
Мухамеджанова Дана Борашевна
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
1977 жылы 26 ақпанда Қарағанды қаласында туылған, білімі жоғары экономикалық, 1997 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификаттары, CIPFA халықаралық сертификаты бар.








