кабинет мекенжайы бойынша өткізіледі. Тендерлік құжаттар пакеті https://www.gov.kz/org/kyzylorda-transport?lang=kk сайтында орналастырылған. Кепілдік қаржылық өтінімді аудару үшін тендерді ұйымдастырушының реквизиттері: «Қызылорда облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 БСН 990740000504 БСК KKMFKZ2A ЖСК KZ56070502268201001 «ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті» РММ Анықтама үшін телефондар: 8 (7242) 60 54 77 Скачать перечень документов

    29 қазан 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Неліктен кейбір жолдар республикалық, ал кейбірі облыстық маңызы бар?

    Жауап

    Автомобиль жолдары олардың көліктік маңызына, елді мекендер менәкімшілікаумақтарды байланыстыру ерекшеліктеріне және қолданыстағызаңнамада белгіленген талаптарға сәйкес тиісті санаттарға бөлінеді.

    Сұрақ

    Облыс аумағындағы ауданаралық автобус маршруттарының қозғалыс кестесі сақталмаған жағдайда қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Ауданаралық автобус маршруттарының қозғалыс кестесі сақталмаған, рейс орындалмаған немесе жолаушыларға қызмет көрсету сапасына қатысты мәселе туындаған жағдайда Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өтініш беруге болады. Өтініште маршруттың атауын, автобус бағытын, оқиға болған күн мен уақытты көрсету ұсынылады.

    Сұрақ

    Қоғамдық көлік қызметіне қатысты шағымды қайда беруге болады?

    Жауап

    Автобустардың қозғалыс кестесін сақтамауы, жүргізушілердің қызмет көрсету мәдениеті, тасымалдау талаптарының бұзылуы және басқа да мәселелер бойынша маршруттың түріне қарай тиісті жергілікті атқарушы органға өтініш беруге болады. Өтінішті e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы да жолдауға болады.

    Сұрақ

    Ауданаралық автобус маршруттарын кім ұйымдастырады?

    Жауап

    Қызылорда облысының аумағындағы ауданаралық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тиісті құзырет шегінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушылар маршруттарға заңнамада белгіленген тәртіппен тартылады және жолаушылар тасымалы белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылады.

    Сұрақ

    Әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттары не үшін субсидияланады?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын субсидиялау халық үшін тұрақты көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Субсидиялау қолданыстағы заңнамаға және белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

    Сұрақ

    Жаңа автобус маршрутын ашу немесе қолданыстағы маршрутты өзгерту қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Жаңа маршруттарды ашу немесе қолданыстағы маршруттардың қозғалыс сызбасын өзгерту тұрғындардың қажеттілігі, жолаушылар ағыны, жол инфрақұрылымының жағдайы және қолданыстағы заңнама талаптары ескеріле отырып қарастырылады. Маршруттың санатына қарай мәселені тиісті жергілікті атқарушы орган қарайды.

    Шешім

    Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша № 2 ХАТТАМА

    Қызылорда қаласы27.11.2026 жыл. Конкурстық комиссия: Р. Ибрагим – комиссия төрағасының орынбасары; С. Бекішев, А. Рахымжанова, Т. Кумарбаев - комиссия мүшелері Конкурсқа қатысу барысында №1 лот тұрақты ауданаралық № 6843/6844 «Қызылорда – Бесарық» теміржол маршруты бойынша құжаттар ұсынылды. Конкурсқа қатысуға өтінім берген тасымалдаушы мекеме (бір қатысушы) «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы №113 бұйрығының(бұдан әрі – Бұйрық)56-тармағына(Тендерге қатысуға бір ғана тасымалдаушы жіберілгендіктен комиссия тендерді өтпеді деп таныйды)сәйкес, ауданаралық №1 лот тұрақты ауданаралық № 6843/6844 «Қызылорда – Бесарық» теміржол маршруты конкурсы өтпеді деп танылды. Бұйрықтың 6-тармағына сәйкес, жоғарыда аталған маршруттарға конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарына қайта жариялансын. Қағиданың 39-тармағына сәйкес тендерді ұйымдастырушы тарапынан вагондардың тендерлік өтінімінде тасымалдаушы ұсынған құжаттардың сәйкестігіне жүргізілген зерттеп қарау актісінің сілтемесі:https://www.gov.kz/org/kyzylorda-transport?lang=kk Ж. Сыздықов(уақытша еңбекке жарамсыз) Р. Ибрагим С. Бекішев А. Рахымжанова Т. Кумарбаев М. Әлмаханов

    Жарияланды:
    Шешім

    Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендерге ұсынылған өтінімдер салынған конверттерді ашудың №1 ХАТТАМАСЫ

    Қызылорда қаласы 12.11.2026 жыл. Конкурстық комиссия: Р. Ибрагим – комиссия төрағасының орынбасары;С. Бекішев, А. Рахымжанова, Т. Кумарбаев - комиссия мүшелері Конкурсқа қатысу барысында №1 лот тұрақты ауданаралық № 6843/6844 «Қызылорда – Бесарық» теміржол маршруты бойынша құжаттар ұсынылды.Конкурсқа қатысуға өтінім берген тасымалдаушы мекеме (бір қатысушы) «Жолаушылар тасымалы» АҚ.Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы №113 бұйрығына сәйкес №1 лот бойынша тиісті құжаттар толық ұсынылды.

    Жарияланды:
    Шешім

    Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 6-1-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелікон күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасыАты-жөні Қызылорда облыстық мәслихатының 2026 жылғы ________ № _________ шешіміне қосымша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары 1- тарау Жалпы ережелер 1. Қызылорда облысында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының6-бабының6-1-тармағы негізіндеәзірленді. 2. Қағида Қазақстан Республикасының«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі(бұдан әрі – Кодекс) негізінде ұсталған автомобиль көлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді (бұдан әрі – көлік құралы, кеме) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – Жергілікті атқарушы органдар) шешімімен құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарғажеткізу (эвакуациялау), есепке алу және уақытша сақтау тәртібін реттейді. 2-тарау. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды ұйымдастыру және уақытша сақтау тәртібі 3. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізуді (эвакуациялауды) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 797-бабының екінші бөлігінде көзделген уәкілетті лауазымды тұлғалар ұстап қалу себептері жойылғанға дейін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда орналастыру арқылы жүзеге асырады. 4. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау) автомобиль көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді кемені пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 5. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау) алдында уәкілетті тұлға автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің физикалық (нақты) жай-күйіне тексеру жүргізіп, барысы мен нәтижелерін тіркеудің бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, оның жай-күйін қабылдау-беру актісінде тіркейді. 6. Жеткізілген (эвакуацияланған) автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені есепке алуды ұйымдастыру: 1. жеткізу (эвакуациялау) күні мен уақытын; 2. көлік құралының маркасын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бар болған жағдайда); 3. ұстап қалу себептерін; 4. жеткізуді (эвакуациялауды) жүзеге асырған уәкілетті тұлға туралы мәліметтерін; 5. автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің физикалық (нақты) жай-күйі туралы мәліметтерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады. 6. Жеткізілген (эвакуацияланған) автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені есепке алуды ұйымдастыру: 1. жеткізу (эвакуациялау) күні мен уақытын; 2. көлік құралының маркасын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бар болған жағдайда); 3. ұстап қалу себептерін; 4. жеткізуді (эвакуациялауды) жүзеге асырған уәкілетті тұлға туралы мәліметтерін; 5. автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің физикалық (нақты) жай-күйі туралы мәліметтерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады. 6-1. Жеткізілген (эвакуацияланған) автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені есепке алу қағаз және (немесе) электрондық түрде жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша ұсталған автомобиль көлік құралы, кемелер, оның ішінде шағын көлемді кемелер жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауға жатады. 8. Арнайы алаңға немесе тұраққа автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені қабылдау кезінде жауапты тұлға қарап тексеруді жүргізеді және қабылдау-беру актісінде көрсетілген физикалық (нақты) жай-күйін растайды. 9. Автомобиль көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің қабылдау-беру актісінде көрсетілмеген не қолданылған ғылыми-техникалық тіркеу құралдарының нәтижелерінде болмаған сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, нақты жай-күйін анықтаған сәйкессіздіктер туралы мәліметтер қабылдау-беру актісіне қосымша енгізіледі. 10. Автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады. 11. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарды немесе тұрақтарды ұстау және пайдалану жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 30 сәуірдегі №80 қаулысына сәйкес бекітілген бюджеттік паспорты

    2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік паспорты Құрметті сайт қонақтары! Сіздердің назарларыңызға "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Басқарма) бюджетінің негізгі параметрлері бойынша ақпарат ұсынылады . Басқарманың бюджеті «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 199 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №233 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2026 жылдың 30 сәуірдегі №80 қаулысына сәйкес бекітілген.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 3 сәуірдегі №60 қаулысына сәйкес бекітілген бюджеттік паспорты

    2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік паспорты Құрметті сайт қонақтары! Сіздердің назарларыңызға "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Басқарма) бюджетінің негізгі параметрлері бойынша ақпарат ұсынылады . Басқарманың бюджеті «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 199 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №233 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2026 жылдың 3 сәуірдегі №60 қаулысына сәйкес бекітілген.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    268 - Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бюджеттік бағдарламаларының игерілуі

