Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті

    Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Жүсіпов Абай Қуатбайұлы
    Төраға

    Жүсіпов Абай Қуатбайұлы

    ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы

    Арнайы атағы – полиция полковнигі. 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2002 жылы – М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2024 жылы – Ресей ІІМ Басқару академиясын бітірген. II дәрежелі «Айбын» (2021) орденімен, I (2026), II (2019) және III (2014) дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған

    Әбдікенов Елдар Әбдікенұлы
    Төрағаның орынбасары

    Әбдікенов Елдар Әбдікенұлы

    ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары

    Арнайы атағы – полиция полковнигі Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын, Орталық Азия университетін, Каспий қоғамдық университетін бітірген. Заң ғылымдарының магистрі II дәрежелі «Айбын» орденімен (2026), «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2026), «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» (2015) медалімен марапатталған

    Әлжанов Қуандық Жәнібекұлы
    Төрағаның орынбасары

    Әлжанов Қуандық Жәнібекұлы

    ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары

    Арнайы атағы – полиция полковнигі. 2000 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2020 жылы Орталық Қазақстан академиясын аяқтаған. Құқықтану ғылымдарының магистрі дәрежесі бар. II дәрежелі «Айбын» орденімен (2026), І (2019), II (2012) және III (2006) дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған

    Басқа қызметкерлер

    7
    Бастық

    Гасизов Рустам Ахметжанұлы

    Бесінші басқарма бастығы (есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және қылмыстық топтарды ажырату жөніндегі)

    Басшының орынбасары

    Ильиных Сергей Сергеевич

    Екінші басқарма бастығының орынбасары (есірткі қылмысы профилактикасын және ведомствоаралық үйлестіруді ұйымдастыру)