Облыс аумағындағы ауданаралық автобус маршруттарының қозғалыс кестесі сақталмаған жағдайда қайда жүгінуге болады?
Ауданаралық автобус маршруттарының қозғалыс кестесі сақталмаған, рейс орындалмаған немесе жолаушыларға қызмет көрсету сапасына қатысты мәселе туындаған жағдайда Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өтініш беруге болады. Өтініште маршруттың атауын, автобус бағытын, оқиға болған күн мен уақытты көрсету ұсынылады.