    268 - Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бюджеттік бағдарламаларының игерілуі ББӘ Шығыстардың атауы Бір жылға арналған қаржылық жоспар Есепті мерзімге жоспар Игерілуі 31.05.26ж. % Игерілмеген қаржы Қабыл-н мінд-лер 001 015 Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 155 843,0 75 372,3 74 748,3 99,2 624,0 74 748,3 002 Көлік инфрақұрылымын дамыту 5 874 726,5 1 146 155,0 1 146 155,0 300,0 0,0 3 696 086,9 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 874 726,5 1 146 155,0 1 146 155,0 300,0 0,0 3 696 086,9 431 Жаңа объектілерді салу және қолдағы объектілерді реконструкциялау 2 239 194,9 755 915,6 755 915,6 100,0 0,0 2 239 041,8 Қазалы ауданының адандық маңызы бар "Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Каукей" автомобиль жолының 16 км Қарлан учаскесінен Сырдария өзені арқылы көпір өткелін салу 2 210 799,0 727 672,7 727 672,7 100,0 0,0 2 210 798,9 Қызылорда қаласындағы Сыздық каналындағы көпірді қайта жаңғырту» Жылу 21 ЖШС 28 395,9 28 242,9 28 242,9 100,0 0,0 28 242,9 432 Жолдар салу 3 635 531,6 390 239,4 390 239,4 200,0 0,0 1 457 045,1 Шиелі ауданындағы "Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған" 6,0 км облыстық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту Орда автодор ЖШС 45 248,0 39 068,9 39 068,9 100,0 0,0 39 068,8 Жаңақорған ауданындағы "Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған" 11,2 км облыстық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту Мерси ТОО 1 203 465,0 351 170,5 351 170,5 100,0 0,0 1 203 839,4 "Қызылорда қаласында Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол өтпесін салу" 216137 0,0 214 136,9 Қызылорда қаласы кіре берістегі аркадан М.Саламатов көшесіне дейін Марал Ишан - К.Маханбетов - Тәуелсіздіктің-25 жылдығы - И.Журба көшелерін реконструкциялау 2 068 365,6 Қазалы ауданының «Әйтеке би - Қазалы» аудандық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау 102 316,0 0,0 025 Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу 3 355 010,0 1 461 507,6 1 461 507,5 100,0 0,1 3 336 364,5 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 355 010,0 1 461 507,6 1 461 507,5 100,0 0,1 3 336 364,5 422 Жолдарды күрделі жөндеу 905 568,0 566 215,9 566 215,8 0,1 905 567,9 «Арал ауданындағы «Самара-Шымкент- Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» (42-68 км) облыстық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеу» 905 568,0 566 215,9 566 215,8 100,0 0,1 905 567,9 421 Жайларды ғимараттарды, құрылыстарды беру кондырғылардың күрделі жөндеу 2 449 442,0 895 291,7 895 291,7 100,0 0,0 2 430 796,6 Қармақшы ауданының «Жалағаш-Жосалы» облыстық маңызы бар автомобиль жолындағы ТЖ арқылы өтетін 46км жол өтпесін күрделі жөндеу 1 211 738,0 282 978,9 282 978,9 100,0 0,0 1 211 737,6 Сырдария ауданындағы "Қызылорда - Жалағаш" облыстық маңызы бар автомобиль жолының 47,9 км көпірін күрделі жөндеу 651 343,0 372 304,3 372 304,3 100,0 0,0 632 686,5 Жалағаш ауданындағы "Қызылорда - Жалағаш" облыстық маңызы бар автомобиль жолының 70,05 км көпірін күрделі жөндеу 586 361,0 240 008,5 240 008,5 100,0 0,0 586 372,5 003 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 578 586,0 136 172,0 136 172,0 100,0 0,0 555 491,4 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 578 586,0 136 172,0 136 172,0 100,0 0,0 555 491,4 159 Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу 578 586,0 136 172,0 136 172,0 100,0 0,0 555 491,4 005 Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау 205 997,0 62 000,5 61 999,6 100,0 0,9 61 999,6 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 205 997,0 62 000,5 61 999,6 100,0 0,9 61 999,6 312 Мемлекеттік кәсіпорындар болып табылмайтын заңды тұлғаларға субсидиялар субсидиялар 205 997,0 62 000,5 61 999,6 100,0 0,9 61 999,6 Бесарық - Қызылорда 181 307,0 58 196,1 58 196,1 100,0 0,0 58 196,1 11 әлеуметтік маңызы бар маршруттар 24 690,0 3 804,4 3 803,5 100,0 0,9 3 803,5 113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер ОБ 12 890 580,3 6 111 281,3 6 111 281,3 100,0 0,0 6 111 281,3 114 Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері РБ ОБ 12 585 972,6 7 253 802,4 7 253 802,4 100,0 0,0 7 253 802,4 Жиыны 35 646 715,4 16 246 291,1 16 245 666,1 100,0 625,0 21 089 774,4 Басқарма бойынша 10 170 162,5 2 881 207,4 2 880 582,4 100,0 625,0 7 724 690,7

    Жарияланды: