Төленова Гүлмира Мұхитқызы

    Тексеру комиссиясының мүшесі

    Төленова Гүлмира Мұхитқызы
    Заместитель Председателя

    Төленова Гүлмира Мұхитқызы

    Тексеру комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    Төленова Гүлмира Мұхитқызы 1972 жылы 20 шілдеде Сәтбаев қаласында дүниеге келген, екі жоғары білімі бар: экономикалық және заңгерлік.

    Еңбек жолын 1993 жылы Жезқазған қаласы бойынша комитет бөлімшесінің шаруашылық органдары бөлімінің, Жезқазған облысы бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы мемлекеттік қаржылық бақылау Комитеті басқармасының аға бақылаушы - тексерушісі болып бастады, онда 1997 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс жалғастырды.

    1997-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жұмыс істеді.

    2017 жылдың 26 сәуірінен бастап Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясына экономика дамуына мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы - мемлекеттік аудиторы болып жұмысқа қабылданды.

    2019 жылдың қаңтарында экономика дамуына мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудиторы лауазымына тағайындалды.

    2024 жылдың қаңтарынан бастап маусым аралығында №2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудиторы лауазымында. қызмет атқарды.

    Мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификаттарына ие.

    Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ведомстволық «Қаржы сақшысы» медалімен марапатталған.

    Қарағанды облыстық мәслихатының ХІV сессиясының 2024 жылғы 25 cәуірдегі шешімімен 2024 жылдың 11 маусымынан бастап Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері