
Әбдікенов Елдар Әбдікенұлы
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі
Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын, Орталық Азия университетін, Каспий қоғамдық университетін бітірген. Заң ғылымдарының магистрі
II дәрежелі «Айбын» орденімен (2026), «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2026), «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» (2015) медалімен марапатталған
2004-2009 жылдары ішкі істер органдарында түрлі жедел лауазымдарда қызмет атқарды.
2009-2012 жылдары – Алматы облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бөлімінің бастығы.
2012-2014 жылдары – ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі.
2014-2018 жылдары – Алматы облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы.
2018-2019 жылдары – Алматы облысы ПД Қапшағай қаласы полиция бөлімінің бастығы.
2019 жылы – Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2019-2022 жылдары – Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2022 жылы – Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2022-2025 жылдары – Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2025 жылдың ақпанынан бастап – Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
2025 жылғы қазаннан бастап – ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары.

