Бектұрова Менсұлу Хабиболақызы

    Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

    Бектұрова Менсұлу Хабиболақызы
    Руководитель отдела

    Бектұрова Менсұлу Хабиболақызы

    Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    Бектұрова Менсұлу Хабиболақызы 1966 жылы 9 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген, екі жоғары білімі бар: экономикалық және заңгерлік.

    Мансап

    Еңбек жолын Қарағанды медицина училищесінің, Қазақстан ЛКЖО Совет аудандық комитетінің БЛКЖО мүшелерін есепке алу секторының меңгерушісі қызметінен бастады, жергілікті атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде, Қарағанды облыстық мәслихатының тексеру комиссиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2011 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында жұмыс істейді, 2017 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың қаңтарынан дейін сапаны бақылау бөлімінің басшысы - мемлекеттік аудитор лауазымында қызмет атқарды.

    Мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификаттарына ие.

    «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің мерейтойлық медалімен марапатталған.

    Қарағанды облыстық мәслихатының ІХ сессиясының 2023 жылғы 22 қарашадағы шешімімен 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері