Қоғамдық көлік қызметіне қатысты шағымды қайда беруге болады?
Автобустардың қозғалыс кестесін сақтамауы, жүргізушілердің қызмет көрсету мәдениеті, тасымалдау талаптарының бұзылуы және басқа да мәселелер бойынша маршруттың түріне қарай тиісті жергілікті атқарушы органға өтініш беруге болады. Өтінішті e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы да жолдауға болады.